Жексенбі, 26 мамыр 2019 ЖЫЛЫ
586 24-04-2019, 10:51

Наразылықтың анатомиясы: азаматтық позиция ма әлде жай ғана шу шығару ма?


Елбасы президенттік қызметтен кеткеннен кейін және жаңа мемлекет басшысының алғашқы мәлімдемелерінен кейін әлеуметтік желілерде басталып кеткен наразылық толқыны біртіндеп хайпқа айналды. Бастапқыда осы тәсіл арқылы адамдар саяси процеске өз көзқарасын білдіргісі келеді деп көрінді. Бірақ кернеу неғурлым өскен сайын, біздің еліміздің тағдыры үшін өте маңызды шешімге біреу эволюцияның кері жаққа бара жатқан сипатын беруге тырысатыны анық болды. Виртуалды кеңістікке шығарылған негативті талдауды біз саясаткер Айгүл Омаровадан өтіндік.

Кімдер шу шығаруға тырысып отыр?

- Айгүл, сіздің пікіріңізше, 19 наурыздан кейін әлеуметтік желілерге не болып қалды?

- Мені «Фейсбукте» және басқа да әлеуметтік желілерде көтерілген негатив толқыны өте таң қалдырады. Оның үстіне осы жағдай жөнінде бәрінен де көп теріс пікір айтып отырған адамдар бұдан бұрын азаматтық ұстанымның көрсетуде байқалмаған.  Олар әдетте 16 желтоқсанда Тәуелсіздік монументінің жанында көрінбейді, олар бүкіл ел бойынша жерге қатысты митингілері кезінде алаңдарда болған жоқ. Олар ешқашан Ержан Тәтішевті, Алтынбек Сәрсенбаевты, Заманбек Нұрқаділовты өлтіру жөнінде тергеу жүргізуді талап еткен жоқ. Тіпті Денис Тенді өлтіргеннен кейін де олар үнсіз қала берді.

Әрине, билікті дербес бір адамға жекелендіру адамдарға тән қасиет. Барлық қиындықтарда ел басшылығын айыптап, бізге ешқашан ештеңе тәуелді болмаған және әлі де тәуелді емес деу ыңғайлы. Бірақ билік әрқашан қоғамның айнадағы бейнесі екенін және ол қазір дәл осындай болғанында біздің де кінәміз бар екенін ұмытуға болмайды.

1990 жылдары үкімет пен парламенттің есіктері шалқасынан ашылылып жатқанын барлығымыз жақсы білеміз. Министрлер де, депутаттар да БАҚ және азаматтық қоғам өкілдерімен үнемі кездесіп тұратын. Және тек кездесіп қана қоймай, конструктивті диалог жүргізетін. Содан кейін не болғаны да біздің есімізде. Алайда, мұнда сұрақ туындайды: осының барлығы бүгінгі күні қателіктер мен бұзушылықтар туралы ең қатты айқайлайтын адамдардың көмегімен болған жоқ па? Жылдар бойы олар ештеңені байқамауды жөн көріп, үн қатпай отырып, өз үнсіздігімен қолдап, қалыптастырған жағдайды бүгінгі күні өздері сынға салып отыр. Бұл ешқандай азаматтық ұстаным емес, осындай сөздерім үшін кешіріңіз, жай ғана «иттердің үруі».

Егер біраз уақыттан кейін сын деп аталатын нәрсенің бүгінгі толқыны біреулер арқылы арандатылғаны және әдейі ұйымдастырылғаны анықталса, мен таңданбаймын. Наразылықты көтеретіндердің өмірбаянына қарайтын болсаңыздар, олар сол бір клан тобына тиесілі екені бірден анық болады. Бұл адамдар, бәлкім, өздерін ең ақылдымыз деп санап, олардың белсенділігі қайдан басталып отырғанын ешкім түсінбейді деп ойлайтын шығар. Бірақ саяси өмірді қадағалап отыратын адамдарға олардың авторлығымен жазылған бір-екі пост оқылғаннан кейін-ақ көп нәрсе жарық күндей айқын болады.  

Кейбір жарияланымдарға қарасаң, біреулер халыққа биліктің өркениетті өзгерісіне қарағанда, Қазақстанды «майданға» айналдыру жақсырақ екеніне сендіргісі келеді. Алайда, осы идеяны ұстанатын адамдардың келтіретін дәлелдері ешқандай сын көтермейді. Әлбетте, олардың естері шығып кеткен болар, өйткені олар Нұрсұлтан Назарбаев осылайша, барлығы үшін «ауыртпалық» төндірместен, президенттік өкілеттіктерді бере салады деп күтпеген, сондықтан осындай өзгеріске дұрыстап дайындалмаған. Ал енді жағдайды асқындыру үшін себеп іздеуге кез келгенде, олар тіпті ең абсурдты тұжырымдамаларға жүгінеді.

Мен өзгерістерді жан-тәніммен қалаймын. Бірақ орындықтарды сындырып, ашық есіктерге кіру үшін жанжал шығарудың қажеті не?

Қазір бұл адамдар алдағы президенттік сайлау тақырыбы бойынша көпшілікті дүрліктіруге тырысуда, дегенмен бәрі шын мәнінде қалай болатынын ешкім болжай алмайтынын барлығы да жақсы түсінеді. Қазақстанның тұңғыш президенті жасаған бірінші қадамымен өзінің тек ірі саясаткер ғана емес, сонымен қатар ұлы саяси технолог екенін көрсетті. Сондықтан, қанша болжам жасаса да, халық қаншалықты дүрліктіруге тырысса да, одан дұрыс нәрсе шығуы екіталай.

- Ұшқыннан от жағуға нақты кім тырысып отыр және осы талпыныста оларды халық қолдайды ма?

- Егер әлеуметтік желілер мен БАҚ туралы айтатын болсақ, кейбір журналистер, саясаттанушылар мен олигархтар екенін көруге болады. Соңғылары өздерінің тұрақты мәртебесінен айырылғысы келмейтін көрінеді. Сондықтан да олар халықтың қолдауына ие болуға тырысып, қолдан келгеннің барлығын істеуге тырысып жатыр. Алайда, мұндай әдістердің пәрменді екенін мойындау керек, өйткені әлеуметтік желілерде тіпті осы олигархтардың бірін (оның арқасында біз Еуропа мен Араб Әмірліктерінде сияқты өмір сүретін боламыз, ол соншалықты жақсы болғандықтан, тіпті экологиялық бағдарламаларды да ұйымдастырады дей отырып) елдің келесі президенті ретінде сайлау керек деген месседж іске қосылды. Ал осы олигархтар өз қызметкерлеріне уақытында жалақыны төлейме, өз қызметкерлеріне тиесілі әлеуметтік міндеттемелерді орындайма деген сұрақтар аз ғана адамдарды толғандырады. Экологияға қатысты айтар болсақ, оларға дұ қол шапалақ жасамас бұрын, осы бағдарламалардың қалай ұйымдастырылатынын және олардың шеңберіндегі ел бойынша сапарлар қалай жүзеге асырылатынын, ең бастысы, оларға кім қатысатынын біліп алу жақсы болар еді. Сонда көп адамдарда кем дегенде ойлануға себеп табылады деп сенімдімін.

«Фейсбуктегі» посттарды оқығаннан кейін адамды президенттікке жылжытуға дайын болатын біздің отандастарымыздың жеңіл сенімшілдігі мен ашық ауыздығы таң қалдырады. Қанша дегенмен, егер жалпы жағдай бойынша айтатын болсақ, онда ойшыл адамдар бізде көп, сондықтан елде болып жатқан өзгерістерді халық дұрыс қабылдады. Оның үстіне қарапайым халық үшін ең бастысы – соғыстың болмауы, доллар бағамының көтерілмеуі, баспанасы мен лайықты жалақысының болуы. Жалпы алғанда, азаматтарды президент лауазымын кім атқаратыны, үкімет пен сенатты кім басқаратыны алаңдатпау тиіс. Олар үшін елде заңдардың дұрыс қолданылуы және осы заңдар алдында барлық адамдар тең болуы маңызды және  болашаққа сеніммен қарау үшін лайықты өмір сүру деңгейі болу қажет.

  Кланды топтар идеялар мен басшыларынан айырылған

- Бірақ неге бұл адамдар қайта атаумен байланысты жағдайды сондай оңайлықпен пайдалана алды?

- Білесіздер ме, мен ескерткіштерді тірі кезінде тұрғызып, қоғам мен ел үшін көп нәрсе жасайтын адамдарға олардың тірі кезінде құрмет көрсетудің жақтаушысымын. Бірақ жаңа президент ант қабылдағаннан кейін алғашқы күндері барлығын қамтитын қайта атаулар, жаппай шу мен айқай, шын мәнінде біртүрлі ыңғайсыз болды. Мүмкін, мен қателесіп отырған болармын, алайда астананың да, үлкен қалалардың орталық көшелерінің де атауларын асығыс түрде өзгертілгені бұл үдерісте кейбір арандатушылық сәттің болуы мүмкін деген ойлар тұдырады.

- Яғни, әңгіме мемлекеттің бірінші тұлғаларына зиян келтіруге тырысу жөнінде болуы мүмкін бе?

- Әбден ықтимал. Олардың ортасының кейбіреулері, бәлкім, жамандықпен емес, тек өздерінің жағымпаздылығы арқылы оларға сәтсіз қызмет көрсетеді. Дегенмен, бұл қоғамның теріс реакциясын тұдыруын көздей отырып жасалған «алдын ала дайындық» екені де болуы мүмкін.

- Әзірге наразылық толқыны жоғарыдан төменге түсірілмей, төменнен жоғарыға қарай көтеріліп отыр деген сезім қалыптасады…

- Менің ойымша, бұл алдамшы сезім. Бізде «тарихи тұрғыда» қалыптасқан жағдай бойынша, «төмендегілердің» көңіл-күй барометрінің рөлін таксистер атқарады. Бірақ олар бүгінгі күні әлеуметтік желілерде массаны дүр сілкіндіруге тырысатын нәрсенің ешқайсысын көрсетіп отырған жоқ.

- Алайда, егер жанып жатқан отқа отын тастап отырған элита өкілдері болса, онда клан соғыстарының қаупі әлі де бар ма?

- Нұрсұлтан Назарбаев өзінің отставкасы үшін дәл осы кезеңді кездейсоқ таңдамағанына сенімдімін. Ол елдегі жағдайды өте жақсы біледі және бүгінгі күні кландық топтардың ең басты нәрсенің, яғни оларды біріктіретін идеяларының жоқтығын және осы кландар соңынан еріп баратын көшбасшының жоқ екендігін жақсы түсінеді. Мысалы, әлеуметтік желілердегі жанжалды бастаушылардың тиесілігіне байланысты аталған топты алайық. Бұл кланның өкілдерінің өз мүдделерін қорғайтын және оларды жылжытатын өздерінің партиясы жоқ. Тіпті, олар сүйенетін қандай да бір платформасы жәйлі белгілер де жоқ. Олар енді барлық нәрселерге жабысады. Алма бақтарын қорғау сәнге айналды мы – олар осында жетіп келеді. Экологияның мәселелері өзекті болды ма – енді олар мұнда шулап жатады. Олардың әрекеттері мен көзқарастарында қандай бір айқын логика байқалмайды. Және де барлық клан топтарында дәл осындай жағдай қалыптасқан. Бір сағат ішінде олар ешбір формасы жоқ массадан қатты конструкцияға айналуы мүмкін емес, Демек, олар бүгінгі саяси режимге қауіп төндірмейді.

Бізде шын мәнінде қауіптілер жоқ

- Әлеуметтік желілерде наразылық толқыны қаншалықты күшті? Ол ағымдағы саяси процеске әсер ете алады ма?

- Қазіргі уақытта оған қабілетсіз. Осы тұрғыдан алғанда, билікті беру сәті іс жүзінде мінсіз таңдалған.

Егер бұдан әрі не болатыны жөнінде айтар болсақ, бізді алдымен президенттік сайлау, содан кейін парламенттік сайлау күтіп тұр. Электоралды жарысқа Қасым-Жомарт Тоқаев және тағы да бірқатар тұлғалар қатысуы мүмкін, бірақ оған Дариға Назарбаева қатысатыны факт емес. Ел президенттігіне кандидаттарды саяси партиялар ұсынады. Мүмкін, өзін-өзі ұсынушылар да пайда болады. Бірақ элиталар жалғыз бір үміткерді ұсына алмайды, себебі бүгінгі таңдағы кандидатуралардың ешқайсысы оларды қанағаттандырмайды. Олар сайлау науқанының өзіне қатты наразылық білдіруі де екіталай. Бұл үшін, қайталаймын, өз саяси бағдарламасы қажет, көшбасшылар қажет, ал мұның барлығы оларда жоқ. Бұл Высоцкий айтқан сияқты:

Біз жанжалды жасамадық:

Бізге көсем жетіспеді.

Нағыз жындыларымыз аз –

Сондықтан басшылар жоқ.

Әрине, шетелдік саяси технологтар көмектеспесе.

- Ал олар көмектеседі ме?

- «Алдымен экономика, содан кейін саясат» ұраны, бәлкім, дұрыс болған шығар. Бірақ сөз бостандығының қысымдануы және партия жүйесінің дамымауы түріндегі салдары бізге қарсы пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, мен ҚКХП-дағы жеке адамдарды құрметтеймін, бірақ сонда да бұл партия қоғамдағы көңіл-күйді бейнелейді деп және парламентте болу құқығына лайық деп айта алмаймын. «Нұр Отан» партиясында да өзіндік артқа шегіну орын алды.

Басқа да факторды, яғни халықты ұйымсыздандыруды есепке алудан тыс қалдыруға болмайды. Азаматтардың көпшілігі сайлау күні сайлау орындарына келмеуі әбден ықтимал. Бүгінгі күні халық соңынан еретіндей беделді адамдар да жоқ.

Екінші жағынан, уақыт факторы саяси технологтарға қарсы болып отыр. Тіпті егер олар «ойынға» қосылатын болса да, бәрібір үмітсіз кешігіп қалады. Сонымен қатар, елдің барлық азаматтары әлеуметтік желілердің пайдаланушылары болып табылмайтынын, негативтерді тарататын мырзалардың ақпараттық арналарына барлығы жазылмайтынын, тіпті жазылған болса да, оларға сендіруге тырысатындарына барлығы сене бермейтіндігін ескеру қажет.

- Ал «ескі» оппозицияның өкілдері ше? Олар өздерінен шаң-тозаңды сілкіп тастап, қазақстандықтардың өсіп келе жатқан наразылығын өздерінің пайдасына айналдыра ала ма?

- Өкінішке орай, олар елдің болашағын ойлаудан гөрі, өз ауырулары жөнінде көбірек мазасызданатын жасқа келді. Олардың наразылық көңіл-күйді біріктіруге шамалары келмейді. Егер солай болса, ашық сөйлесейік – бізде қандай наразылық көңіл-күйлер бар? Олар жоқ, сондықтан аңсалған нәрсені шындық деп айтуға болмайды. Иә, адамдар көптеген нәрселерге риза емес: қоғамдық көлікке де, медиктердің жұмысына да, мектептік білімге де... Бірақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетер алдында істегені (оның әлеуметтік бастамалары жөнінде айтып отырмын) наразылықты айтарлықтай азайтқан болатын. Егер президент Тоқаев сабақтастықты сақтай отырып, әлеуметтік саладағы осы қондырғыларды іске асырса, онда наразылық көңіл-күйлер бұдан әрі төмендейтін болады. Билік өз қолын пульсте ұстап, шиеленісті дер кезінде шешу керек.

- Әзірге бұл сәтті орындалып жатқан сияқты. Жақында жаңа президент орыс тілінде сөйлейтін халық жағына «реверанс» жасап, ең алдымен қазақ және орыс тілдері, содан кейін – қалған тілдер деп айтқан.  Шиеленісті болдырмау үшін тағы қандай әлеуметтік топтарға назар аудару керек?

- Ауылдардан үлкен қалаларға ұмтылатын ауыл жастарына көңіл бөлу қажет. Олармен де жұмыс істеу керек. Мысалы, оларда қандай да бір жарық сәулесі, қандай да бір үміт пайда болуы үшін жоғары оқу орындарына түскенге квоталарды қайтару керек. Жалға беру шартымен болса да тұрғын үй беру керек, тұрғын үй проблемаларын шешу үшін төмен проценттік мөлшерлемелерімен кредиттер беру керек.

Токаев мырзаның тіл туралы мәлімдемесіне келер болсақ, мен оны реверанс деп атамас едім. Ол біздің шынайы өмірге сәйкес келеді, ал оның алғашқы шетелдік сапары Ресейде өткені де кездейсоқ болған жағдай емес. Бірақ, басқа жағынан, екі тілдің маңыздылығы туралы мәлімдей отырып, жаңа мемлекет басшысы қазақстандықтардың шетелге жаппай кетуінде қайғылы ештеңе жоқ, кетіп жатқандар қазақтар емес қой, деп жақында ғана айтқан адамды жұмысқа алды. Бірақ ресми статистиканың сандары басқаны мәлімдейді.

- Көңіл-күйдің көтерілген толқыны қолдау таппай, өз-өзінен кететінін күтуге болама?

- Қайталаймын: біздің шынайы жағдайымызда наразылық көңіл-күйлер тек миф. Олар бар, бірақ қорқатындай дәрежедегі жаппай сипатқа ие емес. Қазір ең бастысы, билік ойланбаған мәлімдемелер жасап, мұқият есептелмеген қадамдар жасап, өз наразылықтарын білдіруге тырысып жүрген адамдарды ойдан шығарылған сылтаулар бойынша ұстауға және айыптауға бармауы керек. Сондықтан тіл табысуға тырысу керек. Полиция шоқпарынан гөрі диалог әрдайым сындарлы болып табылады.

Комментарии