Бейсенбі, 25 сәуiр 2019 ЖЫЛЫ
404 7-04-2019, 16:59

Қазақтар ең болмағанда өз елінде бәсекеге қабілетті ме?


Тіпті қазір де, тәуелсіздіктің 29-шы жылында, қазақтар өз елінде ең төмен қамтамасыз етілген болып қала беретіндігі туралы жиі естуге болады: олардың арасындағы жұмыссыздардың проценті де басқа этностар өкілдеріне қарағанда жоғары, жалпы өмір сүру деңгейі де ең төмен, әлеуметтік көңіл-күйі де нашарлау. Уақыт өте-келе осыну түсіну Қарағанды қаласында жаңа жыл түнінде мейрамхананың жанында қазақ жігітін өлтіргеннен кейін ұлтаралық қақтығыс басталып кете жаздаған сияқты эксцестерге айналып жатыр.  

Мәртебе – бәрінен де маңызды, ал дұрыс ақыл-ойдың мәні жоқ па?

Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін этникалық тұрғыда сипаттайтын ресми статистика жоқ. Бірақ онсыз да алмалы-салмалы пәтерлерде тұратын адамдардың басым көпшілігі оларды жалға алу үшін өздерінің аздаған кірістерінің көп бөлігін беруге мұқтаж болып отырып, банктер алдындағы несие бойынша қарыздары бар, «кедейшілік бойынша» жәрдемақы алуға қол жеткізуге тырысатындары  – титулдық этнос өкілдері екені анық көрініп тұр.

Бұған объективті себептер бар. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық тәртіптің бұзылуы және жаңасының пайда болуы бір жағынан, қалалық, ал екінші жағынан, ауыл халқының (соңғысының пайдасына емес екені анық) өмірін қатты поляризациялады, өйткені сол сәтте қазақтардың урбанизация деңгейі елдің басқа негізгі этностарының көпшілігімен салыстырғанда төмен болғандықтан, олар алғашынан-ақ ең нашар бастапқы жағдайда болып қалды. Сонымен қатар, көптеген қазақ отбасыларының көп балалы болуы деген сияқты факторды ескеру қажет.    

Сондай-ақ, біздің ұлттық менталитетімізге, біз уағыздайтын принциптер мен құндылықтарға байланысты субъективті қасиеттің себептері туралы айтпауға болмайды. Менің ойымша, бізге салауатты прагматизм жетіспейді, ал онсыз бүгінгі күні өмірдегі үздік нәтижелер мен табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Оған қосымша, «табыстылық» деген ұғымының өзін де біз көптеген өзге ұлт өкілдеріне қарағанда басқаша талқылаймыз.  

Мысалы, жоғары оқу орнының «құжаты» туралы армандамайтын жас қазақты (қазақ қызын) елестету мүмкін емес деуге болады. Бұрынғы кезде, кеңес жылдары, университетке немесе институтқа тек әрбір төртінші мектеп түлегі ғана оқуға түсе алатын – одан артық қабылдамайтын. Сондықтан «студент», «жоғары білімді маман» деген сөздер басқа отандастармен салыстырғанда биіктеу мәртебені, қоғамда өзінің позициялануының сапасы тұрғыда өзгеше деңгейге шығуды білдіреді. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді: жоғары оқу орындары әлдеқайда көп болды, студенттер контингенті бойынша барлық шектеулер алынып тасталды, бейіндік министрлік талапкерлердің өмірін барынша жеңілдетті. Енді кез келген ниет білдіруші үшін, тіпті мектеп бағдарламасын тиісінше игере алмаған адамдар үшін де университеттерге жол ашық. Грант алу мүмкіндігі болмаса ақылы бөлімге баруға болады. Ата-аналарында оған төлейтін ақшасы болмай жатса банктен несие алуға болады: бірдеңе қылып, есептесе жатармыз. Ең бастысы – ұлы (қызы) «басқалардан кем емес болуы», яғни оның да дипломы болуы қажет. Бірақ, еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектері үшін бос орындар көбейген жоқ емес пе. Мінеки, енді қолдарында ешкімге қажеті жоқ «құжаттары» бар жүздеген мың жастар көбірек немесе аз да болса жеткілікті ақы төленетін жұмыс жұмыс іздеп жүр.

 

Сондай салауатты прагматизмі бар басқа этностардың өкілдері қазіргі Қазақстан жағдайында бұл перспективасыз жол екенін бұрыннан түсінді. Олар жоғары білім алуға ұмтылмайды, соған несие алмайды – олар үшін компьютерлік техникаға қызмет көрсететін шағын фирманы, техникалық қызмет көрсету станциясын, сұлулық салонын, дәмхананы, шаруа қожалығын, шұжық цехын және т. б. ашып, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары дұрыс болып табылады (кейбір ұлтшыл-популистердің «өзге ұлттылар» бүкіл елдегі бизнесті басып алғаны жөнінде өкініш білдіргенін еске түсіріңіздер). Ал егер өз бизнестерін ашуға ақша болмаса, олар сұранысқа ие болып табылатын жұмысшы мамандықтарға барады. Төрт жыл ішінде олардың оқуға деген ұқсас қабілеттері бар құрдастары «сессияларды жөнге келтіріп» жүрген кезде, бұл жігіттер мен қыздар практикалық тәжірибе жинақтап, өз ісінде кәсіпші болады. Яғни, 21-22 жасына таман олар аяққа нық тұрады, ал ЖОО дипломдарының көптеген иегерлері үшін бұл жеке тұлғаны қалыптастыру тұрғысынан өте маңызды төрт жылдық кезең, іс жүзінде бостан босқа кеткен болып табылады, өйткені олардың көпшілігі сапалы білім мен табысты жұмысқа орналасу тұрғысынан перспективалар көрмейді.  

Мінеки, тіпті өмірдің өзі өмірлік және кәсіби бағдарларды қайта қарауға мәжбүр еткендей болып тұр емес пе. Бірақ біз, қазақтар, бұрынғысынша дипломның болуы бізді «ақсүйек» етіп, дипломы жоқ адамдарға салыстырғанда белгілі бір артықшылық береді деп ойлауды жалғастырудамыз. Бір сөзбен айтқанда, біз үшін мәртебе өзге барлық нәрселерден маңыздырақ, өйткені сол арқылы біз өмірлік табысқа қол жеткіземіз – кем дегенде кішігірім бастық болуға, билік өкілеттігін алуға, мемлекеттік немесе мемлекет төңірегіндегі органдардың ақшасына иелік етуге, немесе өзіміздегі қызмет бабын пайдалана отырып, бақылауымыздағы немесе есеп беретін адамдардан пайда табуға үміттенеміз. Ал өз қолымызбен табыс табу біздің абыройымызға сай емес болып саналады. Анықтап айтайын: мен қазір барлық адамдар жөнінде емес, бірақ көптеген қандастарым туралы айтып отырмын. Және тіпті біздің өте бюрократталған елімізде бастық болатын орындардың саны шектеулі болса да, біз өз күшімізбен, тыныш және қарапайым жеке бақытымызға қол жеткізудің орнына, осы эфемерлік армандармен өмір сүруді жалғастырудамыз.  

«Жұлдыз болғым келеді»

Бүгінде қазақ жастары өмірлік табысқа жету үшін тағы да қандай жолды көріп отыр? Бұл отандық шоу-бизнестің айналысатынын «шығармашылық» деп аталатын нәрсе. Қазақстанда әншілер, юмористер мен шоумендердің саны қазірдің өзінде бастан асып жатыр және елдің жартысы концерт алаңдары мен телеэкрандардан ән айтып, елді күлдіруге тырысуда, ал екінші жартысы оларды тыңдайды деген бір сезім туындайды.

Менің досымның жиі айтылатын «Орыс білгенін істейді, қазақ орыстан көргенін істейді» деген нақыл сөздері бар. Біздің жағдайда дәл осылай болды. 1990-шы жылдардың басында ресейлік телевизияда көрсетіле бастаған «Жұлдызға табыну» және «Жұлдыздардың өміріне табыну» деп аталатын бағдарламалар енді қазақстандық телевизияны да түпкілікті басып алды. Тіпті «Дом-2» тәрізді бағдарламалар (соның арқасында Ольга Бузова сияқты кейіпкерлер танымал болды), көп ұзамай біздің экрандарымызға көшті, бірақ аз да болса «қарапайымдау» нұсқада. Отандық телеарналарда, соның ішінде мемлекеттік телеарналарда да, «жұлдыздар» басты кейіпкерлерге айналды – оларды танымал етеді, олардың өмір сүру салты дәл осыған ұмтылған дұрыс деген мағынада ұсынылады. Сондай-ақ, теледидардағы неше түрлі концерттер мен шоу сияқты телебағдарламалардың көпшілігі қазақ тілді аудиторияға арналған.

Ал өмір сүру жөнінде ойланып жүрген көптеген жастар күн сайын осыны көріп, осындай қорытындыға келеді: мінеки, мұнда атақты және бай болу үшін ең қарапайым жол бар, оның үстіне көптеген эстрадалық орындаушылардың мысалы көрсеткендей, бұл үшін ерекше таланттарға ие болу міндетті емес, ең бастысы – уақытында көзге түсіп қалу, жарыққа шығу. Ал оған қоса телевизияда әртүрлі әншілік байқаулар («Х-фактор», «Голос Казахстана» және басқалар) пайда болды, сондай-ақ олар балалар арасында да өткізіледі – ол жерде балалар ересектерге еліктеп ән айтады. Көптеген адамдар әртіс болу мүмкіндігі ретінде қарастырылатын конкурстарға қатысуға ниет білдірген үміткерлердің санына қарағанда, өсіп келе жатқан ұрпақтың басым бөлігі өмірлік табысқа жету үшін дәл осы жолды таңдауға дайын болып отыр. Бірақ тағы да, қарап отырсаң, шоу-бизнесте онсыз да көптеген адамдар бар, ал аудитория шексіз емес, сондықтан «жұлдыз» болуға ниет білдірушілердің барлығына көрермендер жетіспей қалады.   

Айтпақшы, жалпы алғанда, әртістерге қатысты бізге бір түрлі салауатсыз табынушылық тән. Жақында Астанада болған оқиғаны еске түсіріңіздерші: ескі қазақ дәстүрі бойынша Торегали Тореали (өзінің әншілік талантын беру мақсатымен) сахнаға шығарылған балалардың аузына түкіргенін көрермен залы ду қол шапалақпен қабылдады. Концертке келген адамдардың пікірінше ол идеал ма, ол еліктеу үлгісі ме? Немесе, мінеки, өткен жылы Қызылорда облысынан (елдің өте қазақи өңірі) ең атақты 20 адам туралы жарияланым көзге түсті. Осы жиырма адамның жартысынан астамы – әншілер, әзілшілер, актерлер: Роза Бағланова, Құдайберген Сұлтанбаев, Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Нұрлан Қоянбаев және басқалар. Сондай-ақ, спортшылар, екі жазушы және қазіргі аймақ басшысы бар. Тек екеуі ғана білім саласынан – ғалымдар Шахмардан Есенов пен Асқар Жұмаділдаев. Дегенмен жарияланымдардың авторы ақылсыз адам емес сияқты. Ал жапон префектураларында немесе норвегиялық провинцияларда осыған ұқсас тізім негізінен ғылым қайраткерлерінен, өнертапқыштардан, алғашқы ашылу жасаушылардан, яғни ғылыми-техникалық прогресті қозғаған адамдардан тұратындығына мен сенімдімін.     

Біз, қазақтар, тек өзімізге ғана тән шығармашылықты, өнерге деген құштарлығымызды, ата-бабаларымыздың ақындардың, әншілердің, шешендердің, суырып салаларлардың қалай құрметтейтінін еске түсіре отырып, өзіміздің ерекшелігіміз туралы пайымдауды жақсы көреміз. Бірақ «лириктердің» (гуманитарийлердің) уақыты біржола өтіп кеткені және «физиктердің» (технократтартардың) дәуірі келгені әлі де түсінікті болмағаны ма? Қалған әлем қайда жылжып бара жатқаны әлі де көрінбей отыр ма?

Осыған байланысты, алдында аталған Асқар Жұмаділдаевпен келіспеу қиын: «Поэзиялық өнер арқылы біз көп нәрсеге жетеміз деп санауға болмайды. Қазақтардан басқа ешкімге де ақындар қажет емес. Бүгінгі таңда сұранысқа ие болатын мамандықтарды оқыңыздар, алға жылжыңыздар», «Әр ұлттың гуманитарлық және техникалық бастаулары бар. ...Олардың арақатынасы тиісінше 20 - 80-ге болуы тиіс. Қазақстанда, менің ойымша, бұл арақатынас 99 - 1-ге тең. Ал қазір ұлттың өмір сүруі үшін технократиялық бастама басым болуы керек».

Қазақ жастарын не қызықтырады?

...Қазақ тілді жастар «Жұлдыздар отбасы» (сол «жұлдыздардың» өмірі және олардың қоршаған ортасы туралы) сияқты басылымдарды оқығанды ұнатады. Бірақ «ақылды», ағартушылық контенттен бас тартады. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанда «Oyla» деп аталатын балалар мен жасөспірімдерге арналған мазмұны жағынан өте қызықты ғылыми-көпшілік журнал шығарыла бастады. Басында ол еліміздің негізгі екі тілінде де шықты. Алайда көп ұзамай қазақ тіліндегі нұсқаны шығаруды тоқтатуға тура келді – оқырмандар тым аз болды. Оны тек серіктестердің қаржылық қолдауының арқасында ғана жаңарту мүмкіндігі пайда болды, ал ай сайынғы 2500 данадан тұратын тиражды, бәлкім осылайша қызығушылық тудырар, деген мақсатпен мектептер мен кітапханалар арасында тегін үлестіре бастады. Басқаша айтқанда, жазылушылар тарапынан орыс тіліндегі нұсқаға сұраныс бар (оның таралымы 17500 дананы құрайды), ал қазақ тілінде – жоқ. Дегенмен, қазақ мектептерінде оқитын балалардың саны бірнеше есе көп болып отыр. Расында, бүл көрсеткіш факт емес пе?

Ал енді мінеки біздің газетіміз өз жарияланымдарының бірінде келтірген мысал. Бірнеше жыл бұрын «Отау-ТВ» ұлттық операторы өз пакетіне Discovery Showcase қазақ тілді телеарнасын қосқан болатын, ол ғылым мен техниканың жетістіктері, жаңа технологиялар, табиғат, жануарлар әлемі және Discovery Channel, Animal Planet, TLC және Discovery Science. Алайда, оны көргісі келетіндердің соншалықты аз болғандықтан, оператор шығындарды болдырмау үшін (бұл хабарларды көрсету мүмкіндігі үшін олардың құқық иеленушілеріне төлеу керек) арнаны таратуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Сонда қазақ көрерменіне, соның ішінде жас көрермендерге ой-өрісін кеңейтетін, қоршаған орта туралы жаңа білім беретін сюжеттер қызықты емес болғаны ма?  

Осыған байланысты тағы бір оқиға еске түседі. 2005 жылы Қызылорда облысында жұмыс істеген канадалық «Харрикейн Құмкөл мұнай» компаниясы (қазір бұл қытайлықтарға көшкен «ПетроҚазақстан», аймақтағы ең ірі мұнай өндіру операторы) Канадада және ең қымбат отандық ЖОО – Қазақстан-Британ техникалық университетінде дарынды жастарды оқытуға 10 грант бөлуді шешті. Үміткерлер мектеп пәндері бойынша және ағылшын тілінен тест тапсыру, сондай-ақ әңгімелесуден өту керек. Жергілікті қазақ-түрік лицейі мен шет тілдерін тереңдетіп оқытатын №2 мектептің оқушылары гранттардың басым бөлігін жеңіп алды. Бірақ он бақытты адамның ішінде тіпті 16 жасқа да толмаған бір «бөтен» оқушы болды. Ол басқа ізденушілерге қарағанда, ағылшын тілін нашар білетін (өйткені әдеттегі мектепте оқыған), бірақ канадалық емтихан алушыларға бұл қазақ жігіті «қандай телебағдарламаларды ұнатасыз?» деген сұраққа: «Discovery» хабарларын» – деп жауап бергені үшін оларға өте үнады.  

Жоғарыда айтылғандардан қорытынды айқын: біз өскелең ұрпақ өкілдерін қандай да бір ақпарат, қандай да бір білім мен дағды алу, құндылықты ұстанымдарды, өмірлік және кәсіби қалауларды қалыптастыру тұрғысынан принципті түрде бағдарлауымыз керек. Біз оларға (үйде, мектепте, теледидар және интернет бойынша) болашақ – бастықтар мен әртістерде емес, ол материалдық құндылықтарды құратын, тамақтандыратын, киіндіретін, құрылыс салатын, қосымша өнім жасайтын, техникалық және технологиялық жаңалықтарды меңгере алатындарда. Тек осындай бағыт қана оларға өмір жиегінде қалмауға, сұранысқа ие болуға, мемлекетке жүгінбестен өз тағдырын құруға мүмкіндік береді, оның үстіне, ашығын айтсақ, мемлекеттің оларға деген ерекше ісі жоқ…  

 

Комментарии