Сәрсенбі, 17 шiлде 2019 ЖЫЛЫ
541 28-05-2019, 12:25

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын өзгерткен және оның құлдырауын жылдамдатқан съезд мерейтойы қарсаңына


30 жыл бұрын, 1989 жылдың 25 мамырында КСРО Халық депутаттарының бірінші съезі басталды. Ол тіпті бұрын да, кейін де ешқашан болмаған нағыз саяси шоуға айналып, үлкен қоғамдық қызығушылық тудырған еді. Отырыстардан трансляцияларды жіберіп алмау үшін (олар таңертеңнен кешке дейін тікелей жүргізілген) адамдар демалысқа шығып және жұмысқа жарамсыздық туралы қағаздар алған болатын. Бұл съезд кеңестік азаматтардың ақыл-ойының бағытын ғана емес, сонымен қатар жалпы елді де түбегейлі өзгертті, ал сонымен қатар оның ыдырауын жақындатты.

Соншалықты әртүрлі сайлаулар

2250 халық депутаттарын сайлау айтарлықтай күрделі схема бойынша өткен еді. Олардың үштен бір бөлігі ұлттық-аумақтық округтерден сайланған, екіншісі – аумақтық бірлестіктерден, үшіншісі – қоғамдық бірлестіктерден (кеңес одағының коммунистік партиясынан, комсомолдан, ғылым академиясынан, шығармашылық одақтардан, тіпті филателистер қоғамынан және ішімдікке қарсы күресшілерден) сайланған. Көп жағдайда сайлау балама болды, ал кейбір жерлерде биліктен ұсынылған кандидаттар мен «қайта құру толқынымен» көтерілген үміткерлер арасындағы өткір бәсекелестік жүрді. Бұл әсіресе Мәскеуге, Ленинградқа, Балтика өңіріндегі республикаларға қатысты. Онда коммунистік партия диктатынан шаршап, өзгерістерді күтгендері соншалық, мысалы, Невадағы қалада сайлаушылар жергілікті партия және кеңес органдарының барлық басшыларына қарсы дауыс берді.

Ал Қазақстанда және Орта Азия республикаларында барлығы «сценарий бойынша» өтті. Нақты күрес болған азғана округтерді есепке алмауға болады. Айтпақшы, съезд аяқталуына таман, 8 маусымда, Геннадий Колбин КСРО партиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне ұсынылған кезде Свердлов облысының депутаты Измоденов оған мынадай сұрақ қойды: «Сіз қалай ойлайсыз, біздің баспасөз хабарламалары бойынша, 26 наурыздағы тікелей сайлау алдында Қазақстан Компартиясы обкомдарының барлық бірінші хатшылары балама кандидаттарсыз қалғаны демократияны қайта құруға және дамытуға ықпал ете ме?». Колбин «адамдардың еркіне» сілтеме жасай отырып, анық жауап бере алмады.

Мысалы, Қызылорда облысында сайлау қалай өткені туралы айтар болсақ. Ұлттық-аумақтық округ бойынша сайланған партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы Еркін Әуелбеков те дауыс беру алдында бәсекелестерсіз қалды (алайда ол кез келген адамды едәуір артықшылықпен жеңіп алар еді), өйткені жергілікті тұрғындар оған, әсіресе оның икемсіз ізашарларынан кейін, өте риза болатын. Ал біздің аумақтық округте қандай да бір оғаш схема қолданылатын. Мен үміткерлердің бірі болғандықтан, бұл туралы толығырақ айтып беремін.

Мені (сол кездегі мүлдем жас шағымда) жұмыс істеп жүрген редакцияның ұжымы ұсынды. Ал мен бас редакторға қарағанда, сәл көбірек дауыс жинап алдым. Соңғысы, расын айтсақ, жиналыста болған жоқ, ал оның кандидатурасын партия комитетінің хатшысы ұсынды (ол өзі хабардар болды ма, әлде жоқ па, мен білмеймін). Айтпақшы, бір жыл өткен соң, 1990 жылдың көктемінде ол екінші, шешуші, кезеңде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауында дауыс беру турына өтеді және партия комитеті ұсынған кандидаттан сәл ғана ұтылып қалады. Сол жариялылық дәуірде баспасөзді құрметтейтін, біздің газетіміз, Әуелбековтың қолдауымен, ең өткір мәселелерді көтеретін және ол үлкен тиражға ие болған, сондықтан менің әріптестерім дәл осы жағдайға негізденіп, мені сайлауға қатысуға сендірді.

Мен сияқты, «төменнен» ұсынылған бірнеше адамдар бар болып шықты.  Саяси ағарту үйінің залында өткен жиналыста бізге өз бағдарламаларымызбен шығып сөз сөйлеуге тура келді. Аудиторияның шамамен үштен екі бөлігін Қызылорда жұртшылығы құрады, үштен бір бөлігін Ленинск қаласының өкілдері (қазір Байқоңыр) құрады. Ал олардың барлығың бір бірінен бөлек отырғызды. Біріншілері өздерінікін сайлау керек болатын, екіншілері – өздерінікін, және осы екі жеңімпаз шешуші турға, енді жалпы дауыс беруге шықты. Ал облыс орталығында халық саны Ленинск қаласындағы халымен салыстырғанда бес есе көп болғандықтан, космодром-қаладан ұсынылған кандидаттың ешқандай мүмкіндігі жоқ екені айқын бола бастады. Міне, осындай оғаш жолмен сайлау округі құрылды, және осындай оғаш сайлау жүйесін ұйымдастырушылар ұсынған.

Өзімнің микрофонға шығуымды мен бүлдіріп алдым, өйткені орыс тіліне қарағанда нашарлау білетін қазақ тілінде сөйлеуді шештім. Сондықтан сол кездегі, менің ойымша, түбегейлі-либералдық бастамаларымды түсініксіз мәлімдегенім аудиторияға ешқандай әсер етпеді. Дегенмен, дауыс беру нәтижесі бойынша мен тек облыстық аурухананың бас дәрігерінен ғана (шынын айтқанда, өте көп дауыспен) ұтылдым. Кейін ғана түсінікті болғандай, оны жергілікті билікті жылжытқан екен, ал залда жиналғандар арнайы іріктеліп, нұсқау алған (дегенмен, ашық айтқанда, мұны істеудің де керегі жоқ еді, өйткені басқа кандидаттардың арасында жарқын тұлғалар болмады). Нәтижесінде ол Қазақстаннан сайланған ҚСРО 99 халық депутаттарының бірі болды. Айтпақшы, өз ісінде өте сауатты маман болды, бірақ саясаттан алыс еді.

Үнсіз делегация

Жалпы, біздің делегация съезде, әсіресе алғашқы күндері, өте нашар болып көрінген. Басқа да көптеген республикалардың өкілдері, москвичтер, ленинградтықтар, свердловшылар және т. б. шын мәнінде «жарқырап», жалынды сөздер айта отырып, батыл бастамаларды ұсынып жатқан кезде, Қазақ КСР-ның депутаттары пікірталасқа іс жүзінде қатыспай, күту позициясында қала берді. Тек екі эпизодты еске түсіруге болады.

Біріншісі. Съезд басталғаннан кейін екі күн өткен соң Юрий Афанасьев «агрессивті-мойынсұнғыш көпшілік» және «оған өте шебер әсер етіп отырған Михаил Сергеевич» туралы атақты сөз тіркесін айтты, ал Гавриил Попов демократиялық фракция құруға шақырды (ол Өңіраралық депутаттық топ деп аталды). Бұл залда өте қатты реакция тудырды. Өзгелердің арасында Олжас Сүлейменов те сөз алды, ол мұндай үндеулер «съезді екіге бөлуге қабілетті, қазір біздің миллиондаған сайлаушыларымызды көріп отырғанын ескерсек, ол бүкіл халықтың жан-тәніне, санасына жаман әсер етеді» – деп мәлімдеді.  Әдеттегідей, ақын бейнелі салыстыруларды қолданды: «Демократия – әлі жас қыз. Сондықтан оған кем дегенде кәмелеттік жасқа толуға мүмкіндік берместен бірден өзіміздің барлық құмарлықтарымызды қанағаттандыруды талап ету, – бұл тіпті адамға қарсы қылмыс», «Егер барлық күшпен сол жаққа қарай артықша ұмтыла берсек, онда біздің қайық оң жаққа күрт бұрылады».

Екінші эпизод. Кәсіподақтан сайланған павлодарлық мұғалім Галина Амангельдинова «аймақ аралық» депуттарды тәртіпке шақыруға тырысып, бірақ тек күлкі тудырды: «Съезде қалыптасқан жағдайда мен, әйел ретінде, алғашқы үш күнде өнер көрсеткен мәскеулік делегаттардың арасында тіпті отырудан да қорқамын». Содан кейін былай деп жалғастырды: «Ал енді көптеген әйелдердің атынан менің басқа өтінішім бар – еркек-депутат жолдастар , егер біз жұмыс осындай қарқынмен жұмыс істейтін болсақ... Мектептерде каникулдар басталып жатыр, бізге, әйелдерге, үйге қайту қажет, сондықтан іскерлі түрде әрекет етейік».

Редакцияда съезд барысы туралы кезекті жариялымдарды дайындап жатқан кезде (ал газет күн сайын шығатын) «егер отбасыңды екі аптаға қалдыра алмайтын болсаң, депутаттыққа барудың қажеті не?» – деп ашуланғанымыз есімде. Қазақстаннан сайланған адамдар үшін ұялу сезімі болды.

Сонымен қатар, бүкіл ел «демократия» мен «агрессивті-мойынсұнғыш көпшілік» арасындағы, Горбачев пен Собчак арасындағы, бас прокурор Сухарев пен оның қарамағындағы Гдлян мен Иванов арасындағы сөз қақтығыстарын мұқият қадағалап отырды және академик Сахаровтың залдан репликалармен үзіле берілген сөздерін тыңдады. Ел Молотов-Риббентроптың құпия пактісінің егжей-тегжейлері жөнінде, атышулы «өзбек ісі» жөнінде, әзірбайжан-армян қақтығысы жөнінде мәліметтерді біліп отырды... Бұрын құпия болған барлық нәрсе айқын болды, мәжіліс залының қабырғаларынан  пікірталастар қалалар көшелеріне, темекі шегетін жерлерге және ас үйлерге шығып кетті.

Съездің бірінші күнінде атақты кинорежиссер Эльдар Шенгелая 1989 жылдың 9 сәуірінде болған трагедия туралы мәселені көтерді (Тбилисиде ереуілге шыққан уақыт туралы жиырмадан астам бейбіт тұрғындар көз жұмған болатын). Келесі күндері Грузияның өкілдерімен оларға қолдау көрсеткен КСРО-ның басқа өңірлерінен демократиялық бағдарлаудағы депутаттармен бірге осы тақырыпты талқылауды жалғастырды, ал 30 мамырда олардың талабы бойынша түсініктеме беру үшін трибунаға сол операцияны басқарған генерал Родионов шақырылды. Сол кезде болған жағдайды тергеу үшін Собчак бастаған комиссия құрылды.

Тоқтап қалған бастама

Дәл сол Тбилисси трагедиясын талқылау мен комиссия құру Мұхтар Шахановты бір аптадан кейін, 6 маусымда өткен кешкі отырыстың ең соңында сөз сұрауға  шабыттандырды. Ол былай деді (стенограммадан, қысқартылған түрде): «Съезде Грузиядағы оқиғалар туралы мәселе көтерілгеннен кейін Қазақстан депутаттарының бір тобы өз сайлаушыларынан көптеген жеделхаттар, ұжымдық хаттар алып жатыр. Олар тіпті осындай жариялылық кезінде де Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары туралы мәселені съезде көтермегенімізге, бейбіт демонстранттарға қарсы елде тұңғыш рет саперлік күректер, қызметтік иттер қолданылғанына, қыздарды шоқпарлармен, кирзалық етіктермен ұрғандарына наразылық білдіріп отыр. Қоғамнан осы күнге дейін құрбандар саны жасырылуда. Толық емес мәліметтер бойынша, екі мыңға жуық адам тұтқындалды. Олардың көпшілігі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мыңдағаны оқу орындарынан шығарылып тасталған, жұмыстарынан босатылған».  

«Белгілі интернационалдық фигура – Колбин жолдас» басқарған «жағдайды сауықтыру үшін көп күш-жігер жұмсаған» республиканың партия ұйымына қарай реверанс жасай отырып (бәлкім, онсыз да мүмкін емес болған шығар), ақын былай деп жалғастырды: «Алматыда орын алған оқиғалар туралы ақпарат және ішкі әскерлер сарбаздарының құқыққа қарсы әрекеттері туралы шындық әлі күнге дейін құпияландырылған күйінде қалып отыр. Сондықтан да бізде халықтар достығына жаман әсер ететін және кейбір ұлтаралық араздықтың көзі болып табылатын түрлі жаман қауесеттер бар. Осыған байланысты біз түрлі аймақтар мен ұлттарды білдіретін халық депутаттары арасынан Алматыдағы Желтоқсан оқиғалары туралы шынайы ақиқатты анықтау үшін комиссия құруды өтінеміз». Сондай-ақ Шаханов қазақ халқынан «өз тарихымен, өз қанымен халықтар достығына деген адалдығын бірнеше рет дәлелдеген» ұлтшылдық жөніндегі айыптарды алып тастауға шақырды.

Екі күннен кейін Олжас Сүлейменов өз сөзінде осы тақырыпты жалғастырды: «Егер 1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматы оқиғалары кеңінен кең көлемде, демократиялық түрде талқыланып, дұрыс түсінілген болса, онда 9 сәуірде Тбилисиде орын алған оқиға, мүмкін, болмас еді.Менің ойымша, Алматыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайын жаңа гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастыру дұрыс болар еді. Барлық жеделхаттар мен хаттарды Жоғарғы Кеңестің тиісті комиссиясына өткіземін, және осы мәселе бойынша сол жерде баяндама жасауға дайынмын».

Алайда, осы екі ақын тиісті табандылық танытпады ма (бұл тіпті қазақстандық делегацияның өзі тарапынан да қолдаудың жоқтығымен түсіндірілуі мүмкін), әлде 9 маусымға жоспарланған съездің жабылуы себеп болды ма, бірақ ешқандай комиссия құрылмады. Және жалпы алғанда, бұл бастама одақтық деңгейде тоқтап қалды – кез келген жағдайда, халық депутаттарының келесі съездерінде (одан кейін тағы төрт съезд болған) бұл мәселе бұдан былай көтерілмеді.

Съездің қорытындылары және Қазақстан

Дәл сол күні, 8 маусымда Жоғарғы Кеңес (ЖК) КСРО партиялық бақылау комитетінің төрағасы лауазымына ұсынылған Колбиннің кандидатурасы талқыланды. Бұл тағайындау (екі мың халық депутаттарының 1600-ге жуығы жақтап дауыс берді) Қазақ КСР-да жаңа бірінші басшы пайда болатынын білдірді. Тура екі аптадан кейін, 22 маусымда, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Нұрсұлтан Назарбаев тағайындалды.

Сол кезде, съезд барысында, алдында аталған Әуелбеков КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайланып, ал кейінірек, оның сессиясында – ЖК Ұлттар кеңесінің бір комиссиясы төрағасының орынбасары болып сайланды. Осылайша, республика бойынша жоғары лауазымға күресте Назарбаевтың басты бәсекелесі болып саналған Әуелбеков Мәскеуге жұмысқа көшіп кетті. Өзі үшін жаңа лауазымда болған кезде Әуелбеков Қызылордаға келіп, журналистермен кездесіп, елдегі демократиялық өзгерістер туралы оң пікір білдірді.

Ал КСРО ЖК Ұлттар кеңесінің төрағасы болып сол кезде Өзбекстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Рафик Нишанов сайланды. Оның орталыққа аударылуы Ислам Каримовке (республиканың болашақ көпжылдық басшысына) билікке бағытталған жолды ашты. Сол кезде ешкім де екі жылдан кейін КСРО ыдырайды деп ойлаған емес.

Әрине, халық депутаттарының съезі, ал дәлірек айтқанда, сол демократияландыру мен ұлттық сана-сезімнің өсуіне ықпал еткен қосымша қуатты серпін елдің құлдырауын біршама жақындатты. Бірақ сол кезде осындай сценарий жөнінде тіпті ойламаған адамдардың көпшілігі де (мен саяси элиталарды емес, қатардағы азаматтар жөнінде айтып отырмын) одан әрі бұрынғыдай өмір сүруге болмайтынын және өзгерістер пісіп-жетілгенін түсінетін.  

Бұған дейін қоғамдық-саяси ахуал қатып қалған Қазақстанға келер болсақ (оған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан сабақ алып шыққан жергілікті партия-кеңес аппаратының қорқу мен тыйым салу позициясы әсер етті), онда дәл осы бірінші съезд сол мұзды ерітті. Трансляцияларды қадағалаған адамдарда Достоевскийдің сөзімен айтқандай, біз дірілдеген неме емеспіз, біздің құқығымыз бар деген түсінік пайда болды. Өз пікірін білдіру құқығы, яғни билік органдарына олар үшін таңдағандарды емес, өздері лайықты деп санайтындарды сайлау құқығы.

Қоғамдық санада орын алған осы өзгерістермен енді санаспау мүмкін емес болды. Осыны келесі жылдың көктемінде өткен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау көрсеткен болатын. Әрине, сайлаулар барлық округтерде әділ бәсекелестік күресте өткен жоқ. Бірақ бұл шын мәнінде республикада алғашқы балама сайлау болды. Тереңөзек ауданының сайлаушылары аудандық партия комитетінің бірінші хатшысын елемегені есімде, ол сол кездегі облыстың басшысы Сейілбек Шаухамановтың (ол осы лауазымдағы Әуелбековті алмастырды) ерекше ықыласына ие болатын. Сол сайлау науқаны бұған дейін саясаткерлердің билігімен байланысы жоқ жаңа буынды ұсынған – Марат Оспанов, Петр Своик, Ермұхамет Ертісбаев, Виталий Вороновты атау жеткілікті.…

Дегенмен, бұл енді басқа оқиға.

Суретте: Еркін Әуелбеков пен Михаил Горбачев съезд ашылар алдында (фото ТАСС – Кеңес одағының телеграф агенттігі)

 

Комментарии