Жұма, 19 шiлде 2019 ЖЫЛЫ
482 20-05-2019, 12:02

Өткен кезеңдердің батырлары жайлы…


Ұлы Отан соғысы туралы көптеген кітаптар жазылып, фильмдердің үлкен саны түсірілген. Сонымен қатар қантөгіс шайқастарға тікелей қатысқан адамдардың мақалалары, жазбалары және мемуарлары бар. Бірақ оған қарамастан, сол кездегі қорқынышты оқиғалар жылнамасының үлкен қабаттары әлі де кең жұртшылыққа қолжетімді болмай қала береді. Кейбір үзінділер мен жеке оқиғаларды тіпті «ақ дақтар» санатына жатқызуға да болар еді.

Бұл ерекше керемет ерлік көрсеткені үшін ең жоғары мемлекеттік наградаға – Кеңес Одағы Батыры Алтын жұлдызына – ұсынылып, бірақ әр түрлі себептерге байланысты оны алмай қалған майдангерлерге де қатысты. Бұл тізімде қазақстандық жауынгерлер аз емес болып шықты. Осы солдаттар мен офицерлердің естелігіне құрмет білдіру мақсатымен 2010 жылы белгілі қазақстандық тарихшы Берік Әбдіғалиұлы «Халық Қаһарманы» деп аталатын патриоттық акциясына бастамашылық жасаған болатын. Ал жақында ғана жарық көрген «Ұмытылған батырлар. Кеңес Одағының Батырлары» атты кітабы сол патриоттық акцияның логикалық жалғасы болды. Бұл соғыс тарихының көптеген беймәлім беттеріне жарық түсіретін үлкен және маңызды зерттеу.  

Өткен кезеңдердің батырлары жайлы…

Біз әкелеріміз бен аталарымыз өз әскери борышын айбынды атқарғанын шын мәнінде мақтан тұтамыз. Бұл туралы статистиканың сандары мәлімдейді. Соғыс жылдары майданға біздің 1 366 164 жерлестеріміз аттанды. Олардың жартысына жуығы – 602 928 адам – шайқастарда қаза тапты. Оның ішінде 130 мыңға жуық қазақ (барлық қаза тапқан кеңестік әскери қызметшілердің 1,5 проценті). Басқа этностардан бізге қарағанда көбірек жоғалтқан тек орыстар – 5 756 000 (66,4%), украиндар – 1 377 400 (15,8%), белорустар – 252 900 (2,9%), татарлар – 187 700 (2,1%) және еврейлер – 142 500 (1,6%).

Қазақстандық жауынгерлердің ерекше керемет ерлігінің көптеген куәліктері сақталып қалған. Олардың ерліктері байқаусыз қалмайтын. Әр түрлі бөлімшелердің командирлері ерекше көзге түскен жауынгерлерді марапаттау туралы өтініш білдірдген болатын. Бірақ бұл үндеулер кей кездері тиісті жауап алмай қалды. «Ұмытылған батырлар» деп аталатын кітаптің авторы, осы солдаттар мен офицерлер туралы әңгімелей отырып, өз міндетіне тарихи әділеттілікті қалпына келтіруді алған болатын.

Бұрынғы мәліметтерге сәйкес, 497 қазақстандықтар (оның ішінде 280 орыс, 96 қазақ, 86 украин және 45 өзге ұлт өкілдері бар) Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Біздің тағы 113 жерлесіміз Даңқ орденінің барлық үш дәрежесінің кавалерлері болды. Ал 1990 жылы ҚР президентінің ұсынысы бойынша Кеңес Одағының Батыры атағы аты аңызға айналған қазақ қолбасшысы Бауыржан Момышұлына қайтыс болғаннан кейін берілді. Сонымен қатар, Алтын жұлдыздың тағы екі кавалері, ұлты бойынша қазақтар – Сабыр Рахимов пен Расул Исетов – кезінде өзбектер деп қате жазылғанын атап өткен жөн.

Өздерінің ерекше ерліктерімен осындай жоғары атаққа лайық болып, бірақ КСРО кезінде оны алмаған адамдардың кейбіреулеріне тәуелсіз Қазақстанда «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Атап айтқанда, бұл Қасым Қайсенов (1995 ж.), Бақтыораз Бейсекбаев (1998 ж.), Рахымжан Қошқарбаев (1999 ж.), Хиуаз Доспанова (2004 ж.). Айтпақшы, Бақтыораз Бейсекбаев Ресей Батыры атағына да ие болды («Капитан Масловтың экипажы»).

Ал қанша хабар-ошарсыз және атаусыз батырлар мәңгілікті жас күйінде Ресей, Белоруссия, Украина және бүкіл Еуропа аумағында қалды! Зерттеушілер ондаған жылдар бойы «хабар-ошарсыз кеткендер» тізімдерінде есепте тұрған және ерліктері әзірге беймәлім болып отырған жауынгерлердің сүйектерін табуға тырысып, шайқас орындарында іздестіру жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Олардың барлығы олар туралы естелік ешқашан да ұмытылмас болуына лайықты.

Б. Әбдіғалидің айтуынша, алдымен Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ оны алмаған он қазақстандықтар туралы материалдар мен құжаттар жиналған болатын. 2015 жылы оларға арналған жинақ шығарылды. Қазіргі басылым оның жалғасы болып табылады. Автор атап өткендей, оған Қазан қаласындағы Ұлы Отан соғысының Ұлттық мұражай-мемориалынан ресейлік әріптестер материалдар іздестіруде үлкен көмек көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан офицерлері туралы 25 томдық кітаптың және Батыр атағы берілмеген қазақстандықтар жөнінде баяндайтын, 2018 жылы шығарылған кітаптың авторы Жұмабай Доспанов үлкен жұмыс атқарды.

Бұл жинақтың кейіпкерлері болған жауынгерлер көбінесе өз туыстарынан басқа аздаған ғана адамдарға таныс. Мектептерге, көшелерге, ауылдарға олардың есімдері берілген жоқ. Олардың майдандағы жолдастары мен тікелей жауынгерлік командирлер мойындаған ерекше ерліктерін штаб пен партия бюрократиясы елеусіз қалдырған болатын. Яғни, бұл ұмытылған батырлар. Қазіргі зерттеушілердің міндеті – олар туралы шындықты келесі ұрпақтарға жеткізу. Бұл ең алдымен тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін қажет.

Кітапта соғыс тарихына аз да болса қызығушылық танытатын кез келген адамды бей-жай қалдырмайтын көптеген беймәлім фактілер келтірілген. Әрбір нақты жағдайда адам тағдыры мен адами және әскери борышқа шексіз берілгендіктің үлгілері бар.

Ал енді кітапта орын алған статистикадан үзінді келтірейік. Батыр атағына ұсынылған 133 адамның 118-і – қазақтар. Сондай-ақ орыстар, өзбектер, татарлар, ұйғырлар, тәжіктер бар. Көпшілігі – жаяу әскерлердің өкілдері. Сонымен қатар, тізімде 26 артиллерист, 14 пулеметші, 8 сапер, 5 танкист, 5 снайпер, танкіге қарсы өздігінен жүретін экипаждың 4 мүшесі (СУ, ИСУ), 4 санитар, 3 байланысшы, 3 десантшы, 2 кавалерист бар. Сондай-ақ ұшқыштар, инженерлік әскерлердің өкілі, Ішкі істер халық комиссариаты қызметкері де бар.

Бір қызығы, сегіз қазақстандық Батыр атағына екі рет ұсынылған екен. Олардың екеуі – капитан Сағадат Нұрмағамбетов пен Сейтхан Темірбаев – Алтын жұлдызға ақырында ие болды. Ал қалғандарына ол атақ екі ретінде де берілмеді. Бұл саперлар – қатардағы жауынгер Құдайберген Жәнсеріков пен аға сержант Мнайқұл Сағындықов, рота командирі, лейтенант Қабыш Құктаев және 248 фашистті жойған снайпер, аға сержант Зейтын Байжанов, сондай-ақ майор В. Гутов пен лейтенант В. Гутовский.

Бірақ тіпті бұл қатарда да шынымен бірегей фактілер бар. Айталық, Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласынан майор Александр Несмияновты үш рет (!) Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған екен. Бірақ барлық үш өтініш те қабылданбады.

Өткен кезеңдердің батырлары жайлы…

Кітапта әрбір нақты оқиға қатаң құжаттық негізде егжей-тегжейлі сипатталған. Тек қана бір мысал келтірейік.  

1914 жылы дүниеге келген Құдайберген Жансеріков 1941 жылы 20 шілдеде Алматы аудандық әскери комиссариатынан Қызыл әскер қатарына шақырылды. Ленин ордені иегері Чернигов Қызыл тулы 77-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 86-ші жеке гвардиялық саперлік батальонында қызмет етті. Марапаттау парағынан: «Дивизиясының бөлімшелері Висла өзенінің арғы бетіне жылдамдатып өту кезінде Джансериков жолдас паромды жүргізушілер арасында жұмыс істеді. Үздіксіз арт-миномет атқылауы кезінде ол мүлдем ауысусыз 13 рейс жасады, паром екі рет снарядтардың ұшқындарымен зақымдалды, сонда Джансериков жолдас, қауіптілікті елеместен, әр жолы зақымдарды жойды. Өз батылдығымен және батырлығымен Джансериков жолдас паромдағы жауынгерлерді қойылған тапсырманы орындауға тартты. Қысқа уақыт ішінде Джансериков жолдас жұмыс жасаған паромда оқ-дәрі тиелген 6 автокөлік, 8 76м/м зеңбірек және 250 жаяу адам жіберіді. Кеңес Одағының Батыры атағын беруге лайық». Бірақ ол тек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Өткен кезеңдердің батырлары жайлы…

 

Екінші рет оны 1945 жылғы ақпан айындағы шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынды. Марапаттау парағынан: «Джансериков жолдас жаудың жауып жатқан отының астында сым қоршауда екі өткел жасады, Радом қаласына жақын орналасқан танкілермен қатар жүріп, жаудың отының астында біздің танктеріміздің алға жылжуын қамтамасыз ете отырып, мина алаңында өткел жасады... Одра өзеніне жақындағанда, құрамында Джансериков болған рота Тенчин деп аталатын жердің маңайында көпір салу тапсырмасын орындау барысында, жау шабуыл жасады. Батылдық пен батырлықты көрсете отырып, Джансериков жолдас қарсыластың тылына жасырын кіріп, автоматтан от жаудырып, осылайша шабуыл жасаған жауға үлкен шығындар әкелді. Джансериков жолдас жеке өзі 15 немісті өлтірді». Нәтижесінде ол екінші рет Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Ал кітапта Құдайберген Жансеріков сияқты 133 батыр бар.

Өзінің тірі кезінде Кеңес Одағының Батыры атағына лайықты болып, бірақ оны алмаған адамдардың арасында бүгінгі таңда ең танымал болып Рейхстаг ғимаратына Қызыл туды ең бірінші болып орнатқан Рахымжан Қошқарбаев қалып отыр. Бұл факт құжатпен дәлелденген болса да, біздің жерлесіміз Отан марапатына ие болмай қалды.

Ал соңында кітап авторы Берік Әбдіғалиұлының сөздерін келтіремін:

«Осы жинақтың мақсаты – әрқайсымыз, сайып келгенде, өзінің батыр аталары мен арғы аталарының ерліктеріне көз жүгіртіп, Ұлы Отан соғысындағы қазақтардың ерлігін тағы бір мәрте еске алуымыз. Және шешім қабылдау процесіне қатысты адамдар, ақырында, біздің хабар-ошарсыз батырларымызды мәңгі есте сақтауға қандай да бір іс-әрекеттер жасауы.

Біз батырларымызға қатысты ұлттық немесе қандай да бір өзге белгілер бойынша кемсітушілік болды деген ойдан қашықпыз. Ұлты жоқ штаб және партиялық басшылықтың әділетсіздігі барлығына өз әсерін тигізді. Бірақ қалай да болмағанда, бұл қатені біз түзетуіміз керек. Бір кездері әділдік орнап, біздің батырларымыздың естелігі мәңгіге сақталатын болады деп сенемін. Олардың есімдерімен көшелер мен мектептерді атайды. Олар туралы фильмдер түсірілетін болады. Олар біздің мақтанышымыз! Бұл енді оларға емес, бұл біздің ұрпағымыз үшін қажет.

Мұны ерекше ерлік жасаған батырлардың есімдерін халыққа қайтару үшін жасау қажет. Олардың ерлігі соншалықты керемет болғандықтан, тікелей қызметтестері және командирлері олардың батылдығы мен батырлығына бас иіп, оларға жоғары атақ беру туралы өтініш білдірген! Біз мақтан тұтуымыз үшін, оларды білуіміз керек, өйткені олардың ерлігі ешқашан өшпейді.  

Әрине, бұл соңғы тізім емес. Ұмытылған батырлар әлі көп, құжаттар жоғалған, бірақ бір кездері олар мұрағаттан алынатын болады. Біздің батырларды іздеу жалғастырылады, өйткені «Соңғы солдат жерленгенге дейін соғыс аяқталмады!» – деген әскери шындық бар. Біз сондай-ақ қайтып оралғандар туралы, олардың кейінгі тағдыры туралы ақпарат іздейміз.

Содан кейін біз әңгімемізді жалғастырамыз».

Комментарии