Жексенбі, 25 тамыз 2019 ЖЫЛЫ
971 15-07-2019, 11:16

Жастарды шоғырландыру жылы


Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) «Жаңа толқын 100+» Республикалық жастар форумы өтті. Оның мақсаты – жастарды оқыту мен олардың бос уақытын өткізудің өзекті, белсенді түрлерін іздеу мен іске асыруға тарту және ынталандыру, жастар жылы аясында жаңа идеялар мен жобаларды ілгерілету болып табылады.  

 

Форум аясында Openspace форматында «Елбасы және Жастар жылы» деп аталатын тренинг-әңгіме, «Жаңа толқын 100+» форсайт-алаңы («PechaKucha» форматындағы өзекті сұрақтар мен жауаптары бар өңірлік штабтардың үздік жобаларының тұсаукесері), «Менің жетістігімнің тарихы» деп аталатын уәждемелік кездесулер, сондай-ақ табысты көшбасшылықтың дағдыларын оқыту бойынша интерактивті семинар-тренинг өтті. 

 

ҚХА, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ және жастар ұйымдарының өкілдерінен басқа форумға «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпаздары қатысты. Ереже бойынша, бұл бірегей жетістік тарихы бар, өз саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізген немесе жарқын және қоғамдық пайдалы істер мен іс-әрекеттер жасаған адамдар. Олар мыңдаған жас қазақстандықтар үшін үлгі болып, ақыл-ойға үлесімді және мейірімді мәңгілік құндылықтырға үйретуді жалғастыруда.…

 

Іс-шараның басты ұйымдастырушыларының бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қанаты болды. Қозғалыс осыдан бір жыл бұрын Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саясаты негізінде ел жастарын шоғырландыру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын ілгерілету мақсатында құрылған болатын.

 

Бізге ҚХА хабарлағандай, биылғы жыл ішінде «Жаңғыру жолы» еліміздің барлық аймақтарындағы жастарды қамтып, шоғырландырып үлгерді. 17 өңірлік штаб, сондай-ақ 10 тіркелген және тіркелмеген этномәдени бірлестіктердің 138 жастар қанаты құрылды. Қазіргі уақытта оларға 4815 адам белсенді қатысуда.

 

Жалпы алғанда, «Жаңғыру жолы» аясында республикалық деңгейде жастар бастамалары мен жобаларын көпшілікке тарату мақсатында 25 іс-шаралар өткізілді. ҚХА-ның 11 арнайы жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 3500 адамды қамтыған «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпаздарын ілгерілету аясында жүзеге асырылды. 35 жеңімпаздың қатысуымен еліміздің сегіз өңірінде имидждік кездесулер өткізілді. Барлық осы іс-шаралар мен жобалар әлеуметтік желілерде жақсы әсер берді – 10 000-нан астам пікірлер мен посттар тіркелді. 

 

«Жаңғыру жолы» қалалық штабының төрағасы Наталья Карагеур атап өткендей, бұл қозғалыс пайда болғаннан бері қазақстандық жастарда өздерінің жоспарлары мен идеяларын жүзеге асыру үшін көптеген мүмкіндіктер ашылды. Арнайы жастар бағдарламалары мен Жол карталары жасалып, жастардың барлық топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қамтитын жұмыс жүргізілуде. Осының бәрі, әрине, мемлекет осы бағыттарға үлкен көңіл бөлуінің арқасында орын алып отыр.

 

- Жастар мәселесі барлық кезеңдерде маңызды болатын, – дейді ол. – Бұл елдің, халықтың болашағы болып табылатын әлеуметтік қабат. 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғаны және 2020 жыл – Еріктілер (волонтерлер) жылы деп жарияланғаны мемлекеттің өз елінің болашағына мүдделілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. 

 

Оның айтуынша, жастар «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы (РЖҚ) ірі жобаларына белсене қатысуда. Осылайша, мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Дала Елі киелі мұрасы» тарихи-экологиялық жобасы аясында жас қазақстандықтар оларды ата-бабаларымыздың мәдени және рухани мұрасымен байланыстыратын маңызды орындарды аралады – бұл Қазақстан тарихында маңызды із қалдырған мәдениет, өнер ескерткіштері, көрнекті қоғам қайраткерлерінің өмір сүрген және жерленген орындары. 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының жастармен жұмыс жөніндегі тағы бір маңызды жобасы, оның айтуынша, қазақ халқының мәдениетін, тілін, тарихын, этикасын, тұрмыстық ерекшеліктерін насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасы. Сонымен қатар, елімізде жыл сайын «Мен – қазақстандықпын!» деп аталатын жастар форумы өткізіледі. Ол бүгінгі таңда жастар массасы арасындағы Ассамблея идеяларының қозғаушы күші болған жастар көшбасшыларының жобаларын таныстыру алаңына айналды. Сонымен қатар, қоғамдық келісім тақырыбын, қайырымдылық акцияларын, шығармашылық фестивальдерді, халықаралық этникалық сән марафонын көрсететін жас журналистер арасында мемлекеттік тілді білу байқаулары да үлкен қызығушылық тудырады. 

 

- Жастар үшін өз ата-бабаларының тарихын, дәстүрлі өмірлерін зерттеп, түсіну, оны сақтап, өз балаларына тапсыру өте маңызды, – деп есептейді Наталья Қарағұр. – Елордалық Ассамблея жастары өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған түрлі қызықты жобаларды жүзеге асыруда. «Жаңғыру жолы» РЖҚ қалалық штаб алаңында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары» жобасының жеңімпаздарымен, бизнесмендермен, спортшылармен кездесулер өткізіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жеке және ең маңызды функциясы еліміздің барлық өңірлерінен, әр түрлі жастағы және этностың, бірлік, достық, өзара сыйластық пен теңдіктің бірыңғай идеясымен әлеуметтік жағдайдың бірігуі болып табылады.  

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар жаңа қозғалыс жұмысының қорытындылары туралы пікір қалдырады. Мысалы, Ақтөбе облысының «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының төрағасы Аслан Әбуов жазғандай, олардың интернационалдық достық командасы үлкен жұмыс атқарды. Атап айтқанда, «Память во имя будущего» (Болашаққа арналған естелік) халықаралық форумы өткізіліп, «Батыс» және «Ақтөбе – кұтты мекен» деп аталатын екі әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. «Олардың басты мақсаты – еліміздің және жердің рухани құндылықтарын жаңғырту. Команда жетістігінің кепілі – бірлік. Біз әртүрліміз, бірақ мақсатымыз бен күн сайын өзіміздің еліміз үшін бірдеңе істеуге ұмтылысымыз ортақ. Біз бар жерде достық бар», – деді штаб төрағасы.

 

Онымен «Світанок» жастар қанатының көшбасшысы, «Жаңғыру жолы» қозғалысы төрағасының орынбасары Ирина Гнатюк келіседі: «Ассамблеяға 12 жасымда келдім, осында менің жақсы достарым бар. Біз ұлт тұрғысынан әртүрліміз, біздің қызығушылығымыз да әр түрлі, бірақ біз шын мәнінде бір үлкен және тату жанұямыз... Қоғамдық жұмыспен айналысуды ұнатамын: біз әр түрлі әлеуметтік жобаларды іске асырамыз, стартаптарға қатысамыз, әрбір адамға өзін көрсетіп, жетістіктерге қол жеткізуі үшін мүмкіндік беріп, барынша қолдаймыз.

 

Алматы мен Астанада өтетін стартап-жобалар бойынша жастар форумдарына қатысқаннан кейін, біздің республикада болашағы зор дарынды балалар өте көп болды. Енді бүкіл Қазақстан бойынша достар тапты» – дейді ол.

 

«100+ жаңа толқыны» деп аталатын жастар Future-Форумы екінші рет өтуде. Өткен жылдағыдай, оның қатысушылары іс-шараның қорытындысы бойынша ҚХА жастар қозғалысының жұмысын жетілдіруіне қатысты ұсыныстар жасады.

 

Комментарии