Сенбі, 6 маусым 2020 ЖЫЛЫ
3375 25-09-2019, 17:52

Қазақ жазушылары туралы фильм: киноның орнына қисынсыздықтар жиынтығы


«Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Қаламгер» деп аталатын көркем фильмі ойдан құрастырылмаған кино деп жарияланды. Ал осы фильмның пайда болуына біз бюджеттік ақшаға қарыздармыз деуге болатын шығар, өйткені агенттіктің қызметін мемлекет қаржыландырады. Осы киноны көріп болғаннан кейін оның «ойдан құрастырылмағаны» жөнінде елеулі күмән туындады, ал сөзсіз сенуге болатыны – осы кино деп аталған затқа жұмсалған ақшаның далаға шашылғаны. 

Шындық ретінде қабылдануға талап қоя отырып

...Осыдан бір жылға жетпес уақыт бұрын Интернетте петиция орналастырылған болатын, онда біріншіден, прокатта қазақ тіліндегі фильмдер санын көбейту, екіншіден, оларды ең ыңғайлы кезде көрсету талабы бар еді. Ол петицияға 30 мыңнан астам адам қол қойған, сонымен қатар оның  90 процентінен астамын Алматы тұрғындары құрады. Бұл оқиға маған «Bekmambetov Cinema» кинотеатрына келгенде есіме түсті. Ол сенбі болған еді, яғни уақытты дәл осылай өткізуге ең ыңғайлы демалыс күні. Бірақ залда мен жалғыз ғана көрермен болып шықтым. Кейінірек мекеме әкімшілігіндегі қыз маған «Қаламгер» фильмінің премьералық көрсетілімін бейсенбі күнгі де, жұма күнгі де көрсетілімін тоқтатуға тура келді, себебі бірде-бір (!) билет сатылмады деп айтты.

Бірнеше күн өткен соң мен қоңырау шалып анықтағаным, Алматының басқа да кинотеатрларында (мысалы, «Сары-Арқада», «Иллюзионда») осындай жағдай болған екен, кейбір сеанстарға көп болса екі-үш адам келген, ал басқа сеанстар көрермендердің мүлдем жоқтығына байланысты өткізілмей қалды. Ал бұл кинолентаны «Хабар» тобының барлық телеарналары: тәулік бойы трансляция жасатыйн «24» арна да, кино көрсетуге арналған «Ел арна» да, ұлттық спутниктік арна мәртебесі бар«Kazakh TV» да, сондай-ақ «Хабар» телеарнасы өзі де белсенді түрде жарнамалаған еді. Яғни қазақ жазушылары – «ұлттық рухтың тасымалдаушылары мен жеткізушілері» туралы қазақ тіліндегі фильмге деген қызығушылық (сондай-ақ алдында аталып өтілген петицияға қол қойған отыз мың «ана тілі үшін күресушілер» және жалпы «ұлтшыл-патриоттық» жұртшылық тарапынан да) іс жүзінде нөлдік болып шықты.  

Менің қызығушылығымды өте қарапайым түсіндіруге болады: мен өзімнің жас кезім туралы, сол кезеңдегі белгілі фигуралар туралы әңгімелейтін киноны ұнатамын. Мысалы, бірнеше жыл бұрын алпысыншы жылдары атақты болған адамдарға арналған ресейлік «Таинственная страсть» (Жасырын құмарлық) деп аталатын сериалды көрдім. Шедевр деп айта алмаймын, бірақ өте қызықты кино. Кейіпкерлер танымал, бірақ фильмнің авторлары оларға ойдан шығарылған есімдерді беруді шешті: Евтушенко – Ян Тушинский, Рождественский – Роберт Эр, Ахмадуллина – Нэлла Аххо... 

«Қаламгердің» сериялық нұсқасы бар, оны «Хабар» арнасында жылдың соңына жақынырақ кезде көрсетуге уәде етілді. Ол «Таинственная страсть» деген фильмнен ерекшеленетіні, бұл жерде кейіпкерлер өз есімдерімен аталады. Қазақ КСР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Әнуар Әлімжанов, ЖО басқармасының хатшысы Олжас Сүлейменов, «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы Тахауи Ахтанов, ақындар Мұқағали Мақатаев пен Жарасқан Әбдірашев, жазушылар мен драматургтер Асқар Сүлейменов пен Қалтай Мұхамеджанов... Ал бұл жәйт экранда көріп отырған оқиғаларды шындық ретінде қабылдануға талап қою болып табылады. 

Сондай-ақ, басты оң кейіпкер – бастауыш жазушы Сәтжан, зұлымдық Мэлс, олардың сүйіктілері Рабиға мен Сәуле, сондай-ақ Республика Компартиясы орталық комитетінің қызметкерлері Жұмашев пен Омаров шығармашылық еркіндікті «тұншықтырушылары» ретінде көрсетілген. Айтпақшы, Омаров Рабиғаның әкесі, ол өз қызын Сәтжанмен ажыратуға бел байлаған. Ал оқиғалар 1970-ші жылдардың басында орын алады.

КГБ рөліндегі Компартия орталық комитеті  

Фильмде бірнеше сюжеттік желілер бар, бірақ олардың бірде-біреуі анық дамыған да емес, қисынды аяқталуға жеткізілген де емесі. Авторлар  осы шығарма әр түрлі құрақтардан тігілген «құрақ көрпе» сияқты болып көрінеді деп ойламастан, түсірілген материалдың әр түрлі бөліктерін кесіп алып, бір-бірімен құрастыра салды деген сезім туындайды. Сериялық нұсқасы бұдан әлдеқайда толықтау болып шығарылады деп үміттенеміз. Ал бірақ кинолентаның қисынсыздықтарымен және ашық қателіктерімен не істеуге болады?

КСРО-да шығармашылық интеллигенцияны «идеологиялық диверсиялармен» күресу үшін құрылған және осы ортаға өз адамдарын енгізген, немесе сол жерден өзі үшін ақпарат беруші-«сексоттарды» тапқан КГБ-ның 5-ші басқармасы «аңдып жүретін». Бірақ Мэлсті жас ақын ретінде Жазушылар одағына республика Компартиясының ОК жіберді. Күлкі тудыратын бір эпизод: ол көшеде жасырын агентті бейнелей отырып, біреулерге хабарлама ма әлде құжат па тапсырады. Ал басқа күндері ол оның кураторлары отыратын Орталық Комитет ғимаратына еркін кіріп жүре беретін. Бәлкім, авторлар «шпиондық киноның» осындай элементі әсерді күшейтеді деп есептеген болар.

Сәтжан провинциядан Алматыға келе салысымен, бір филологияның профессоры ешкімге көрсетпеуді және сақтап қалуды өтіне отырып, оған отыз жыл бойы сақталған араб тіліндегі кітапты береді. Кітап салынған портфель Мэлстың қолына түседі, содан кейін ол оны Сәтжанға қайтарады, бірақ, әрине, көргендері туралы Орталық Комитетіндегі Омаровқа хабарлайды. Ол басты кейіпкерді айыптап, бірақ соның өзінде «идеологиялық қауіпті» фолиантті тіпті тартып алуға әрекет жасамайды, бұл кем дегенде оғаш көрінеді. Сәтжан осы болған оқиға туралы профессорға айтып береді, ол оны абай болуды өтінеді, содан кейін оған, Орталық Комитетінің «аңдуында» жүрген адамға, сол жылдары тыйым салынған қолжазбаларды – Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін – береді (қалай болғанда да, бұл туралы фильмде жазушылардың өздері айтады). Ол сонда өзін өлу қауіпіне ұшырататын ақымақ па?

Айтпақшы, Мағжанның шығармалары туралы. Ақын 1960-шы жылдары көптеген тыйымдарды алып тастаған Хрущев жылымығы кезінде ақталған болса да, оның туындылары 1989-ші жылға дейін шығарылмаған. Сол кезде оның өлеңдерін қазақ халқына қайтаруға болғаны жөнінде студенттер алдында сөз сөйлеген Тахауи Ахтанов пен Қалтай Мұхамеджанов: «Башқұрттар мен еврейлер Мағжанның шығармашылығын белсенді зерттейді. Ал біздің Жазушылар одағы оның шығармаларын шығаруы жөнінде тіпті естігісі де келмейді» – деп айтады. Сондықтан кім кінәлі болып табылады: партиялық басшылық па әлде республиканың әдеби қауымдастығының өзі ме? Бірақ бұл тақырыпқа да авторлар тек жай ғана көз жүгіртіп, оны толығымен ашып көрсетуге тырыспады. 

Сонымен қатар, Жазушылар одағының басқарма төрағасы Әлімжанов басқа да біртүрлі оғаш сюжеттік желіге тартылған. 1973 жылы Азия және Африка жазушыларының Алматыдағы конференциясы кезінде шетелдік қонақтардың бірі оған жасырын түрде Әл-Фараби бейнеленген кенеп оралымын беріп, одан соң оның ұрлануымен байланысты жартылай шпиондық оқиғалар орын алады, ал одан кейін Әлімжанов оны қайтарып беруді талап етіп Орталық Комитетке барады. Фильм авторлары, бәлкім, сол кезде КСРО-да ұлы шығыс ғалымы мен ойшыл мұрасы белсенді зерттелген өте қастерлі фигураға айналғанын білмейтін шығар.

Сол конференцияда «тамақтану» кезінде Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Олжас Сүлейменов қонақтар алдында өзінің өлеңін оқиды. Абсолютты түрде орыс тілді ақын бола отырып, ол қазақ екпінімен оқиды. Дауыстау кезінде бұл рөлді басқа актерге тапсыруға болмас па еді?

                                                             Клиптік ойлау

Бірнеше эпизодтарда Мұқағали Макатаев көрінеді, ол біртүрлі оғаштау адам ретінде, атақты болуды қажет етпейтін, басқа әлемнен келген адам тәрізді көрсетілген. Мінеки, ол өзі туралы және жазған өлеңдері жөнінде очерк дайындау үшін Мәскеуден келген «Смена» журналының тілші қызымен келесі мазмұндағы диалог жүргізеді:

- Біздің журнал 5 миллион дана таралыммен шығады.

- Олай болса қайтейін?

- Сіз туралы бүкіл Одақ білетін болады.

- Оның не керегі бар? Мәскеуде маған ескерткіш орнатпайды. Ал оны менің туған Нарынқол ауданымда орнатады. Егер орнататын болса. Маған қазақ халқым менің шығармаларымды оқығаны да жеткілікті.

- Бірақ біздің редактор…

- Ол одеколон ішеді ме?

- Сіз не айтып тұрсыз? Ол мүлдем ішпейді.

- Ол одеколон іше бастағанда, сол кезде сөйлесейік.

Екінші эпизод. Мақатаев басты кейіпкермен дұрыстап танысып үлгерместен, оған терезеден үйге кіріп (бұл Мұқағалидің өзінің үйі сияқты, бірақ ол туралы, шынын айтқанда, Сәтжанға хабарламайды), кітаптардың арасынан он рубль купюрасы салынған біреуін тауып, сол «жасырылған ақшаны» алып кел деп тапсырма береді. Ал ол болса кімнің үйін тонау керек екенін білместен, оны істеуге келіседі! Әрине, үй иесі оны көріп қоюға аз қалғанда, ол дереу төсек астына жасырынып қалады (бұл кинолық штампты неліктен пайланбасқа?), үйдің иесін біреу дауыстап шақырады, сол кезде ол қолындағы «қызыл ақшамен» үйден шығып кете алады.

Мақатаевты шын мәнінде оғаш мінезді және спирттік ішімдіктер ішкен адам ретінде еске алады, бірақ сол қалпы түсініксіз болып қалғаны: бұл анекдотикалық жағдайларды сценарийге еңгізудің қандай мәні болды (олардан басқа, ақынның кадрдағы екі рет мәнсіз көрінуі бар)? Фильмнің негізгі фабулалық желілерімен аталған эпизодтар ешбір байланыспайды, Мұқағалидің бейнесін ақын ретінде ашпайды. Бұл оны тек карикатуралық етеді. 

Жалпы алғанда, кинокартина авторлары бұл сюжеттік қисынсыздықтар жиынтығымен не айтқылары келгені түсініксіз. Сонымен қатар, олар сол уақыттың шынайылығы мен ерекшелігін мүлдем білмегенін көрсетеді. Дегенмен, оны күтуге де болар еді, өйткені сценарийді жазған Сержан Закерұлы – Интернеттегі суретке қарағанда өте жас адам, ол 1970 жылы тіпті дүниеге келмеген. Режиссердің рөлін атқарған Мұрат Бидосов, ол да сол уақытта өмір сүрмеген, мен тағы да сурет бойынша айтып отырмын, себебі олардың өмірбаяндары бірде-бір желіде жоқ. Айтпақшы, фильмнің фрагменттілігі, байланыссыздығы, менің ойымша, тәуелсіздік кезеңінде өсіп жетілген ұрпақтың көптеген өкілдеріне тән фрагменттік немесе клиптік ойлаудың салдары болды деуге турарлық. Сіздер картинаның кеңесшісі, 77 жасар драматург Дулат Исабеков ше? – деп сұрайтын боларсыздар. Бәлкім, оның рөлі тек номиналды шығар.

Сонымен қатар, «Хабар» агенттігі тағы бір ұқсас киноөнімді – боксшы Бекзат Саттарханов туралы көркем фильмді (сериялық нұсқасы бар) жариялады. Сценарист пен режиссер – баяғы сол Закерулы мен Бидосов. Айтар сөз жоқ дегендей…

 

 

Комментарии