Жұма, 20 қыркүйек 2019 ЖЫЛЫ
2805 12-07-2019, 17:25

«Өрлеу» БАҰО АҚФ – мұғалім мен оның қызметіне жаңа көзқарас


«Биылғы жылы мен өз бақытыма орай «Өрлеу» БАҰО АҚФ-да жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан өткен болатынмын. Бірден айтайын, мен бұл курстарға жиналып жатқанда біршама күмәнданғанмын. Біліктілікті арттыру курстарына өткен жылдардың тәжірибесі жағымды эмоциялар тудырмаған еді. Әдетте, олар 90% қызықсыз, кейде қажетсіз теориядан және 10% практикадан тұратын – ол диктант, бақылау жұмысы немесе тест жазумен шектелетін.  

 

Осы жолы «Өрлеу» курстары мені өте таң қалдырғаны, олар адамды өзінің бар ынтасын салып айналысатындай етіп ұйымдастырылған.

 

Біздің қала мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жүйесінде қандай өзгерістер көрдім дейсіздер ме?

 

Біріншіден, «Өрлеу» БАҰО АҚФ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Раиса Аждарқызы Садвакасова өз туындысы үшін қаншалықты көп нәрсе істейтінін бірден атап өткім келеді. Және оны бейресми түрде «Мұғалімдер үйі» деп атайтыны да бекер емес болар (курс тыңдаушыларын ғимарат маңдайшасында дәл осындай жазу қарсы алады). Үлкен және жарық кабинеттер техникалық қамтамасыз ету тұрғысынан тамаша жабдықталған. Сонымен қатар, мұнда креативті, шығармашылық және ерекше ойлы қызметкерлер жұмыс істейді. Олар өз жұмысында мұғалімдерге педагогикалық қызметтің үнемі өзгеріп отыратын кәсіби жағдайларына бейімделуге көмектесетін ең заманауи инновациялық технологияларды пайдаланады. 

 

Екіншіден, бапкерлердің, яғни жаттықтырушылардың жұмысына ерекше тоқталғым келеді. Күн сайын курсанттар интерактивті әдістер арқылы, сыни талдау арқылы, сондай-ақ басқа да түрлі формалар мен тәсілдер арқылы өңделетін және практикада пысықталатын ақпараттың үлкен көлемін алады. Сабақ қызықты болып әрі құштарлық тудыратын түрде өтуге бағытталған. Алғашқы кезеңде өте қиын сияқты болып көрінген нәрселердің бәрі жаттықтырушылармен жұмыс істеу барысында біртіндеп қол жетімді бола бастайды, ал кейде тіпті өте жеңіл болып көрінеді. Әдеттегіден тыс тәсілдерді пайдалана отырып, жаттықтырушылар оқу кезінде жайлы жағдай жасап барынша тілектестік танытады және сонымен бірге әрбір курсантқа талап қояды.

 

Оқытудың барлық кезеңдерінде инновациялық тәсілдер қолданылады, жұмыстың барлық бөлімдері мен барлық бөліктері бағаланады, мәселелерді шешудің әртүрлі жолдары ұсынылады – осының бәрі стандартты емес, жарқын және мен тіпті батыл әдістер деп айтар едім.

 

Сабақтар өте жоғары кәсіби деңгейде және тындаушыларға босаңсуға мүмкіндік бермейтін қарқынмен өтеді. Басқаша айтқанда, кейде «ми қайнап кетеді», бірақ ол жақсы мағынада айтылған сөз.

 

Жаттықтырушылардың әрбір білім алушыға деген жеке көзқарас принципі де ұнайды. Олар біздің самғауымыз бен құлауымызды уақытылы байқайды, бірақ егер бір нәрсе бірден қолдан келмесе немесе сен тапсырманы орындай алмасаң, бұл жерде ешкім кінәламайды. Әркім әрқашан өзін дұрыс жолға бағыттау арқылы жасалатын қолдау мен көмекке сене алады.

 

Бұл тәсілдің тиімділігі өзін толық ақтайды деп ойлаймын. Жаңа талаптар – жаңа тәсілдер дегендей. Біз өз жаттықтырушыларымыздан балалармен қалай жұмыс істеу керектігін, оларды қалай бағыттауды, оларға сенімділік ұялатуды және білім еліне барар жолда өзімізбен одан әрі жетектеуді үйренеміз.

 

Мұғалім үйінде орын алған демократиялық рух та өз әсерін тигізеді. Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ИОиИТ кафедрасының меңгерушісі, п.ғ. к., қауымдастырылған профессор Әлия Тохтамысқызы Арзиева сияқты жаттықтырушылармен қарым-қатынас терең құрметке бөлейді. Өйткені ол өз ісінің жоғары білікті маманы. Ол өз жұмысымен әуестеніп, курсанттардың жоғары нәтижелерге жетуін қалайды. Бұл ретте ол әрдайым талапшыл және сонымен бірге сезімтал. Әлия Тоқтамысқызы өз сабақтарында жай ғана уақыт өткізумен айналыспайды. Ол сабақтарды уақыт қалай өтіп жатқанын байқамайтындай етіп құрастырады. Бәрі соншалықты динамикалық, тиімді, өнімді және әрқашан әдемі.

 

Сондай-ақ, ППСОП кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Ақбота Тұрағұлқызы Қонырованы атап өткім келеді. Бұл өз мамандығы саналы түрде таңдалған деп есептейтін тәжірибелі жаттықтырушы. Ол қазақ және орыс тілдерінде дәріс оқиды және практикалық сабақтар жүргізеді. Оның педагогикалық қоржынында 30-дан астам басылымдар (оның ішінде алтауы шетелде жарық көрген), сондай-ақ бір монография бар.

 

Ол қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында («Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын» жүзеге асыру аясында) оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға көп көңіл бөледі. 

 

Оның достастық пен қарым-қатынастыққа бейімділігі сияқты адамдық қасиеттерін атап өткім келеді. Бұл әрдайым ортақ тіл тауып, қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес алуға болатын адам.

 

«Өрлеу «БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ-ның тағы бір қызметкері Виктория Юрьевна Кайдакованы атап өтуді жөн көремін. Ол жаңартылған бағдарлама бойынша аға оқытушы және жаттықтырушы болып табылады. Сонымен қатар ол бір мезгілде екі эксперименттік алаңның ғылыми жетекшісі ретінде іс-әрекет жасайды. Олардың бірі ертегі терапиясы элементтерін қолдана отырып, мектепке дейінгі жастағы балалардың өзінің танымдық әрекетін басқару бағытында жұмыс істейді. Екінші эксперименттік алаң бастауыш мектептің білім беру үдерісіне инновациялық білім беру технологияларын енгізумен айналысады.

 

Виктория Юрьевна – жоғары деңгейдейдегі жауапкершілігі бар және ұқыпты адам. Ол әрдайым  уәдесінде тұратынын біле тұра, оған ешбір күмәнсіз сенуге болады.

 

Үшіншіден, мұғалімдер «Өрлеу» курстарынан өтіп, өз ойлауын түбегейлі өзгертеді. Біз өз қателіктеріміз бен жаңылыстарымызды көруге үйренеміз, мектеп біліміндегі жаңартылған мазмұнмен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдерін түсінеміз және табамыз. Ал курстарда алынған білімнің қуатты базасы шығармашылық дағдарысты жеңуге көмектеседі, және уақыт өте келе бізді қуатсыздыққа, тіпті бағдарламаға деген бастапқы наразылық пен басқа жағымсыз сәттерді жеңіп шығуға көмектеседі.

 

Жұмыс түрлері – жеке, жұптық, топтық – бұл тұрақты жанды пікір алмасу, шығармашылық және зерттеушілік ізденіске тереңдей білу, жаңа, бейтаныс нәрсені байқап көріп, оны жасауға мүмкін екенін және бейтаныс нәрселердің алдындағы қорқыныш бекер болғанына көз жеткізу. Өзара оқыту, конструктивтік сын, тәжірибе, әріптестердің жұмысы, өз бетінше іздеу өзінің педагогикалық қызметіне басқа жаңа көзқарас арқылы қарауға мүмкіндік береді және «Ал мен оны істей аламын ба?» деген сұрақ туындайды. Және бірден: «Жасап көру керек!» – деген жауап келеді.

 

Қорытынды жасай отырып, шағын анықтама бергім келеді.

 

2020 жылы Алматы қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына 60 жыл толады. Өзінің жұмыс істеген жылдары институт өз атауын бірнеше рет өзгертті. 2012 жылдан бастап институт «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының құрамында жұмыс істейді. 2016 жылдан бастап институт Қазақстан Республикасында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу бойынша реформа жүргізуге қатысады. 2016 жылдан бастап Алматы қаласының 473 біліктілікті арттыру курстары өткізіліп, 13065 педагог оқытылды, оның ішінде орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 9991 қала мұғалімдері.

 

Институтта мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының құрылу, қалыптасу және даму тарихы, БАИ жетістіктері жинақталған тамаша мұражай бар.

 

БАИ жаттықтырушылар құрамының дағдыларын жетілдіру бойынша тынымсыз жұмысты жүзеге асыратынын (сабақтар негізінен тренингтер түрінде өткізіледі) және мұнда институт оқытушылары курстан кейінгі кезеңде жүзеге асыратын менторлық тұрғысынан өте оң тәжірибе жинақталды деп атап өткім келеді. Өзінің «жас шамасына» қарамастан, институт қызметкерлері үнемі шығармашылық ізденісте, оқыту әдістемесінде үздіксіз жетілдіріліп, өздігінен білім алуда, жаңа технологияларды енгізуде және жаңа идеялар үшін ашық».

 

Дариға Берденова, «№ 124 НМ» КММ мұғалімі

 

«Біздің курстарымыз әріптестермен қарым-қатынас жасай отырып, біздің жаттықтырушы Әлия Тохтамысқызы Арзиева тұлғасында уақытылы қолдау ала отырып, біз педагогтар ретінде жаңа сапалы деңгейге шығамыз. Бұл бізге бүгінгі қажеттіліктер тұрғысынан сабақтарды жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте оқу қажеттілігі туралы ойлаған кезде енді біз қабағымызды түймейміз және сабақтан жалтару үшін себептерді іздемейміз. Ал әріптестерімізбен өзара іс-қимыл жасап, одан ләззат алып, өзіміздің кәсіби маңыздылығымызды растаймыз. Біздің арамызда жаңалықтарды жақтырмаушылықпен қабылдайтын адамдар айтарлықтай азайып бара жатыр, өйткені біздің жаттықтырушымыз жаңа идеялардың генераторы болып табылатындықтан, белсенді әдістердің практикалық маңыздылығын ұғыну, жоспарлаудың жаңа көрінісіне деген қажеттілікті оятады. Өз сабақтарында ол онымен не істеу керектігін, тәжірибеде қалай тиімді қолдануға болатындығын, қандай ымыраға келу мүмкін деген сұраққа жауап береді. Бізге, яғни практик-мұғалімдер үшін, бұл міндетті түрде жауап табу керек сұрақтар. Бұл біздің қызметіміздің оңай сәті емес, бірақ, әрине, бұл жемісті жұмыстан бас тартуға себеп емес, сонымен қатар ойлануға болатын нәрселер де бар. 

 

Курстарда болған кезде болып жатқан оң өзгерістерді атап өткен жөн, өйткені мектептегі білім берудің жаңа мазмұнын шығармашылықпен қайта ойлауға кедергі келтіретін факторлар жоқ. Бұл жерде ерекше назар оқушыларды бақылауға және қолдауға қойылған, яғни ол педагогикалық қызмет тиімділігінің ажырамас бөлігі, әрбір оқушының өзіндік әлеуетін ашу және оқыту шекарасын кеңейту болып табылады.

 

Сонда соншалықты қуанышты әсерді не нәрсе тудырады? Неге бұрынғы көңілсіздік жоқ?

 

Біріншіден, әріптестермен өзара іс-қимыл – бұл күмән тудыратын мәселелерді шешу, бастамашылық пен дербестік көрсету мүмкіндігі. 

 

Екіншіден, өз кәсіби қызметіне сапалы өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін қосымша ақпарат алу мүмкіндігі.

 

Үшіншіден, біздің топ құрамы – бұл өзінің көп бөлігінде шығармашылықпен ойлайтын, үлкен жұмыс тәжірибесі бар, қоғамда бола алатын, тек мақұлдау сөздерін ғана күтпей, сынға да дұрыс жауап бере алатын оқытушылар. Ал бұл біздің бірлескен қызметіміз табысқа, әрқайсымыздың келешектегі болашағына бағытталғанын білдіреді

 

Сонымен қатар, әріптестердің және жаттықтырушының «плюстерді» көру және оны дыбыстай білу қабілеті, табысты әріптесін мақтай білу ниеті, кәсіби этика мен әдептілік сезімі, талдай білу, өз-өзімен адал болу, оқу материалын жақсы білетін адамдардың үздіктілігін мойындау ниеті көңілге жағымды.

 

Әрине, үнемі шығармашылық ізденісте болу оңай емес. Ал бәрі қолдан келе бермейтінін көру реніш тудырады. Сабақтың қалай өтетінін, балаларда қандай көңіл-күй болатынын, олар қорытынды бақылау тапсырмаларына қандай білім жүктерімен сәйкес келетінін ешқашан білмейсің. Осы қалыптысқан жағдайды жөнге келтіру сенің қолыңнан келеді ме? – деген ой мазалайды. Бірақ енді осы курстрдан өткеннен кейін өзіңе деген сенімділік пен барлығын өзгертуге ниет пайда болатынына және өзгертіп сынап көру, қайтадан өзгертіп, тағы да жасау ниетінің пайда болуына сенімдімін, өйткені сонда өзің мен оқушыларың біртұтас екенін сезінетін боласың.

 

Осылайша, шығармашылық еркіндігі, идеяларды ойлап шығару мәселесі ашық болып қала береді.

 

Көріп отырғанымыздай, курстар тек мұғалімнің ғана емес, оның қамқорлығындағылардың да жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ететін жаңартылған мазмұнды мектеп практикасына енгізу мен ұғынудағы өзіндік бір серпін беретін нүкте болып отыр.

 

Ал мұғалім үшін одан маңызды не нәрсе болуы мүмкін?..»

 

Тыңдаушы Ковтун Наталья, Алматы қ. «№32 НМ» КММ мұғалімі

 

Комментарии