Жексенбі, 25 тамыз 2019 ЖЫЛЫ
1004 15-07-2019, 11:46

«Өрлеумен» бірге жаңа шыңдарға


Жеті жыл... Бұл көп пе әлде аз ба? Бәлкім, әрбір адам мұны тек өзі ғана шешуі керек шығар. Бір апта ішінде, бір күнде, тіпті бір сағат ішінде қанша нәрсе жасап үлгеруге болатынын тіпті елестету де қиын. Немесе кез-келген уақыт аралығын бостан босқа өткізуге де болады. «Өрлеу» БАҰО (Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы)» АҚ-ның самғау тарихын еске ала отырып, осы жылдар (бұл біздің алғашқы мерейтойымыз!) нәтижесіз өтпеді деуге болады. Біз көп, өте көп нәрсе жасап үлгердік, көп нәрселерге қол жеткізе алдық.

Уақыт өте жылдам ағады. Ол өз түзетулерін енгізе отырып, біздің өмірімізді үнемі өзгертеді, ал кейде бізді күрделі, қиын жолдармен шынайылыққа жетелейді. Өйткені бізге, ғылыми ойлайтын адамдарға, кейде біздің идеяларымызды практикалық іске асыруы қалай шешілетінін болжау қиын. Қазір біз үшін институт тарихы – бұл екі күрделі кезең: «Өрлеу» БАҰО» АҚ құрылғанға дейін және одан кейін.

Оған «дейін» не болды дейсіз бе? Біздің өміріміз тұрақты түрде инспекторлық іс-әрекеттермен байланысты өтетін. Біз мектептерді аралап жүріп, сынып журналдарын, оқушылардың дәптерлерін тексеретінбіз, анықтама жазатынбыз, бір сөзбен айтқанда, біздің алдымызда үнемі Алматы қаласындағы білім басқармасының алдында оқу үрдісінің жағдайы туралы есеп беру деген міндет тұратын. Бұл күрделі жұмыс біздің барлық уақытымзды алатын, кейде бізге тіпті әдеттегі өздігінен білім алуға да уақыт жетпейтін, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге уақыт болмайтын, біз қандай да бір тұйық кеңістікте қозғала отырып, мүлдем тәжірибе алмаспайтынбыз. Тіпті ғылыми-педагогикалық мақалаларды да жылына бір-ақ рет жазатынбыз. Біздің әрқайсымыз өз білгенін істейтін. Біз қала педагогтарының курстық қайта даярлығына тек ресми түрде ғана қарайтын едік. Біздің қала мұғалімдеріне арналған сабақтарымыз біркелкі, дәріс түрінде ғана өткізілетін. Осындай көзқарас курстарға тек бір мақсатпен – сертификат алып, өз кәсіби өсуінде тағы бір белгі алу үшін (бірақ озық педагогикалық тәжірибе мен оқытудағы  жаңалықтар жөнінде қызықты және пайдалы білім түрінде емес, тек аттестацияға кезекті қағаз алу арқылы) келген мұғалімдерге де автоматты түрде көшкен болатын. 

Материалдық жағынан да оңай болмады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ құрылғанға дейін біз ғимараттан ғимаратқа көшіп жүретінбіз, әрбір кішкентай кабинетте 10-12 қызметкер отыратын. Жабдықтар жетіспейтін, компьютерлер мен принтерлер барлығында болмады, курстық іс-шаралар ресурстармен қамтамасыз етілмейтін.

Осылайша 2012 жыл келді. Дәл осы жылы Қазақстанның білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институты мен облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының 16 біліктілікті арттыру институттарын біріктіру жолымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ құрылды. Осы жылдан бастап республика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жүйесіне жаңа бағыт берілді. «Өрлеуде» білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесінің моделі әзірленді, оның негізіне білім берудің жаңа философиясы және Қазақстанда білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ететін заманауи инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану қойылған.

Сол кезде біздің әрқайсымыз отандық білім беруді жаңғыртуды қажет ететінін және елге өз ісінің сауатты, бәсекеге қабілетті, білікті мамандары қажет екенін түсінді. Мұндай міндет ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да қойылған болатын. Неден немесе кімнен әрекет етуді бастау жөн болды? Біз негізгі қозғаушы күш ретінде мұғалім болуы тиіс екенін түсіндік, өйткені оған болашақтың кілтін өз қолында ұстау деген жоғары міндет берілді. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамда жан-жақты дамыған және өмір мен өзара іс-қимылға дайындалған оқушыны тәрбиелеу міндеті тек қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологияларды, жоғары шығармашылық ойлауды, ақпараттық және коммуникативтік мәдениетті меңгерген, көшбасшылық қасиеттерге, өмірлік оптимизмге, өзінің оң имиджін жасай білетін мұғалім ғана шеше алады.

Біз бұдан былай мұғалімдерімізді дәл осындай бағытта дайындауымыз керек екенін айқын түсіндік. Дәл сол кезде біздің институттың негізгі міндеті – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Алматы қаласының педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттырудың тиімді жүйесін құру болып табылады деген түсінік туындады. Осы миссияны орындау үшін біз өзімізден бастауымыз керек болғандықтан, институтта жоғары білікті қызметкерлерді кәсіби тұрғыда өсуге жағдай жасау қажет болды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ осындай жағдайларды жасады. Осы жылдар ішінде біздің қызметкерлер Астана қаласында, сондай-ақ Мәскеуде, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Қырғызстан елдерінде біліктілігін арттырды. Жақсы өзгерістер басталды! Енді біз институт қабырғасынан шығып, жақын және алыс шетелдердің ең озық педагогикалық тәжірибесімен таныса алдық.

Осы жылдар тарихқа біздің қаламыздың педагогтарымен жұмыстың жаңа әдістерін, тиімді формаларын іздеу уақыты ретінде де кірді. Біздің қызметкерлердің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіру, үнемі жаңа тәсілдерді іздеу өз нәтижелерін берді. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен жаттықтырушылар оқу үрдісінде белсенді және интерактивті сабақ түрлерін кеңінен қолдана бастады. Олар біздің мұғалімдеріміз жай ғана уақыт өткізіп отыратын лекциялар жүргізбей, инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып сабақтар өткізді. Біздің мұғалімдеріміз жанданып, оқу үрдісінің белсенді қатысушысыларына айналды. Олар өздері жаңа білім тауып, оларды талдап, талқылап, өз пікірлерін айтып, флипчарттар, кластерлер, постерлер құрастырып, қорытынды жасайды. Уақыт көп күткізбеді, деңгейлік курстардың бірінші тыңдаушылары біздің сабақтарымыз туралы қуанышты пікірлерімен бөлісті, ал біз де мұғалім-практиктерге қажетті бола алғанымызға өте ризамыз.

Дәл осындай ынтамен біз ғылыми зерттеулер саласындағы жұмысты да жалғастырдық. ҒЗЖ педагогтардың біліктілігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында жүргізіліп, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Негізгі назар қызметкерлерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту мәселелерін шешуге бағытталды. Кафедралардың профессорлық-оқытушылар құрамы мен жаттықтырушылар білім беру бағдарламаларын әзірледі, өз зерттеулерінің нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар жазумен қатар, оқулықтар және оқу-әдістемелік кітаптарды рецензиялады, өз әріптестерінің монографияларын редакциялады. Сонымен қатар, ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарлар мен форумдар жұмыстарына белсене қатысып, 200-ден астам ғылыми мақалалар мен әдістемелік жұмыстар жарияланды.

Көптілді білім беруді жүзеге асыру аясында АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Грузия, Түркия, Латвия елдерінің халықаралық тренерлері мен сарапшыларының қатысуымен халықаралық конференциялар, оқыту семинарлары, тренингтер ұйымдастырылды және өткізілді. Осы кезеңде «Өрлеу» БАҰО» АҚ операциялық жоспарына сәйкес «көптілді білім беру: көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру» деп аталатын Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, «Жалпы білім беретін мектептің оқу процесіндегі тілдер полифониясының мәселелері мен болашағы» деп аталатын республикалық ғылыми-практикалық семинар, «Көптілді білім берудегі смарт-технологиялардың тәжірибесі мен болашағы» деп аталатын  қалалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, өткізілді. Олардың жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ЕҚЫҰ ШҚНМ ОАОП халықаралық сарапшылары, Британдық Кеңесінің, АҚШ елшілігінің, Француз Альянсының қызметкерлері, ғалымдар, алдынғы қатарлы білім және ғылым қайраткерлері қатысты.

Халықаралық ынтымақтастық табысты дамып келеді. Біздің пән мұғалімдерін ағылшын тіліне оқыту мәселесі, олардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру Британдық Кеңес серіктестерімен және АҚШ лекторларымен тығыз және өзара тиімді ынтымақтастықтың арқасында шешіліп жатқанын қуанышпен атап өткен жөн болады.

Біздің қаламыздың мұғалімдері арасында әр түрлі сайыстар өткізу жақсы дәстүрге айналды, өйткені олар талантты педагогтарды анықтап, қолдауға, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға, инновациялық тәжірибелерін таратуға бағытталғн. Біз «Жылдың үздік әдіскері», «Үздік аға оқытушы», «Жаңа форматтағы үздік мұғалім» байқаулары мен «Өрлеуде» бірінші жыл!» деп аталатын конкурс-эссе білім берудің жаңа мазмұнына көшу жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етті деп есептейміз.

«Өрлеудің» биікке самғау тарихында біздің жас зерттеушілердің үлесі де бар. 5 жыл бойы бастауыш сынып оқушылары арасында қабілетті балаларды анықтау үшін «Мен әлеммен танысамын» атты қалалық байқау өткізіліп келеді. Осы конкурста біздің жас достарымыз ерекше дарындылығын көрсетеді, ал біз, конкурсты ұйымдастырушылар, тілектестік пен өзара түсіністіктің қажетті атмосферасын жасауға тырысамыз.

Аймақтық және республикалық деңгейдегі БАҚ өкілдерімен тығыз өзара ынтымақтастықтың арқасында біздің филиал қызметкерлерінің жұмысы «Егемен Қазақстан», «Учитель Казахстана», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан Заман», «Айқын», «Қазақ үні», «Білімді ел», «Білім айнасы», «Ана тілі», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде және «Хабар», «Қазақстан», «Алматы», «31канал» телеарналарында үнемі жарияланып отырады.

Әрине, осы жылдардың ең маңызды оқиғаларының бірі жаңа ғимаратты алу болды. Филиалда заманауи оқу-материалдық базасы бар. Институттың барлық кабинеттері мен аудиториялары компьютерлік техникамен және соңғы модификациядағы ұйымдастыру техникасымен жабдықталған, Интернетке қосылған, WI-FI аймағы қамтамасыз етілген. Біздің кітапханада интернетке шығатын компьютерлер орнатылған, оның ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттердің қажетті қоры бар, ол үнемі толықтырылып, жаңартылып отырады. Білім берудің жаңа стандартын енгізу жағдайында қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының қызметкерлері Монтессори принциптерін толыққанды зерттей алады, өйткені біздің филиал қабырғасында оның кабинеті жұмыс істейді және қажетті білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Соңғы жылдары біздің ұжым бірігіп, әрқайсымыз бір-бірімізге одақтас болып, біз корпоративтік рухты сезіндік. Біздің филиалда жақсы дәстүр қалыптасты. «Тәлімгерлік мектебі» пайда болды, онда тәжірибелі жаттықтырушылар жаңадан келген оқытушылар мен жас жаттықтырушыларға көмектеседі. Тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсете отырып, тәлімгерлер өз әріптестерінің педагогикалық шеберлігін қалыптастыруда және дамытуда үлкен рөл атқарды. Біз шын мәнінде бір команда болдық, өйткені әркім ортақ іске өз үлесін қосты. Біздің институттың ішінде шығармашылық, өзара көмек және оптимизм рухы пайда болды.

Ал ең бастысы – біз тек ұйымшыл ұжым ғана көптеген шыңдарға көтерілетінін және жаңа жеңістерге қол жеткізетінін түсіндік.

Раиса Садвакасова, Алматы қаласы бойынша «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ ПҚ БАИ директоры, п. ғ. д. 

 

Комментарии