Бейсенбі, 16 шiлде 2020 ЖЫЛЫ
1172 19-04-2019, 16:35

Қазақ тілі: жанжалды одан әрі жалғастыра береміз бе әлде іспен айналысуға кірісеміз бе?

БАҚ пен әлеуметтік желілерде жиі-жиі мемлекеттік тілдің «қайғылы тағдырына» байланысты наразылықтың толқыны көтеріліп отырады. Міне, жақында да бірнеше басылымдар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-гі ғылым әйелдің қазақ тілді азаматтарды кемсіту туралы сөздерін жариялады, ал интернет-ресурстардың бірінде фильмдерді ана тілінде көргісі келетін кинокөрермендердің құқықтарына қысым жасау туралы жазылған петицияның астына қол қою жинауы басталды. 

Кімдер кімдерге қысым жасап отыр?

Жалпы, бізде «дискриминация», «геноцид» сияқты сөздерді орынсыз қолдану әдетімізге сіңіп кеткен. Оларға көбінесе заң тұрғысындағы мағына емес, эмоциялық мағына жүктеліп айтылады. Айтпақшы, бұл жәйт біздің қоғамымыз сол қалпы құқықты болмауының бір белгісі. Және де ондай болуға да ұмтылмайды, өз кезегінде осы жағдай билік үшін өте тиімді болып табылады.   

Осылайша, егер арнайы түрде құқықтық көзқараспен қарайтын болсақ, ҚР заңнамасы қазақ тілінің басқа тілдерге салыстырғанда басым жағдайын анықтайды. Елдің Конституциясына сәйкес, ол орыс тілінен гөрі айтарлықтай жоғары мәртебеге ие, азаматтар мемлекеттік қызметке түскен кезде, шетелде оқу үшін «Болашақ» стипендиясын алуға үміткерлерді конкурстық іріктеу кезінде оларды иелену деңгейі міндетті түрде тестіленеді (бұл нормалар орыс тіліне қолданылмайды)…   

Енді осы мәртебені практикалық тұрғыда нығайту туралы айтсақ. Жыл сайын қазақ тілінде оқитын оқушылардың үлесі артып келеді: қазір ол 70 процентке жетті, ал қазақтардың өздерінің арасында 90 процентке жетті. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік телеарна толығымен қазақ тіліне ауыстырылды. Дәл осы тілде (қандай да бір басқа тілде емес), әлемдегі ең үздік 100 оқулық шығарылады. Және т. б. Осыған қоса, мемлекет оны латын қарпіне ауыстыру үшін қомақты ақша құюға дайын, өйткені мұнда қазақ тілін дамыту жоспарында жаңа мүмкіндіктер көріп отыр.

Сонда әңгіме қандай кемсітулер туралы болуы мүмкін?  

Басқа мәселе – қоғамдық өмірдің бірқатар салаларында қазақ тілі орыс тіліне салыстырғанда екінші кезекте болып қала береді. Мысалы, көптеген заң жобалары бастапқыда «ұлы және құдіретті тілде» жазылып, содан кейін ғана мемлекеттік тілге аударылатыны жөнінде наразылық білдіріледі. Кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі кітаптар орыс тіліне қарағанда айтарлықтай аз болғандығына наразылық айтылады. Қазақ тілді азаматтар өз ана тілінде кез келген жерде қызмет ала алмайды. Шағымдардың тізімін жалғастыруға болады. Кейде олар әділ болуы да мүмкін. Бірақ, әдетте оларды ұсынатын адамдардың қорытындылармен келісу қиын. Ал бұл тұжырымдамалар қазақ тілін қолдану саласын кеңейтудің барлық «көпшілікпен» жұмыс істейтін кәсіптердің (сатушыларды, даяшыларды, шаштараздарды қосқанда) өкілдерінің оны міндетті түрде білуі туралы норманы енгізу есебінен және орыс тілін пайдалану кеңістігін тарылту есебінен – осыдан елдегі барлық мектептерді қазақ тіліне айналдыру деген ұсыныстар.

Еліміздің әрбір азаматының мемлекеттік тілді міндетті түрде білуін шексіз талап ете беруге болады. Алайда, біздің прагматикалық ғасырымызда көптеген адамдар өздерін және отбасыларын қалай асырау жөнінде алаңдаған кезде, тек оларға өмірлік қажет нәрселерді ғана меңгеретін болады деп түсіну керек. Борыш, патриотизм және басқа да жоғары, бірақ сезілмейтін заттар туралы сөздер де ешқандай көмектеспейді. Әрине, директивті-большевистік әдіс бар – мәжбүрлеу. Бірақ оны пайдалану күтпеген салдарын әкелу мүмкіндігі бар. Оның ішінде жалпы еліміз үшін. Тіл сияқты нәзік мәселеде жанжал тұдыру – өте қауіпті әрекет, бұны украиндық тәжірибе анық көрсетті. 

Неғұрлым конструктивті болып басқа жол көрінеді, оның маңызы елдің барлық азаматтары үшін қазақ тілін тартымды ету. Нәтижесінде оларда қазақ тілі арқылы сапалы білімге, кәсіби қызметтің әрбір түрлеріне қол жеткізуге, балаларды тәрбиелеуге, ой-өрісін кеңейту және өзінің мәдени дамуына барлық қажетті ақпарат массивін алуға болады деген сенім туындайды. Бірақ қазақ тілі осындай деңгейге жақындауы үшін айтарлықтай зияткерлік күш-жігер қажет болады. Өйткені, онда әртүрлі сапалы және қолжетімді контентті (түпнұсқалы және аудармалы) – балалар үшін, оқу, әдебиет, теледидар және т. б. жасау қажет.  

Құқық жөнінде айта бергенше «акшамен дауыс беру» керек

Қазақ тілінің жанашырлары оның тағдырына қатысуға, оны дәріптеуді тек көзбояу үшін емес, шын мәнінде белсенді атсалысуға дайын ба? Өкінішке орай, сирек кездесетін ерекшеліктерді қоспағанда (мұнда Қанат Тасибеков, Земфира Ержан сияқты жеке энтузиасттарды және ең алғыс сөздерге лайық кейбір басқаларды атауға болады), олар тек бітпейтін «жоқтау» айтуға немесе наразылық пен талаптар қоюға жарайды. Оны растау үшін келесі мысал келтіруге болады.

Бірнеше апта бұрын Интернетте екі негізгі талаптан тұратын петиция орналастырылған болатын: біріншіден, прокатта қазақ тіліндегі фильмдер санын арттыру, екіншіден, оларды еліміздің барлық кинотеатрларында ыңғайлы уақытта және тіпті прайм-тайм кезінде көрсету. Ал бүгінгі жағдайда мұндай сеанстардың үлесі осы өтініш бастамашыларының бағалауы бойынша тек 10 процентті құрайды және олар негізінен таңғы және түскі сағаттарға келетін кезде өздері үшін ана тілінде ақпарат алғысы келетін тұтынушылардың құқықтарын бұзу болып табылады. Петицияға 30 мыңнан астам адам қол қойды, олардың басым бөлігін (28,7 мың) оңтүстік астананың тұрғындары құрады. Соңғы жағдайға назар аударамын – неге екені кейінірек түсінікті болады.

Мәтінмен танысқаннан кейін акцияның бастамашыларына бірқатар сұрақтар туындайды. Егер кинотеатрлардың иелері қол қоюшылардың талабына құлақ асса, онда қазақ дубляжы бар фильмдерді көрсету үшін көрермендердің жеткілікті саны келетініне кепілдік барма? Мұндай сеанстарға нақты қажеттілік қандай, жалпы біреулер оны есептеді ме? Өйткені прокатшылар жеке кәсіпкерлер ретінде өздеріне өздері жау емес: олар үшін ең бастысы – пайда түсіру, және қандай фильмдерді көрсету (қазақ тілінде, орыс тілінде немесе қандай да бір суахили тілінде болсын) оны әкеледі. Яғни, олар қазақ тіліндегі сеанстар экономикалық жағынан тиімдірек екеніне күмәнсіз болса, күн сайын оларды прайм-тайм кезінде (тіпті оларға қойылатын талаптар мен үндеулерсіз-ақ) қояды.

Егер петицияға қол қойған адамдар туған тілінде киноны көруге ниет білдірсе, онда олар мұны сөзбен емес, іс жүзінде көрсетулері керек. Мысалы, аталған 28,7 мың алматылықтар ұйымдастырылып, бірнеше қалалық кинотеатрларды таңдап, олардың иелерінен осындай сеанстарға ең қолайлы уақытты таңдап алып (қазір мұның барлығын үйден шықпай-ақ жасауға болады), одан кейін залдарды үнемі толтырса дұрыс болар еді.

Әрі қарай қарапайым арифметика. Егер олардың әрқайсысы аптасына кем дегенде бір рет киноға баратын болса, онда осы адамдардың ішінен күн сайынғы аудитория төрт мыңнан астам (28 700:7) құрайды. Көрнекі және түсінікті болу үшін: Star Cinema («Мега-орталықта») сегіз залына бір уақытта 1,5 мың көрермен сияды, ал «Арман» кинотеатрының төрт залы – мыңға жуық, «Кинопарктің» төрт залы – алты жүзге жуық сыйғызады.... Яғни, осылайша төрттен алтыға дейін қалалық кинотеатрларды толтыруға болады. Ал егер қол қоюшылардың әрқайсысы киноға жұбайымен (зайыбымен) немесе өзінің қызымен (жігітімен), достарымен, балаларымен келетін болса?

Өз басым сенімдімін: қазақ тіліндегі фильмдерді сүйетіндер көп келетін болса, кинопрокатшылар өздері де тез арада көрермен аудиториясының осы сегментіне қарай бағдарланатын болады. Өйткені, бұл бизнестің мүдделеріне байланысты жағдай. Әзірше, олар күн сайын қатысу динамикасын мониторингтей отырып, мұндай сеанстардың өзін-өзі өтемейтінін көріп отыр. Қалыптасқан жағдайдың себебін осында іздеген жөн, өйткені ол басқа ешқандай нәрседе емес – мемлекеттік тілге және титулдық этносқа қарсы біреудің саботажында да емес, біреулердің қасақана зиян келтіру әрекеттерінде де емес.

Демек, жағдайды өзгерту үшін компьютерде отырып, құқық жөнінде дауласқанның орнына «ақшамен дауыс беру» керек. Нарықтық экономика жағдайында проблеманы өркениетті шешудің өзге нұсқасы жоқ.

Егер интеллигент деген атың болса…

Дәл осы тәсіл өмір тіршілігінің басқа салаларына да қатысты. Егер біз, мысалы, баспалардан қазақ тіліндегі кітаптарды шығаруға, ал кітап дүкендерінен – олардың саудасына деген қызығушылық танытуын талап ететін болсақ, бізге осындай әдебиетті жиі сатып алып, оларды оқуымыз қажет. Экономиканың қарапайым заңы: сұраныс ұсыныс тудырады. Бірақ мұнда шын мәнінде сұраныс бар ма? ҚР Ұлттық кітапханасында (бұрынғы «Пушкин атындағы») Алматыда «Әлем әдебиеті кітапханасы» («Библиотека мировой литературы»), «Әлемдік философиялық мұра» («Мировое философское наследие») серияларынан және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген басқа да көптеген жинақтардан тұратын ұзын стеллаждарды көруге болады. Он жылдан астам уақыт бұрын шығарылған кітаптардың түріне қарағанда, оларға осы уақыт ішінде өте аз адамдар қол тигізгені анық. Ал оларды шығаруға (жалпы алғанда бес жүзден астам том, жиынтық тираж – бір жарым миллион данадан астам) мемлекет айтарлықтай бюджет қаражатын жұмсады.

Ал біз кітап сатып алуға, әсіресе өз балаларымызға, өзіміздің ақшамызды жұмсауға дайынбыз ба?

Немесе теледидарды алыңыз. Өткен жылдың наурыз айында «Отау-ТВ» ұлттық операторы өз пакетіне Discovery Showcase жаңа телеарнасын қосты, ол хабарланғандай, «үздік танымдық ойын-сауық контенті» – Discovery Channel, Animal Planet, TLC және Discovery Science арнасынан ең қызықты хабарларды көрсететін болады. Ол HD форматында, яғни жоғары деңгейде, ең бастысы, қазақ тілінде (алғаш рет!). Бірақ жақында осы жолдардың авторы «Отау-ТВ»-ға қоңырау шалып, ол телеарнаның пакетінде жоқ екенін және Discovery Channel орыс тілді және ағылшын тілді нұсқасы ғана қалғанын білді. Оператор қыз не себеп болды деген сұраққа жауап бере алмады, бірақ жалпы алғанда бәрі түсінікті: қандай да бір арналардан әдетте оларда тым кішкентай аудитория болған кезде бас тартады. Өйткені, құқық иеленушіге бірдеңені көрсету мүмкіндігі үшін ақы төлеуге тура келеді, және басқа тілге аудару да шығындарды талап етеді, ал бұл ақшаны тек абоненттер есебінен ғана «өтеуге» болады. Біздің отандастарымыз ой-өрісін кеңейтіп, жаңа білім беретін бүкіл әлемде көретін телебағдарламалардың қазақ тіліндегі нұсқасына қызығушылық танытпады.  

Егер бізде қазақ тіліндегі бар контентті тұтынуға ерекше ықылас болмаса, онда жаңасын құру туралы не айтуға болады? (Шынымен ақылды, сапалы және пайдалы контент: тарих туралы мифтер емес, бүгінгі күні ТВ экрандары мен концерттік алаңдарды толтырған поп-музыка және әзіл-сықақ тәрізді бағдарламалар емес, әсіресе «Дом-2»-ның қазақша нұсқаларын емес). Өйткені, бұл белсенді ойлау қызметін, креативті, уақытты, күш-жігерді, жоғарыда айтылған қозғалғыштықты талап етеді. Ең алдымен ұлттық интеллигенция өкілдерінен – ғалымдардан, мәдениет қайраткерлерінен, педагогтерден және т. б., сондай-ақ өзін патриот деп атайтын қоғамдық белсенділерден талап етеді. Олар барлық қазақстандықтарға қызықты болатын және қазақ тілін үйренуге ынталы болатын зияткерлік өнімдерді жасаумен және ілгерілетумен айналысуы керек еді. Ал ол бойынша жылап-еңіреп, преференциялар мен неғұрлым қолайлы режимді талап ету – әлсіздік пен бәсекеге қабілетсіздіктің көрінісі. Бұл тілді тек кемсітеді…  

Комментарии