Өткен демалыс күндері маған бір жарияланымға сілтеме жіберілген еді, ол нағыз қазақ әйелінің сұлулығы мен нәзіктігін бейнелейтін автордың фотосуретімен сүйемелденген. Кейін белгілі болғандай, ол ең танымал қазақ тілді блогерлердің «топ-10» құрамына кіріп, бұрын «Хабар» агенттігінде журналист болып және «Қазақстан» телерадиокорпорациясында аналитик (!) болып жұмыс істеген екен.
Өтірік неғұрлым ғажап болған сайын…
Бірақ adyrna.kz («Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің интернет-басылымы) сайтында орналастырылған мәтіннің бірінші жолдарын оқығаннан-ақ адамның сыртқы келбеті мүлдем алдамшы жағдай екені анық болды. Ағымдағы жылдың 29 тамыз күні жарияланған мақала (оның атауын «Қазақтар – орыстар үшін жаратылған ұлт» деуге болады) мынадай сөздермен басталады: «Әлі «тірі» екенсіңдер ғой… Билік берсе, 86-дағыдай әлі де басымызды күрекпен шабуға дайын екенсіңдер» (?!). Менің ойымша, авторға қатысты 174-мен ҚР Қылмыстық кодексінің бабын қолдануға болады. Ол өзі мұны түсінбейді ме?
Интернетте одан әрі іздестірулер өткен жылдың соңында «Фейсбукте» орналастырылған постқа әкелді. Ол сөздер осылай басталады: «Шовинистер... Әлі «тірі» екенсіңдер ғой… және т.б. Бұл жәйт істі аз да болса өзгертеді. Бірақ неліктен adyrna.kz «шовинистер» деген жүгіну сөзін (ол сөз болмаған кезде мәтін бүкіл этносқа ксенофобия сіңдірілген наразылық тәрізді қабылданады) алып тастады? Күштірек әсер үшін бе?
Дегенмен, «түпнұсқаға» қарағанда, автор Д. Е. баяғы ұлтшыл-популист болып шықты. Ол тек «шовинистерге» ғана емес, жалпы орыстарға да, олар бұны оқымайтынын жақсы түсіне отырып, наразылықтарды қазақ тілінде айтады. Бірақ оның белгілі бағдардағы ұлттастары оқиды, сол кезде олардың арасында ол тағы бір рет патриот және ұлттық мүдделердің қорғаушысы атанады, солардың алдында өз «қоғамдық пікір көшбасшысының» мәртебесін нығайтады. Ал оның «тезистері» қаншалықты дәлелденгені жөнінде бұл жұртшылық ерекше алаңдамайды.
Мінеки, автор қазақтар өз еліндегі саны бойынша екінші этносқа ұсынған «артықшылықтарды» атап өтеді. Бұл ретте қайдан алынғаны белгісіз фактілерді/цифрларды Адольф Алоизовичтың «Майн кампф» деп аталатын еңбегінде тұжырымдалған «өтірік неғұрлым ғажап болған сайын оған көбірек сенеді» деген белгілі қағиданы басшылыққа ала отырып колданған көрінеді. Өздеріңіз ойланып көріңіздерші.
Д. Е. былай деп жазады: «Сендер үшін бүкіл ТВ мен газеттің жартысы орысша шығады». Кімдер қалай да болмасын, ал бірақ телевизияда жұмыс істеген ол «ҚР-дағы телерадио хабарларын тарату туралы» Заңда: «Қазақ тіліндегі теле -, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі уақыт бойынша басқа тілдердегі теле -, радиобағдарламалардың жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс» деп жазылғанын білуге міндетті. Сондықтан, қазақ тіліндегі хабар тарату үлесі 50 проценттен артық болуы мүмкін, бірақ кем болмауы тиіс, ал тиісті мемлекеттік органдар бұны қатаң қадағалайды. Сондай-ақ Қазақстанда тек орыс тілінде хабар тарататын бірде-бір телеарна жоқ екенін (бұған заң жол бермейді), ал таза қазақ тілінде хабар тарататын телеарналар бар екенін Д. Е. білу керек. Олардың бірі – бас мемлекеттік арна болып саналатын және республикалық бюджеттен Ақпараттық мемлекеттік тапсырысты орналастыруға бөлінетін қаражаттың едәуір бөлігін алатын, аттас телерадиокорпорацияның (ТРК) флагманы «Qazaqstan» телеарнасы. Тағы біреуі – бір жыл бұрын құрылған және ТРК «отбасының» құрамына кіретін «Тамаша» телеарнасы. Яғни, мемлекет тек қазақ тілді телеарналарды ғана ақшалай қамтамасыз етеді, ал қалғандарының барлығынан кем дегенде 50 проценттік мөлшерде қазақ тілінде хабар таратуды талап етеді. Мұнда қандай шағымдар мен реніш болуы мүмкін? Д. Е. Қазақстанда «барлық ТВ орысша шығады» дегенді қайдан алды?
«Сендер үшін қазақ сайттарынан гөрі орыс сайттарына ақша он есе көп бөлінеді». – деп жалғастырды ол. Бұл ретте ол кімнен бөлінетінін нақтылауды «ұмытады». Егер ол жеке тұлғалар болса, онда бұл олардың құқығы, және қазақ бизнесмендеріне өз тіліндегі сайттардың таралуына қаражат салуға ешкім кедергі келтірмейді. Егер сөз мемлекеттік қаржыландыру туралы болып отырса, онда мұндай ауытқулар жай ғана мүмкін емес – әйтпесе барлық бюджеттік шығыстарды бекітетін парламент депутаттары (олардың ішінде ұлттық интеллигенция өкілдері көп), бұл мәселені баяғыда көтерген болатын еді. Керісінше, қазақ тілді интернет-басылымдарды дамытуға басымдық беріледі, бұл жалпы алғанда, түсінікті. Мысалы, олар үшін жеке республикалық конкурстар өткізіледі (2015 жылы – бейінді министрлік, 2018 жылы – ҚР тұңғыш президентінің Қоры және т.б.), ал таза орыс тілді интернет-басылымдар үшін олар ұйымдастырылмайды. Бірақ жалпы алғанда, қазақ сайттарының «10 есе кемсітушілігі» туралы деректерді Д. Е. қандай шыңнан алғанын білу қызықты болар еді. Және, оған қоса, осы мәселе бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің түсініктемелерін алғымыз келер еді.
Жасалған жақсылықты бағаламайтындарға арналған наразылықтар
«Сорлы қазақ журналистері тілемсек болып жүре берсін, тек сендер арыз айтып, сендер ашуланып, сендер билік туралы жаман жазбасаңдар болды», – деген тұжырым жасайды Д. Е. Оның сөзіне қарағанда, орыс тілді БАҚ-тар тұтастай конформистік бола отырып, шексіз рахатқа бөленіп жүр. Бірақ олар соңғы жылдары қысымға ұшыраған басылымдардың әртүрлі баспасөз түрлерінің кем дегенде жартысын құрайды деген жағдайды қалай түсінуге болады?
Д. Е. «тезистердің» тағы бірі: «Сендер үшін орыс мектептері мен орыс драма театрлары бар». Біріншіден, олар тек орыстар үшін ғана емес, сонымен қатар елдің барлық орыс тілді азаматтары үшін де қажет, олардың арасында қазақтар да, әсіресе қала тұрғындары, бар. Екіншіден, бұл азаматтардың да, дәл қазақ тілділердегі сияқты құқықтары бар. Жалпы алғанда, олар ел тұрғындарының жартысын, ал егер экономикалық белсенді халықты алсақ, одан да үлкен бөлігін құрайды. Оның үстіне олар төлейтін салыққа мектептер мен театрлар қаржыландырады. Әрине, олар қазақ тілін білмегені жаман, алайда бұл жәйт оларға мәдени және басқа да қызметтерді алу құқығынан, өздері білетін және ҚР Конституциясына сәйкес тиісті мәртебеге ие тілде беруден бас тартуға болатынын білдірмейді.
Осыған ұқсас нәрсені келесі сөздеріне қатысты да айтуға болады.
«Сендер үшін бүкіл көшедегі жазулар (сөз маңдайша жазулар жөнінде болып отырған сияқты – ескерту. авт.) орыс тілінде жазылады». Сондай-ақ, өкінішке орай көп жылдар бойы мемлекеттік тілдегі сыртқы жарнама мәтіндерінің сауатсыздығымен (бұл жағдайда заңға сәйкес, орыс тілімен салыстырғанда артықшылығы бар) сәтсіз күрескен белгілі энтузиаст Земфира Ержан қазақ журналистері тарапынан ешқашан қолдау көрсетілмегенін айтады. Д. Е. және оның әріптестері өздерінің күш-жігерін дәл осы жерге жұмсағаны жөн болар еді.
Әрі қарай жүреміз. «Коммунистерің Парламенттің төрінде отыр. Туыстарың бүкіл стратегиялық маңызды орындарда отыр бастық болып». Мәжілісте 107 депутат отысыстарға қатысады, олардың тек жетеуі ғана ҚКХП атынан өкілдік етеді, осыған орай олар ең құрметті орында бола алмайды – оны бұрыннан басқа және әлдеқайда көп партиялық фракцияны басып алды. Келтірілген мәтіннің екінші сөйлеміне келер болсақ, әңгіме қандай туыстар мен стратегиялық маңызы бар постылар жөнінд болып отырғаны түсініксіз. Жоғарғы билік ареопагына президенттен басқа үкімет мүшелері, парламент пен ұлттық банктің екі палатасының төрағалары, республикалық күш және құқық қорғау құрылымдарының басшылары, аймақ басшылары – жалпы алғанда елу адам кіреді. Олардың арасында тек бір ғана «титулды емес» адам бар. 50 адамның ішінде 1 ғана. Ал Қазақстан халқының жалпы санындағы қазақтардың үлесі шамамен үштен бірін құрап отыр.
Д. Е. экономикалық салаға да батыл басып кіруде: «Сендер үшін МӨЗ-дарды модернизациядан өткізбейміз. Ойбай-ау, әйтпесе сендердің бензиндеріңді (шамасы, әңгіме реселік бензин жөнінде болып отыр – ескерту. авт.) кім алады?». Егер ол жай ғана «гуглдан» іздеуге ерінбеген болса, онда 2017-2018 жылдары барлық үш қазақстандық МӨЗ жаңғырту жүргізілгенін білетін еді, соның нәтижесінде отандық бензин өндірісі айтарлықтай арта түскен болатын, ол енді Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына толық сәйкес келеді. Мінеки, «ҚазМұнайГаз» ҰК қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары бізге осылай деп хабарлады: «Бүгінгі таңда біз тек бензинге деген қажеттілікті толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, бізде экспорт үшін пайдаланылуы мүмкін бензиннің артық көлемі бар. Біздің есептеуіміз бойынша, Қазақстанда бар тұтынудың өсуі кезінде, бір отбасына машина саны ұлғайған кезде, біз 2030 жылға дейін қандай да бір қосымша жұмыс жасамай, елдің қажеттілігін жаба аламыз».
Д. Е. ашық түрде өтірік айтып отырғанына көз жеткізу үшін осы айтылған да жеткілікті болар деп ойлаймын. Дегенмен, осы өтіріктің негізінде ол алыс болашаққа ұмтылған тұжырым жасайды «Сендер үшін жұмақ өмір жасап қойсақ та, сендер, жақсылықты бағаламайтындар, орманға қарап ұлыйсыңдар…». Айтпақшы, оның постын тек әлеуметтік желілерде ғана емес, сондай-ақ қазақ интернет-басылымдарында да (abai.kz, kznews.kz және басқалар ) кең таратылып жіберілген. Сонымен қатар, оқырмандардың пікірлері бойынша, олардың басым көпшілігі Д. Е. сияқты ойлайды, ал мына жазбалардың пайда болуына дәл осы қайғылы жағдай себеп болды.
Түйіндеменің орнына
...Қазақстан дерлік отыз жыл бойы тәуелсіз мемлекет болып табылады, бүгін біз, қазақтар, республика халқының үштен екі бөлігін құрап, мемлекеттік органдарда барлық негізгі лауазымдарға ие болып отырмыз. Демек, ел үшін басты жауапкершілікті біз атқарамыз; қазіргі өміріміз бен болашағымыз біздің өзімізге байланысты. Мұндай жағдайда қазақ ұлтшыл-популистерінің көмегімен біздің барлық қиыншылықтарымызға (ал мұндай жарияланымдар бұрынғыдан да көбейіп жатыр) кінәлі деп есептелетін этникалық азшылықтардың өкілдеріне деген наразылықтарын беру жиілеп кетті, – бұл біздің әлсіздік пен бәсекеге қабілетсіздігіміздің көрінісі, толыққанды мемлекет құрушы ұлт болуға дайын болмағандығымыздың көрсеткіші. Сонда біз өзімізге берілген мүмкіндікті, яғни өзіміздің тарихи миссиямызды іске асыра алмай қаламыз ба?
Қорытынды ретінде. Мұндай сөздерден көп ұзамай сол баяғы шовинизмге де жетуге болады («ұлтшылдықтың шеткі түрі,... ол ұлттық араздықты және жек көрушілікті тұтату түрінде, бір ұлттың мүдделерін басқалардың мүдделеріне қарсы қоюда көрініс алады»). Бұл көптеген Д.Е. сияқты «патриоттар» ауызша айыптайтын шовинизм тек ұлы державалық қана болмайды.…