Сенбі, 6 маусым 2020 ЖЫЛЫ
4129 2-09-2019, 13:42

Мемлекеттік қызметкерлер өз табыстарын және, ең бастысы, шығындарын жариялайтын болады ма?


Алик Шпекбаев Елбасы мемлекеттік қызмет жүйесінде «клондау» қажет деп айтқан басшының бейнесін суреттеуге лайық мысал бола алады. Оның командасы да өзіне сай. Алайда, оларға тән стандарттардан тыс әдіс-тәсілдерге қарамастан, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметі әлі де өзгерістерге ұшырауы тиіс.   

Жылына жеті күрделі мәселе жылдамдығымен қозғалу

Мемлекет басшысының ресми сайты хабарлағандай, тамыз айының соңғы күндерінде Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады. Біздің әріптестеріміздің көпшілігі бұл кездесу туралы әңгімелеген кезде жақында өзгертулерден өткен мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары Агенттігіндегі құрылымдық мәселелеріне; мемлекеттік органдар басшыларын, егер олардың қол астындағылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған болса, отставкаға жіберу практикасын енгізудің маңыздылығы туралы айтылған президеттін сөздеріне; шенеуніктердің заңсыз байығандары үшін жауапкершілігіне; мемлекеттік қызметшілердің өз кірістері мен шығыстары туралы декларация жарияланымдары қажеттілігіне назар аударған болатын... Ал біздің көзімізге мүлдем басқа нәрсе, атап айтқанда осы ақпарат қандай нысанда ұсынылғаны түсті. Егер нақты айтатын болсақ, ең алдымен, біздің назарымызға «кездесу соңында мемлекет басшысы заңнамалық және ұйымдастыру шараларын уақтылы қабылдау қажеттігін атап өтті...» деген сөз тіркесі ілінді. Біздің ойымызша, дәл осы сөздер сол әңгіменің қорытындысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы лауазымында Алик Шпекбаевтың алдағы перспективаларын бағалауда айқындаушы болып табылады. Ал осы маңызды нәрселерге дер кезінде қол жеткізу тұрғысында, кем дегенде негізгі міндеттерді іске асыруда, оларда үлкен проблемалар бар көрінеді.

Өкінішке орай, әзірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау агенттігінің қызметкерлері тек шенеуніктердің моральдық-адамгершілік тұрғыда құлауы жағынан ғана қандай да бір қозғалыстар жасау мен қоғам тарапынан бірқалыпты қабылданбайтын өз бастамаларын (мысалы, ведомство құрылымында парасаттылық департаментін құру сияқты) іске асыру ғана қолдарынан келіп отыр. Бұл жерде олар, айталық, нағыз шеберлер деуге болады: шешендікке жүгініп, жақ пен тілге сүйенуге әбден дайын. Ал нақты сыбайлас жемқорлыққа шынайы түрде қарсылық көрсетуге жарайтын түбегейлі өзгерістер еңгізуге келетін болсақ, бұл олардың қолынан онша келмей отыр. Мысал үшін ең болмағанда президент Тоқаевтың айтқанындай, бірінші басшылардың бағыныштыларының сыбайлас жемқорлық әрекеттер жасағандары үшін жауапкершілігін бекіту және отандық шенеуніктердің белгілі бір санаттарының кірістері мен шығыстары туралы декларацияларды еркін қол жеткізуде міндетті түрде орналастыру қажеттігін алайық.

Шенеуніктерге келетін болсақ, Алик Жатқамбайұлына және бүгінгі күні онымен бірге сыбайлас жемқорлықпен күрескендерге формальды түрде кінә тағуға болмайды. Бірақ қанша дегенмен бұл мәселе осыдан он жыл бұрын көтерілген болатын, егер мен ұмытпасам, шенеуніктердің декларацияларды жариялау қажеттілігі туралы Қазақстанның тұңғыш президенті 2010 жылы айтқан болатын. Бұл бастаманы кейіннен депутаттар да, атап айтқанда, Дариға Назарбаева мен 2015-2025 жылдарға арналған бастаманы өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына қосқан «Нұр Отан» партиясының мүшелері де қолдады. Сол кезде Алик Шпекбаев ведомствоға келіп, Қайрат Қожамжаровтың қарамағында (айтпақшы, оның лауазымда болған кезінде бұл ұсыныс заңнамалық нормасы ретінде ресімделген) жаңа қызметке келіп, жұмыстың мән-жайын түсіне бастаған болатын. 2015 жылдың соңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Олардың біреуі келесідей болған. «Есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде келесі тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсыруға тиіс жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтер жариялануға жатады:

1) мемлекеттік саяси қызмет атқаратындар;  

2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарындағы адамдар»;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;

4) Қазақстан Республикасының судьялары;

5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функцияларын атқаратын адамдар».

Бастапқыда бұл норма 2017 жылдың 1 қаңтарынан – жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған болатын. 2016 жылдың қазан айының басында Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен тіпті жариялануға жататын мәліметтер тізімі бекітілді. Бірақ мемлекеттік дерекқорлардың дайын болмауына және салық қызметкерлерінің декларацияларын өңдеу мен тексеруді қамтамасыз ете алмауына байланысты бұл норманың жүзеге асырылуын кейінге – 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қалдырды. Алайда биылғы жылдың сәуір айында Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметтің жалпыға бірдей декларациялауға дайын еместігі туралы қайта мәлімдеп, кезекті рет мерзімді ауыстыруды ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынысты қолдады. Нәтижесінде «жоғары лауазымды шенеуніктердің қалталарын қоғам алдында ашып салудың» басталуы қайтадан кейінге қалдырылды. Өз декларациясын жариялауы тиіс шенеуніктерге 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды. 

Бір сөзбен айтқанда, бұл процесс ұзаққа созылғанында Алик Шпекбаевтың кінәсі жоқ сияқты. Бірақ осы жаздың басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы осы мәселені өзі қайта қозғады.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға және оның ведомствосы жақын арада өз арсеналын жабдықтауға ниетті шаралардың жаңа топтамасын таныстыруға арналған кезекті сөзінде Алик Жатқамбайұлы: «Ең алдымен, біз заңсыз байығаны үшін жауапкершілікті енгізуді ұсындық. Әзірше сөз активтері заңды кірістерге сәйкес келмейтін мемлекеттік қызметшілерге қатысты қаржылық және мансаптық санкциялар туралы болып отыр. Шығыстарды декларациялаумен қосқан кезде бұл сыбайлас жемқорлықтың негізін – заңсыз табыс алуға ұмтылуды бұзуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілердің шығыстарды декларациялаудың орындылығы және тиісті декларацияларды міндетті түрде жариялау туралы пікір айтылды. Мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен шығыстарын міндетті түрде декларациялау осы деректерде сәйкессіздік болса не істеу керек деген сұраққа міндетті түрде жауап беруді талап етеді. Сондықтан заңнамада әл-ауқат деңгейі заңды табыс көздеріне сәйкес келмейтін лауазымды тұлғаларға тиісті санкциялар қолданылатын нормалар нақты жазылуы тиіс»

Барлығын дұрыс, істің мәніне сәйкес айтқан сияқты, бірақ: ал ол өзі және қарамағындағылары бұрын қайда болды? – деген сұрақ туындайды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (одан қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлініп шыққан) ол оны 2017 жылы басқарған болатын, бірақ (ол қазір істеп жатқандай), жалпыға бірдей декларациялауды енгізу мерзімдерін ілгерілетуге қарамастан, биліктегі адамдарға өз декларацияларын жариялаудың мақсатқа лайықтылығы туралы бірде-бір рет мәлімдеген жоқ. Одан да кем емес қызығушылық тұдыратын нәрсе – неліктен шенеуніктерге қатысты, олардың өз табыстарына сай келмейтін деңдейде өмір сүретіні бойынша нормаларды заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттігі тек қазір ғана дауыстап айтылып жатыр? (Егер Қаржы министрлігінің баяулығы болмаса, онда олардың декларациясы жақын арада фискалдардың тексеру лупасының астына түсуі керек еді ғой). Бұл сұрақтарға бізде, әрине, жауап жоқ, бірақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңнамалық және ұйымдастыру шараларын уақытылы қабылдау қажеттілігіне қатысты ескертуі дәл осы жоғарыда айтылғанның аясында жаңа дыбыстауға ие болуда.

«Жанама әсері»

Осы тұрғыдан одан да көрнекі болатын тағы бір мысал – бірінші басшыларды, соның ішінде министрлер мен әкімдердің (бағыныштылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығында ұсталған болса) отставкасын көздейтін заң шығару нормасының тарихы. Осы бағыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет командасының «жұмысы» туралы біз өткен ай бойы әңгімелеп келдік. «Бестселлердің» сюжетін тағы да еске салғанымыз жөн, өйткені ол Қасым-Жомарт Кемелұлы барлығын өз уақытында жасау керек екендігін Алик Жатқамбайұлына бірінші рет емес, және соңғы рет емес еске салуы ықтимал.

Он жыл бойы саяси мемлекеттік қызметшілерді олардың қол астындағылардың парақорлығы мен ұрлықтары үшін жауап беруге мәжбүрлеу әрекеттері жасалуда. Бұл мәселеде Елбасы алдында аталған парламенттің қарауына «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын енгізуге дайындығы туралы бірнеше рет мәлімдеген Қайрат Қожамжаровқа бас назар аударды. Алайда, оның сөздері, тек айтылған күйінде қалып, іс сол қалпы алға жылжымады.

Бұл мәселе «мұра бойынша» Алик Шпекбаевқа ауысты, ол өзінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы деңгейіне дейін көтерілгеннен кейін бір жарым жыл бойы осы бағытта белсенділік көрсетпеді, алайда 2018 жылдың наурыз айында Нұрсұлтан Назарбаев оған осы мәселемен тығыз айналысуды тағы да бір рет тапсырған болатын. Өткен күзде ғана ведомствоның басшы қызметкерлері естерін жия бастады. Әлбетте, Елбасының талабы бойынша айтылған ведомство басшысының орынбасарлары дауыстап мәлімдемелер жасай бастады.

«Қазір біз парламентке басшыларға, олардың қоластындағылары сыбайлас жемқорлық жасағандары үшін жауапкершілікке тартылғаан жағдайда, дербес жауапкершілігін белгілеу туралы түзетулермен кірдік. Мемлекеттік саяси қызметшілерге келетін болсақ, онда әңгіме саяси жауапкершілік жөнінде, яғни отставкаға беру міндеті туралы болып отыр»; «Халықаралық тәжірибені ескере отырып, бағынышты адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда басшының жауапкершілігін енгізу орынды болып көрінеді. Бұл жерде екі аспект бар: біріншіден, осы саяси қызметші тағайындаған бағыныштылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда отставкаға беру түріндегі саяси мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі, бірақ тек соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін ғана. Екіншіден, тікелей бағыныстағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі. Сөз әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер: департамент директоры, басқармасы басшысы, бөлім басшысы жөнінде болып отыр. Егер оны бағынышты адам жасайтын болса, онда басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылады».

Бірақ, кейінірек анықталғандай, мұның барлығы тек бос сөздер ғана болып шықты. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында Шпекбаев командасы әзірлеген бұл норма сол қалпы орын алған жоқ. Сонымен қатар, оның мәтінінде бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі туралы бір де бір сөз жоқ, ал әлеуетті отставкалар туралы мүлдем айтылмаған. Дәл осындай атаумен, бірақ депутаттық корпустың авторлығымен заң жобасы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлерінің аузынан көптеген үміт тұдыратын мәлімдемелер естіліп жатқанда, ол парламенттің төменгі палатасында қарауда болған) бірінші басшылардың тәртіптік жауапкершілігін қозғаған, бірақ міндетті түрде отставкаға кетудің болмауына баса назар аудармаған. Бәлкім, егер елдің жаңа президенті ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейінгі мерзімде «бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін саяси мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігін заңнамалық бекітуді» талап етпесе, мұның барлығы сол қалпы елеусіз қалуы мүмкін еді. Іс жүзінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне олардың президенттік бастамаларды дер кезінде іске асыру міндеттері туралы еске салды.

Олар енді естеріне салынған нәрсені мұқият қабылдай ма? Айту қиын. Алайда, кез келген жағдайда, Алик Шпекбаевтың ведомствосын ел басшылығы қабылдаған жоғары лауазымды шенеуніктер үшін тұрақсыз шешімдермен неғұрлым нәтижелі жұмыс істеуге мәжбүр ету туралы ойлану керек. Әзірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тек «құп болады» деп айту ғана қолдарынан келіп отыр, ал тапсырманы орындау онша қолдарынан келмейтін көрінеді. Алайда, бұл жерде көп нәрсе Қасым-Жомарт Тоқаев екі рет қайталайтын адамдар санатына жататынына немесе жатпайтынына байланысты…

 

Комментарии