Сенбі, 31 қазан 2020 ЖЫЛЫ
5294 30-09-2019, 12:57

Қазақстанның мәдени құлдырауы: тоннельдің соңында жарық бар ма екен?

Әдебиетте де, классикалық музыкада да, кинематографияда да тәуелсіздік жылдары кезінде Қазақстанда бүкіл әлемге әйгілі болатындай ештеңе пайда болған жоқ. Және, сарапшылардың пікірінше, таяу болашақта пайда болуы екіталай. Бұл үрдісті өзгертуге болады ма деген тақырып бойынша біз өнертану докторы, академиялық профессор Гүлзада Омаровамен әңгімелесеміз.

- Гүлзада Нұрпейісқызы, қалыптасқан жағдайды сіз қалай түсіндіре аласыз? Бәлкім, мәселе біздің мәдениеттегі жетістіктеріміз аз танытылып жатқанында шығар?

- Менің ойымша, өткен ғасырдың соңында тәуелсіз болған барлық елдердің азаматтары өздеріне осындай сұрақ қоя алады. Мәселе егемендікке қол жеткізу постиндустриялық дәуірге тура келгенінде: бір жағынан, тарихтың жаңа кезеңінде біз тәуелсіздік алған сияқтымыз, ал екінші жағынан, жаһандық экономикаға, жаһандық мәдениетке, өнерге, білімге интеграциялану қажет болды... Сіз мұнда қандай байланыс бар? – деп сұрайтын боларсыз. Тікелей байланыс бар деп жауап беремін. «Темір шымылдықты» алып тастай отырып, біз бүкіл әлемге ашылып, нарық және бәсекелестік заңдары бойынша өмір сүре бастадық және жаһандық әлемге бет бұра отырып, батыс өркениетінің поезына «секіріп шығуға» тырысып жатырмыз – ал бұл поезд үлкен жылдамдықпен алға жылжып барады…

Қазір біз осы өркениетте ең бастысы материалдық-техникалық сала басым екенін жақсы түсінеміз және оның қарқынды дамуы жағдайында базалық мәдениет құндылығының екінші орынға сырылып қалғанын жақсы түсініп отырмыз. Немесе «материалданған» мәдениетке тартыла отырып, осы құндылықтар сатып алу-сату және тауар-ақша қатынастарының объектісіне айналып кетеді – адамның рухани қызметі де коммерцияланады!

Мінеки, біреу біздің базалық-мәдени түсініктеріміз бойынша құнды деп есептелетін (бұл фильм болсын, опера болсын немесе көркемсүрет болсын) шедевр жасады деп елестетіп көрейік... Ал осы туынды немесе оны шығарушы адам (бізде нағыз шығармашылық қабілеті адамдардар бар екеніне мен сенімдімін) көрерменге немесе тыңдаушыға жол табуы үшін, продюсер, пиар, «танымалды етіп жасау» қажет, бұл нәрселер өз кезегінде елеулі қаржылық салымсыз мүмкін емес. Яғни, өнер туындысы бүгінгі кезде чипсылар, кроссовкалар, гаджеттер, жиһаз және т. б. сияқты тауар болып табылады. Бұл нарық!..

Ал мемлекеттің бұл жерде ешқандай қатысты жоқ сияқты. Неліктен? – деп сұрайсыз сіз. Өйткені егер КСРО-да нақты идеология (коммунистік) болса, қазір ол идеология қандай екенін және оған сәйкес қоғам тарапынан қолдауды қажет ететін мәдениетте не нәрсе құнды болып табылатынын айту қиын. Әлемдік әмбебап немесе жаһандық өлшем бойынша емес, ең алдымен, біздің мемлекеттікіміздің өлшемі бойынша құнды болып есептелетін нәрсе, өйткені біз өзімізді әлемдік экономиканың, саясаттың, мәдениеттің дербес субъектісі ретінде ұстанамыз емеспе... Яғни сіздің сұрағыңызға мен мынадай жауап бере аламын: бізге «бүкіл әлемге танымал болу» қиын, өйткені біз бәсекеге қабілетсізбіз, ал бәсекеге қабілетсіз болатынымыздың себебі – біздің аяғымыздың астында ешқандай топырақ жоқ...

- Қазақстанның әлемдік аренада танымалдығының өсуінде актриса Самал Еслямова мен әнші Димаш Құдайберген үлкен рөл атқарды. Бірақ егер ойланып қарайтын болсақ, бұл елдің мәдени деңгейі туралы айтуға болатын жетістіктер емес. Қанша дегенмен, Самал ең үзгі әйел рөлі үшін Канн фестивалінің жүлдесін ресейлік режиссердің киносында ойнап ұтып алды, ал Димаш – көбінесе шоу-бизнес саласынан эстрадалық әнші болып табылады. Әлде мен қателесіп отырмын ба?

- Самалдың да, Димаштың да мысалдар мен алдыңда айтқанымды тағы да дәлелдейді. Ия, егер ресейлік фильм болмаса, онда бұл актрисаның бар екенін ешкім білмей қалуы мүмкін еді. Дәл солай, егер қытайлық «I am a Singer» болмаса, Димаш қай кезде бүкіл әлемге танымал болатыны белгісіз. Бірақ, кез келген жағдайда, тіпті өте талантты адамдарға да өз елінде, әсіресе одан тыс жерлерде өз бетінше жол тауып өзін таныту өте қиын.

Біздің қоғамның мәдени деңгейіне қатысты айтатын болсақ… Иә, шоу-бизнес те оны сипаттайды, сондықтан неліктен бізге сол Димаштың мысалында одан әрі сөйлесуді жалғастырмасқа? Кезекті «Жаңа толқыннан» кейін әлемдік танымалдыққа ие болу үшін осындай ерекше әнші ҚАЙДА «негізделенуі» тиіс деген даулар (passione) өрби түсті. Мен белгілі бір ортада қазақстандық және ресейлік шоу-бизнесте Димашты «бір жерге» (ең жақсысы тұрақты тұруға) жіберу ниеті бар деген ойдамын. Бұл Батыс па немесе Шығыс па – маңызды емес, тек алыстау жіберілсе болғаны... «Ол бүкіл әлемге танымал болуы үшін», – дейді «мейірімшілік білдіргіш жандар». Бірақ мәселе оның танымал болып үлгердендігінде, өйткені мен айтып өткендей, біздің ақпараттық дәуірімізде бұл әлем мүлдем ашық болды.

Димаш пен оның репертуары поп- және жалпы масс-мәдениет шеңберінен алыс шығатыны анық. Вокалдық мүмкіндіктері, білімі, кәсіпқойлық деңгейі оған «жеңіл» музыканың әр түрлі бағыттарын ғана емес, тіпті классикалық кроссоверді (Андреа Бочелли немесе Сара Брайтманның мысалдарындағыдай), сондай-ақ опералық әндерді де меңгеруге мүмкіндік береді.

Жалпы, соңғы жарты ғасыр бойы эстрадалық музыканы жаңарту, байыту оған ұлттық колоритті енгізу арқылы ғана емес, сондай-ақ жеке орындаушылардың шығармашылығы арқылы жүзеге асырылды, олар өздерінің ерекше вокалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып және орындаудың ерекше мәнерімен, жеке харизмамен ұштастыра отырып, осы жанрда кейбір революция жасаған еді. Муслим Магомаевті, Алла Пугачеваны атау жеткілікті. Қазақстанда Роза Рымбаевадан басқа осындай әншілер болған жоқ.

Тәуелсіздік алғаннан кейін бізде «жеңіл» музыкада айтарлықтай кері қайту орын алды. Әр жақтан пайда болған композиторлар  еуропалық музыканың бұрыннан, тіпті кеңес дәуіріндегі эстрада кезінен белгілі «үш аккордын» жаппай пайдаланыла бастады. Бұл «тойға» арналған заманауи әндерінің музыкалық бөлігіне қатысты. Ал олардың мәтіндері, сирек кездесетін жақсы өлеңдерді қоспағанда, тіпті естен тандырады! Біздің бай, мәнерлі және бейнелі тіліміз – ұлы жыраулар мен ақындардың, Абай мен Мұқағалидің тілі – не нәрсеге айналып жатқанын көру жүректі ауыртады. Ал осы көріксіз фонның аясында Димаштың жұлдызы көтеріліліп, жарқырай бастады, ол өз шығармашылығымен біздің эстраданың түкке тұрмайтындығын анықтады. Оны тыңдай отырып, адамдар  біртүрлі «биікке көтерілді», сондықтан бұл олардың талғамының өзгереуіне, тиісінше Қазақстандағы жеңіл музыкаға деген қарым-қатынасты өзгеретініне үміт береді. 

- Мүмкін, бізде жоғары өнердің дамымаған себебі адамдар бүгінде көбінесе материалдық сипаттағы проблемаларға алаңдаулы болғанында шығар? Біздің отандастарымыз, әсіресе жастар, аз оқып, театрларға және көрмелерге азырақ бара бастады... Ал, егер оларға қызығушылық танытатын адамдар аз болса, әдемі нәрселерді жасағанның мәні қандай? Және мұның қандай қәуіптері бар?

– Бүгінгі күні материалдық проблемаларға алаңдаушылық және рухани мүдделердің жоқтығы – ұқсас дәрежедегі заттар... Шынын айтсақ, әрбір әлеуметтік қабаттыңда осы материалдық алаңдаушылығының себептері өзіне тән: біреулер тапқан ашаларын керекті нәрселерге зорға жеткізеді, ал кейбіреулер қазіргі заманғы тұтынушылықтың құрбанына айналды: менде неғұрлым көп нәрсе болған сайын, соғұрлым көбірек заттар болғанын қалаймын… 

Өзіміздің жеке даму векторымыздың болмауы идеология мен рухани саласындағы бос құыстарға әкеліп соқты, ол бүгінде Батыстың бұқаралық мәдениетімен және Шығыстың ортодоксалды исламымен толтырылып жатыр. Мысалы, біздің қоғамымызға масскульттің ешбір шектеусіз экспансиясының тікелей нәтижесі – халықтың үлкен бөлігінің мүдделері эстрадалық жанрдан әрі, атап айтқанда, қазіргі заманғы қазақ попсасынан әрі қарай созылмайды. Мәдени бос уақыт (ауылда да, қалада да) осы попсаны тыңдаумен және соның ырғағына билеумен шектелетін қазақстандықтардың үшінші буыны өсіп келе жатыр. Бізде тіпті мектептер мен балабақшаларда осындай музыка деп аталатын нәрселер естіліп жатады, ал кейде балалар үлкендерге еліктеп, балалардың (!) іс-шараларында қазіргі заманғы қазақ эстрадасының «опустарын» орындайды.

- Адамды өнерді күштеп жақсы көргізу мүмкін емес екені түсінікті, оны тек қызықтыруға болады. Осыған байланысты басты сұрақ: мұны қалай жасауға болады? Шын мәнінде, Қазақстанда көптеген мәдени іс-шаралар, әсіресе қандай да бір маңызды даталар мен себептер шеңберінде, өткізіледі, бірақ көбінесе олардың нағыз мәдениетпен ешқандай байланысы жоқ болып табылады. Біздің мемлекет классикалық музыкаға, көркемсуретке, әдебиетке қарағанда шоу-бизнесті көбірек қолдайтынын сезінеді. Керісінше болуы тиіс емес пе? Мүмкін, ақыр соңында, акценттерді ауыстыру керек шығар? 

- Түсінбейтін нәрсені қалай жақсы көруге болады? Яғни, бірінші кезекте бұл өнерді қабылдау – төмен сапалы өнерді емес, өйткені оны түсінудің қажеті жоқ, жоғары сапалы өнерді қабылдау мәселесі. Әрине, бізде отандық және әлемдік мәдениеттің шедеврлерін бағалайтын білімді адамдар бар. Бірақ, өкінішке орай, олар аз, ал олардың бар болғанында біздің мемлекетіміздің ешқандай еңбегі жоқ екеніне сенімді болыңыз. Мәдени адамды тәрбиелеу мемлекеттің басымдықтарына кірмейтін болғандықтан – бұл әр азаматтың жеке ісі. Сондықтан да жоғары өнер сұранысқа ие емес: ол тек қоғамның білімді бөлігіне ғана тән, бірақ ешбір жағдайда массаларға лайықты нәрсе емес. 

Ал көпшілік үшін бізде «мәдени іс-шаралар» – кейде ауқымды және шығынды (бір-ақ рет өтетін, мәдениетке бөлінген көп ақшаны бірден жұмсай салуға болатын) акциялар бар. Бұл шенеуніктер үшін өте ыңғайлы: халықтың мәдени ағартушылығының қиын мәселелеріне бас қатырып ойланудың қажеті жоқ. Бір сөзбен айтқанда, ақша бөлінеді, бірақ ол қалай жұмсалғаны, шынын айтқанда, ешкімде де қызығушылық тудырмайды. 

Не істеуіміз керек?.. Мемлекет өкілдері жоғарыда аталған «мәдени іс-шараларға» белсене қатысатын шоу-бизнесті емес, халықтың жақсы талғамын қалыптастыратын, бұқаралық жоғары мәдениетті көтеретін маңызды жанрларды қолдап отыруы керек. Былай қарағанда бәрі түсінікті сияқты. Бірақ, өкінішке орай, уақыт жіберіліп қалды, сондықтан бүгін эрзац-мәдениет, немесе, бір кезде Досым Сатпаев айтқандай, культур-мультур гүлденіп өсіп жатыр. Айтпақшы, ол «меценаттыққа мәжбүрлеу» (батыс елдеріндегі сияқты) туралы идеяны ұсынды Алайда, біздің өмір шындығымызға қарайтын болсақ, алдымен көрермендерді концерт залдарына, театрларға және галереяларға қайтару үшін біраз жұмыс істеу керек.

Ал мәдениетті адамды қалай тәрбиелеуге болады? Бұл жерде идеологияны, білімді, мәдениетті қамтитын, мұқият ойластырылған мемлекеттік саясат негізге алынуы тиіс жүйелі және болашаққа бағытталған тынымсыз жұмыс қажет. 

- Қазақстан мәдениеті қазіргі әлемде бәсекеге қабілетті бола ала ма?

- Мен осы мәселе бойынша өз ой-пікірлерімді бір кезде сіздің басылымға берген сұхбатымда айтқан болатынмын. Бұл салада бәсекеге қабілетті болу, басқа мәдениеттерге ерімеу, ассимилденбеу (басқаларға ұқсас болып қалмау) қабілетін білдіреді. Сен басқа біреудің жасағанын көшірмей немесе қайталамай (біз оны өте табысты істеп жатырмыз), ал өзіңнің мәдени имиджіңді (бейнеңді) жасауға тиіссің. Өйткені барлығында Қытай, Жапония, Үндістан, Иран және басқа да шығыс елдерінің ұлттық және рухани дәстүрлері туралы түсінік бар. Ал Қазақстанға қатысты олар қандай болып табылады? Бұл сұрақты біздің азаматтарымызға қойыңыздаршы, сонда 90 проценті оған және көптеген басқа да мәдениетке қатысты сұрақтарға жауап бере алмайды деп сенімдімін.

Сонымен қатар, біздің бай мәдени игілігіміз (қазақтарда ол бірінші кезекте көшпенділердің мәдениетімен байланысты) ұлттың шынайы рухани жаңғыруының негізі бола алатын өзегі болып табылады. Мұнда әңгіме тек қазақтар туралы ғана болып отырған жоқ. Өйткені Қазақстанда тұратын этностардың көпшілігі – бұл ортақ тамырларды біріктіретін Еуразия халықтары. 

Әзірше, түсінікті мемлекеттік мәдени саясаттың болмауы жағдайында және бірінші кезекке тұтыну сұранысы шыққан жағдайда, тіпті шынайы шығармашылық қабілеті бар адамдарға да жаппай мәдениет деңгейіне төмендей түсуге тура келеді, өйткені «ақшаны кім төлесе, музыкаға тапсырысты сол береді». Және бұл жағдайда руханилықтың өзі, шын мәнінде, элитарийлердің қажеттіліне айналады, бұл менің ойымша, жоғарыда айтылған мәдени ассимиляциямен қауіпті.

 

Комментарии