Биылғы жылы Республикалық маңызы бар қалалардың үшеуіне де жаңа әкімдер келді. Олардың біреуі өзін көрсете білді және тіпті ду қол шапалаққа ие болды, ал біреуі тек ағыс бойынша, ол оны «қазына аралына» шығарады деген үмітпен жүзе беруді қалайды. Олардың алғашқы қадамдары мен жаңадан ғана қалыптаса бастаған бейнелерін бағалауға тырысып көрейік.
Бақытжан Сағынтаев: екі оттың арасында
Осыдан үш ай бұрын бұрынғы премьер-министр және президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның ең күрделі қаласы Алматыны басқарды. Бақытжан Әбдірұлының өңірді (Павлодар облысын) басқаруда ұзақ тәжірибесі болғанына қарамастан, бұл кадрлық шешім бір мағыналы қабылданған жоқ. Бір жағынан оның себебі, Павлодар жерінде жұмыс істеген кезінде ол барлық ықтимал рейтингтерде соңғы орындарға ие болды, ал аймақ оның кезінде бизнесті дамыту және инвестиция тарту бойынша аутсайдерлердің арасында болған. Сонымен қатар әкімінің кейбір бастамалары да естен тандыратын еді: мысалы, облыстың суармалы ауыл шаруашылығы жерлерін қытайлықтарға жалға беру жөніндегі ұсынысы еске түседі...
Дегенмен, алматылықтар, орталықта негізгі лауазымдарда жеті жыл жұмыс істегені Бақытжан Әбдірұлы үшін нәтижесіз өтпеген болар деп есептей отырып, оған аванс ретінде үлкен сенім несиесін берді. Алайда, тіпті осындай «бонусы» болған жағдайда да Сағынтаевқа оңтүстік астанада оңай емес екендігі анық. Себебі әкімге өз ізашарлары жиі жай ғана жалтыратып қойған мегаполистің көптеген созылмалы мәселелерін шешіп қана қоймай, сондай-ақ тұрақты түрде баланс іздеумен айналысуға тура келеді. Қала тұрғындарының жоғары азаматтық белсенділігінің салдарынан олардың ортасында бір-бірімен қақтығысқа кіретін және өздеріне неғұрлым көбірек игіліктерді талап ететін көптеген «мүдделер топтары» қалыптасты. Және олар үшін ортақ бөлгіш табу алматылық қала басшыларының бірде-біреуінің қолынан келмегендігінің куәсі ретінде әкімдердің қызметін бағалаудағы қарама-қайшылықтарды атап өтуге болады. Сағынтаев осы мағынада ережеден тыс бола алады ма екен?
Ол, әрине, келе салысымен осындай тәуекелдерді барынша азайтуға тырысып, Алматы қаласындағы миссиясын бірден қалалықтарға бейне үндеулерден, ҮЕҰ өкілдерімен және әр ауданның тұрғындарымен кездесулерден, әлеуметтік желілер арқылы халықпен байланыс арналарын құрудан бастады. Барлық жағынан дұрыс көзқарас. Бірақ ол Бақытжан Әбдірұлы популистік шаралар шеңберінен шықпағанша ғана (бизнеске әлеуметтік жауапты болуға шақыру, кеуіп кеткен арықтарға су жіберу және т.б.) жұмыс істеді. Ол нақты қадамдарға кіріскен кезде (әл-Фараби даңғылындағы шекті жылдамдық деңгейін арттыру, веложолдардың санын қысқарту және автокөлік тұрақтарына арналған орындарды ұлғайту), алматылықтардың алдында оның артықшылығы мен минустары өлшенетін таразы шайқала бастады.
Қала тұрғындарының кейбіреулері әлеуметтік желілерде оның бастамаларын белсенді қолдайды: «Жасалған қателіктерді мойындай білуге баға жетпес! Шағын бизнес пен қалалықтардың басқа категорияларының құқығын бұзатын сәнді жаңашылдықтарды қорғаудағы табандылықтан гөрі, қателерді түзету әлде қайда арзан. Лондонда, айтпақшы, велосипед жолдарын шамадан тыс жасағандарын мойындады. Ештеңе емес, тізе шаштарын жұлмай, оны түзетіп жатыр». Ал басқалары олардан да белсенді түрде: «Байбек қаланы лайықты көрініске әкелген еді, енді оны бұрынғы қалпына қайтарады»; «Ескі дәуірде шыңдалған адам, замандас емес, 4-5 жылдан кейін жаңа әкімге Сағынтаевтың жасаған ботқасын жөнге келтіруге тура келеді» – деп сынға алады.
Бақытжан Әбдірұлы, абырой болғанда, қоғамдық пікірдегі мұндай құбылысқа ерекше назар аудармайды және өзі дауыстап айтқан міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жолымен сенімді түрде қозғалады, сонымен қатар өзінің көптеген бастамаларының іске асырылуын өзі бақылай отырып, оның ізашарлары қойған жаһандық мақсаттарды ашық түрде жойып тастамайды. Сағынтаевтың басқаруы кезінде Алматы біртіндеп өмір сүруге қолайлы, бизнес үшін перспективалы және коммуникация тұрғысынан ыңғайлы мегаполиске айналып келе жатқан бұрынғы траекториясы бойынша дамитын болады. Иә, бұл жоспарға қала орталығы мен оның шеттерінің дамуындағы сәйкессіздікті жою қажеттігінен туындаған жаңа штрихтер енгізіледі (әкімдікте «Жаңа Алматы» стратегиясы әзірленуде), бірақ жалпы тұжырымдама сақталатын болады. Осының барлығы Бақытжан Әбдірұлына құрмет әкеле отырып, ол үшін осы лауазымдағы жақсы перспективалар туралы айтады.
Дегенмен, барлығы да дәл осылай есептемейді. Мысалы, блогер Ерлан Тәжібаев «Фейсбуктегі» өз парақшасында осы жағдайға күтпеген ракурстан қарады. Өткен жылдың күзінде мәжіліс депутаттары Сағынтаевқа, премьер-министр ретінде, Шемалған стансасының өткелінде (жақында адам құрбандарына әкелген автобус пен пойыз соқтығысқан жерде) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды өтінген жөніндегі ақпаратты негізденіп отырып, келесі сүрақ қояды: «Ол тіпті премьер болған кезінде, өкілеттіктері көп жерде, азаматтардың өзекті мәселелерін шеше алмаған болса, біз одан Алматы әкімі лауазымында не күтеміз»? Және іс жүзінде оған: «Жезөкшелер мен велосипедшілер жоқ жерде – бұл оған қатысты емес»… – деп өзі жауап берді.
Көп адамдар мұндай пікірмен келіспеді, олар Сағынтаевқа жаңа қызметке бейімделуге және өзін-өзі көрсетуге уақыт беріп, содан кейін қандай да бір тұжырымдар мен болжамдар жасау керек деп есептейді. Бірақ блогердің айтқаны да дұрыс деп қарауға болады. Бақытжан Әбдірұлының оңтүстік астана әкімі лауазымындағы қызметі атомдар мен молекулаларға оның басқа аймақтардағы әріптестерінің жұмысынан гөрі көбірек талданатын болады, өйткені Алматы қаласына алып келген оның иығындағы сөмкесі тым елеулі лауазымдар мен регалияларға толы.
Алайда, үш ай ішінде оның шеткері орналасқан проблемалы аудандардың бірін, атап айтқанда Алатау ауданын, үш рет тексеріп, әр жолы оның тұрғындарымен кездесіп, жаңа мәселелерді көтергені көп нәрсені айтады. Әкімнің халықпен, ҮЕҰ өкілдерімен тұрақты кездесулерінің нәтижелерін қолмен ұстап көруге болады – бір жерде көше жарығы мен скверлер пайда болып жатыр, бір жерде су құбырларын сала бастады…
Және мұндай бірізділік, жүйелілік байқалмай қалуы мүмкін емес. Мысалы, қала басшысы лауазымында жұмыс істеген бірінші айдың қорытындысы бойынша Сағынтаев ай сайын «Медиалық технологиялар орталығының» аналитикалық қызметі құрайтын рейтингте өңірлер басшыларының «топ-5» қатарына кірді.
Алтай Көлгінов: «комсомолшы-батыр»
Жақында елорданы басқарған Алтай Көлгінов сарапшылар тарапынан онша жоғары бағаланбайды. Оның да өңірде жұмыс тәжірибесі бар – ол Батыс Қазақстан облысын басқарған болатын. Жаман емес басқарған сияқты, өйткені бір кезде Республикалық газеттердің бірі оны тіпті «жыл әкімі» деп танығаны бар. Алайда, астаналық қала басшысы ретінде ол Батыс Қазақстан облысындағы сияқты әсерлі болып көріне алмай жүр. Бәлкім, оның басына түскен жауапкершілік ауқымы тым үлкен ауыртпалық әкелген шығар.
Әрине, Күлгінов мәртебеге сай болуға тырысады, тұрғындарды тұрақты түрде қабылдайды, қаланың проблемалық нысандарын аралап тұрады, елорда тұрғындарын әлеуметтік желілерде белсенді түрде оған жүгінуге шақыра отырып өзінің ашықтығын барынша көрсетеді. Бірақ, өкінішке орай, әзірге барлығы нашар түсірілген кинодағыдай болуда. Танымал блогер Аида Джексен өзінің Telegram-арнасында: «Алтай Күлгінотің парақшасын оқып отырып таң қаламын: батыста білім алған жас адам соншама көп кеңестік номенклатураға тән нәрселерді қайдан алады?... Ол туралы посттарда канцеляризмдер Чернобыльдегі радиация сияқты шектен шығып жатады. Нұр-Сұлтан әкіміне баяндалды. Алтай Көлгінов маңызды екенін атап өтті. Әкімді ақпараттандырды. Алтай Көлгінов баса назар аударды. Алтай Көлгінов тапсырды. Әкім ерекше назар аударды... Алтай Көлгінов facebook – «Қызыл жұмысшы» қабырға газеті деп ойлайды ма, ал ол өзінің ауылдағы сүт саудың қаншалықты өскенін көтеріңкі көңілмен айтып беретін комсомолшы-батырмын деп ойлайды ма?».
Қалай да болмасын, блогер дәл айтты, әсіресе «Қызыл жұмысшы» жөнінде. Білмейтіндерге мұндай салыстыру біртүрлі оғаш болып көрінуі мүмкін. Бірақ Алтай Көлгіновтың командасы шын мәнінде өз патронын кеңес дәуірінің динозавры ретінде ұсынғанды ұнатады. Ол Батыс Қазақстанда әкім болған кезінде жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілер одан да экстравагантты мағынасы бар хабарларға толы болатын: «Батыс Қазақстан облысының әкімі, қолына құрал алып, Березовка тұрғындарының қоныс аударуын тездетуді шешті», «БҚО әкімі жеке өзі 50 центнер астық жинады», «БҚО әкімі Алтай Көлгінов ардагерлерге арнап күй орындады», «БҚО әкімі турникте тартылды»…
Дегенмен, елорда тұрғындары, олардың әлеуметтік желілердегі қала басшысының аккаунттарында қалдырған пікірлері бойынша, оған төзімді қарайды. Алтай Көлгінов бір кезде келесі президент болатынына деген батыл үміттерді және алғыс сөздерді жиі кездестіруге болады. Айтпақшы, бұл ой бұрыннан халық арасына жылжытылып келе жатыр. Оның авторы кім екен деп болжауға тырыспаймыз, бірақ Алтай Көлгінов БҚО әкімі болып жүрген кезінде осы ойды ақсақалдар айтқан болатын…
Оның елорда әкімі лауазымындағы нақты перспективаларына келетін болсақ, олар тұманды және көп жағдайда Нұр-Сұлтан үшін маңызды мәселелерді шешуді қаншалықты табысты орындайтынына (немесе Күлгіновтың кейбір ізашарлары сияқты қаншалықты ұзақ уақытқа соза алатынына) байланысты. Ал бұл LRT құрылысы, нөсерлі кәріз жүйесінің құрылысы, ұзақ уақытқа созылған құрылыстарды аяқтау, мектептердегі үш ауысымды оқытуды жою... Және, әрине, Алтай Сейдірұлының болашағы оның әзірге өз ықпалын сақтап отырған «протекторының» позицияларына байланысты.…
Ерлан Айтаханов: футлярдағы әкім
Екі ай бойы Республикалық маңызы бар тағы бір қаланың – Шымкент қаласының әкімі лауазымын, Габидулла Абдрахимовты ауыстырған Ерлан Айтаханов алып отыр. Бірақ әзірше ол тіпті өзінің ізашары аясында да өте «бозғылт» көрінеді. Сарапшылар атап өткендей, «бүгінгі күні Ерлан Айтаханов күшті және батыл басшы болып көрінбейді». Және негізінде, жаңа қала басшысы темір қолмен қатаң басқаруға талпынысына қарамастан, мұндай қорытындылармен келіспеу қиын.
Айтаханов басқа әкімдер-«дебютанттардың» маңдайларын жарған қателіктерді жасап отыр. Мақтау мен жазалауды шебер меңгерген тәжірибелі аймақ басшыларына еліктеуге тырысып бұл үшін қажетті саяси салмақ болмаған жағдайда олардың әдісін көшіріп алуға әрекет жасау – сәтсіздікке ұшырататын іс-әрекет. Дегенмен, біреудің қателіктерінен ешкім үйренбейді деп бекер айтылмаған. Шымкент қаласының жаңа әкімі де олардан сабақ алмайды. Бұл туралы кем дегенде БАҚ хабарламалары бойынша да айтуға болады: «Қала басшысы бюджетті жоспарлау кезінде жергілікті атқарушы билік органдарының бірқатар қателіктерін сынға алды», «Ол коммуналдық қызметтердің жұмысына жауапты мамандарды қатты сынға алды»…
Қалған жағынан Ерлан Айтаханов жаңа лауазымында өте шаблонды түрде қозғалып келеді. Мүмкін, егер ол өзінің көшбасшылық қасиеттерін (олар бар болған жағдайда) ашуға қабілетті неғұрлым тиімді команда қалыптастыра алса, онда бүгін ол туралы біздің әңгімеміз неғұрлым маңызды болар еді. Ал қазір... Қала басшысының баспасөз қызметі берген кеңес дәуіріндегі үздік дәстүрлерінде жазылған есептер оның қандай екенін түсінуге мүмкіндік бермей, оған тіпті жабықтық қосады.
Дегенмен, кейбір нәрселер туралы пікір білдіре аламыз. Ерлан Айтаханов күнде халықтың мәселелерін шешуге дайын екендігін мәлімдейді. «Азаматтардың мәселелерін шешу қала әкімінің жеке бақылауында болады», – деп сенімді түрде хабарлайды оның командасы. Іс жүзінде болса... Қыркүйек айының басында мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары, айдың ортасында көп балалы аналар қалалық басшының қабылдауына кіруге тырысқан еді. Бірақ Айтахановтың өзі кездесуге сол қалпы уақыт таппады. Шынында да, шымкенттік оқушылар жасаған және мемлекеттік органдарда халыққа қызмет көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін роботпен сөйлесу әлде қайда көңілге жағымды емес пе. Дәл осындай робот әкімінің қабылдау бөлмесінде болса ғой, немесе тіпті оның кабинетінде…