Сенбі, 20 шiлде 2019 ЖЫЛЫ
609 1-04-2019, 16:50

Қазақстандағы православиелік діндарлар кімдерге кедергі болып отыр?


Шетелдік ақпараттық ресурстар Қазақстандағы православиелік діндарлар «қуғынға» және «қыспаққа» ұшырағаны жөніндегі тақырыптарды талқылауды ұнатады. Олар өздерінің негізсіз ойластырылған «ақиқаттарының растауларын» қайдан алғанын тек жорамалдауға болады. Әрине, мұндай «аналитикаға» күліп, батыл түрде унитазға ағызып жіберуге де болар еді. Бірақ мұндай жарияланымдар Қазақстандағы православие ұстанымдарына айтарлықтай соққы жасайды.

Мұндай «қорғаушылардан» бізді құдай сақтасын

Мысалы, өткен жылдың соңында «Русский дозор» сайтында «Қазақстандағы православие мен русофобия жөнінде» деп аталатын мақала жарияланған болатын. Оның ең басты қорытындысы келесідей болған: «...осы республика халқының төрттен бір бөлігін құрайтын православиелік Қазақстанның, 3,5 миллион этностық орыстарды қоса алғанда, мәдени геноцид қатеріне тап болуы мүмкін деп қауіптенудің барлық негіздері бар, бұл Ресейдің өзінен де, халықаралық қауымдастықтан да, егер бұл ұғым әлі де қандай да бір мағынаға ие болса, маңызды реакцияны талап етеді».

Басқа пасквиль, яғни жала жауып, қорлау үшін жазылған шығарма, жақында «Орыстың халық желісі» ақпараттық-талдау қызметінің сайтында пайда болды. Бұл ресурс, тура айталық, барлық жағынан алғанда өзіне теріс көзқарас тудыратын, өте жағымсыз және бір мағыналы емес. Бірақ бұл оның маңдайында жазылмаған, сондықтан көпшілігі елеулі сараптамалық бағалау ретінде берілетін мағынасыз, ақылсыз, байланыссыз нәрселерге сенеді. ТМД елдері Институтының шет елдердегі орыс православиелік шіркеуімен және православиелік қауымдастықпен байланыс бөлімінің басшысы, публицист Кирилл Фроловтың авторлығымен жарияланған «Қазақ Орданың» шоқынуы» тақырыбындағы арандатушылық материал 21 наурызда пайда болды. Оның көздеген жалғыз бір мақсаты – жанжал мен наразылық туындату көрінеді.

Автордың жасаған ой-пікірлердің кейбірін анекдот деп қабылдауға болады. Мысалы, мынау: «...Қазақстанда қазақ элитасынан шыққан жасырын христиандардың қуатты қатпары бар, олар, әдетте, өзінің православиелігін тіпті өздерінің туыстарынан да жасырады. Бірақ олар барған сайын көбейіп жатыр. Олардың саны сыни массаға жеткенде, олар өздерінің православиелік сенімін жасырудан жалығып кетеді» (?). Дегенмен, мұндай тұжырымдамалардың көптігіне қарамастан, автор шектеулі ойлау қабілеті бар «құдайшыл адам» ретінде қабылданбайды. Мүлдем керісінше. Ол нағыз ақылсыздықтардың арасына қазақстандық қоғамда қатты

ашудан басқа ештеңе тудыра алмайтын басты месседждерді аса шеберлікпен орналастыра отырып, сауатты «троллинг», яғни саналы алдау, жала жабу, жанжалды қоздыру әрекеттерін жүргізумен айналысады.

Біріншіден, автор бір дінді басқасына қарсы қойып отырғаны анық. «...Орыс Православие Шіркеуіне қатысты Қазақстан заңдарын жеңілдетуге қол жеткізу керек, – деп бекітіп айтады Фролов, – себебі мұндай миссионерлік қызмет көптеген сектанттарды тоқтатады. Бұны дәстүрлі ислам да түсінеді. Көптеген қазақ протестанттары қазірдің өзінде бар, сондықтан олардың дәстүрлі конфессияға – Орыс Православие Шіркеуіне қосылғаны бейбітшілік пен тұрақтылық үшін жақсы болады».

Екіншіден, ол біздің қоғамның ең ауыр мәселелерін ашық түрде қоздырып отырып, былай мәлімдейді: «Православиелік орыстар үшін Қазақстан – бұл Верный, Гурьев, Петропавл қалаларын салған орыс казачествосымен игерілген және Орыс Жерінің көптеген қасиетті Новомучениктері мен Исповедниктерінің қаны төгілген және жиырмасыншы ғасырдағы орыс шіркеуінің митрополиті Иосиф (Чернов) сияқты бағандарының ерлігімен рухтандырылған Ресейдің киелі жері. Қазақстан Республикасы орыстың жерінде большевиктердің күшімен құрылған».

Үшіншіден, автор кейбір әрекеттерге шақырады. «Қазақстандағы миллиондаған православиелік орыстарға «революциялық» жол перспективасыз екендікі анық. – деп жазады ол, – Сонда қалай болғаны, енді ассимиляцияланып тарихтан жоғалу керек пе, ал Верный және Гурьев туралы ұмыту керек пе? Жоқ, жоқ және тағы да жоқ!» Православие сенушілер «тарихи әділеттілікке» қалайша қол жеткізу керек екенін Фролов түсіндірмесе де, бірақ тас лақтырылды.

«Пасха құтты болсын»

Осындай мәлімдемелер біздің қоғамның белгілі бір бөлігі ұшырайтын орыс фобиялық көңіл-күйдің онсыз да өшпейтін алауына от тастайды.

Қазақстанның православиелік діндарлары осы публицист-сымақтың «экзерсистеріне», жауап беріп үлгерді. Сол сайттың өзіндегі комментарийлерде оның «шығармашылығының» бағалауларымен танысуға болады, мысалы, мұндаймен: «Автор фактілерді өзінің еркін талқылауымен Қазақстандағы православие мен православиелік діндарлардың ұстанымдары бойынша айтарлықтай соққы келтірді». Бірақ мәселе осы сөздердің ұшып кеткенінде, енді оны қайтарып алу екіталай. Сондықтан да, сол әлеуметтік желілерде біздің елімізде діни төзімділік пен шыдамдылықты нығайтуға ықпал етпейтін жаңа қызу пікірталастың пайда болуы мүмкін.

Қазақстандағы православие айналасында осындай сырттан қоздырылған тітіркендіргішсіздер де хайп жеткілікті болып отыр. Әлеуметтік желілерден

ары қарай олар, әрине, таратылмайды, бірақ белгілі болғандай, су тамшысы өзінің тұрақтығымен тас қайрайды. Мінеки, ең жұмсақ мысалдардың бірі ғана (стилистика, орфография және пунктуациясы сақталған): «Путиннің Орыс Православие Шіркеуі (ОПШ) – бұл рашатудей мен лайфньюс сияқты орыс әлемінің насихаттау құралы... осы сақалды гундяевшыларды желкелеп айдап шығару керек».

Әрине, Қазақстандағы православиеге осы сияқты көзқарас әдеттегі нәрсе емес. Керісінше, дәл осы жерде оның ізбасарлары (бұрын «кеңестік» болған кейбір басқа елдерінен ерекшелігі) шоқыну кезінде жан-жағына жалтақтамайды. Бәлкім, тек бізде ғана «Пасха құтты болсын» деген құттықтауды алуға болады және Шоқыну кезінде үш дүркін «бісмілләсін» айтын, ойықтың мұздай суына секіретін мұсылманды өз көзіңмен көруге болады…

Айтпақшы, Орталық Азия аймағында Қазақстан қазіргі кезде тоғыз епархиядан тұратын және 400-ге жуық приходты (өзінің ерекше храмы бар тұрғындардың шіркеу ауданы) қамтитын 2003 жылдың мамыр айында құрылған Митрополиттік округі бар жалғыз ғана ел болды. Бізде көптеген мәдени-рухани православие ұйымдары, сондай-ақ білім беру ұйымдары еркін жұмыс істейді. Бұл сенімнің ізбасарлары қоғамдық қызметпен де ешбір кедергісіз айналысады. Жеке медициналық орталығы бар «Қазақстанның Православиелік дәрігерлер қоғамы», «Қазақстанның Православиелік азаматтарының Одағы», «Мейірімділік» православиелік қоғамы» құрылды.

Православиелік форумдарда (айтпақшы, олар біздің елімізде өте көп, бұл да көрнекі дәлел болып табылады) мынадай мазмұндағы хабарларды жиі оқуға болады: «Қазақтар тарапынан православиеге деген қарым-қатынас аса төзімділік сипатқа ие, оны ешкім сынамайды және халықты оған қарсы күреске көтермейді. Жалпы, қазақтар көпшілігінде өте мейірімді және бейбітшіл халық». Ал егер қандай да бір проблемалар байқалса, онда олар бірінші кезекте қазақтардың православие сеніміне көшкеніне қатысты болады. Мысалы, Петропавл тұрғыны былай деп жазады: «негізінен православиеге көшкендер тұрмыстық деңгейде қолайсыздықтарға тап болады, «сатқын» немесе «орыс болғысы келді» деген сияқты ұялту немесе сөгіс айту кездесіп тұрады. Алыс ауылдарда, мүмкін, одан да қаттырақ болуы мүмкін. Бірақ қоғамның ағартушылық бөлігі бұған түсіністікпен және үстірт пікірсіз қарайды. Ел басшылығы да айырмашылық жасамайды… Мен Алматы бойнша шын мәнінде шіркеуге еңген қазақтардан 50 адамды білемін. Алматы мен Қарағандыда дін қызметкерлері мен диакондар бар».

Құтқарыңдар деп айқайлаудың қажеті бар ма?

Әрине, күннің өзінде де дақтар болады. Қазақстандағы православие шіркеуінің қызметі де әрдайым тегіс бола бермейді. Кейде түсініспеушілік туындайды. Басқа конфессиялар өкілдерімен де, мемлекеттік органдармен де. Осыдан он жыл бұрын Қазақстанның православиелік шіркеуі туған тілі қазақ тілі, ал орыс тілін нашар меңгерген келушілер үшін қазақ тілінде құдайға құлшылық етуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Алайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері бұл бастаманы қатаң сынға алып, оны теріс пиғылды бәсеке және «бұрыс үгіттеу» деп есептеді. Бірақ, маңыздысы, сол жағдайда бірде-бір конфессия өз пайдасы үшін таласпады. Уақыт бәрін өз орындарына жайғастырды, қазақ тілінде шіркеуде құдайға құлшылық ету идеясы өздігінен жоққа шықты.

Қақтығыстар негізінен діни заңнаманы қатаңдатудан туындайды: оны бұзғаны үшін көптеген православиелік діндарлар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірақ мұндай жағдайларда құтқарыңдар деп айқайлаудың қажеті бар ма?

Алдында аталып өтілген «Русский дозор» осылай деп жазған: «...абсурд пен жанжал мінеки басталып кетті. Осылайша, киелі Сергий Радонежскийдің өмір сүруі жөнінде әңгмелелеуге тырысқан Павлодар қаласының тұрғыны Алена Петровна Дубровскаяға айыппұл салынды. 43% орыс халқы бар Павлодар қаласы сәтсіздікке ұшырады: егер большевиктер оны ҚазКСР құрамына енгізбеген болса және осы республиканың шекарасы қаладан кем дегенде 300 метр алшақ болғанда, онда орыс православиелік әйелі болашақта мұндай мәселеге тап болмас еді. Басқа шекаралас орыс қаласы, Өскемен туралы да дәл солай айтуға болады, онда бір азаматшаны интернет-сайтында бисермен көркемделген иконаны сатқуы туралы хабарландыруды орналастырғаны үшін соттады. 2017 жылдың жазында да алматылық православиелік дін қызметкері Владимир Воронцовты балалармен туристік жорық кезінде дұға жасауға ұмтылғаны үшін (оның үстінен түскен арыз бойынша) сотқа салу әрекеті болды...».

Іс жүзінде сипатталған фактілер болғаны рас. Бірақ оларды православиені құғынға салу ретінде жіктеуге болады ма? Өйткені заң басқа конфессияларды білдіретін бұзушыларға да дәл сондай қатаң. Атап айтқанда, өткен жылдың қараша айында Шербақты ауылының тұрғыны сол ОLХ сайтында «Крепость мусульманина», «Күнделікті оқылатын дұғалар», «Мұсылманша түс жору» деп аталатын діни кітаптарын сату туралы хабарландыру жариялағаны үшін сот оны кінәлі деп таныды. Оған 50 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды…

Мұндай жарияланымдар ішкіобщиналық жанжал тұдырып, Украинада болғандай ұшқыннан жалын шығаруды көздеуі мүмкін. Екінші жағынан, біздің республикамызда, Незалежный алаңынан ерекшелігі, мұндайға негіз жоқ – әзірше қазақстандық православие шіркеуінің Мәскеу патриархатымен

байланысы тым күшті және мызғымас болып көрінеді. Сондықтан, діни факторды алыпсатарлап, осындай мақалалардың көмегімен біздің қоғамдық тұрақтылығымызды бұзғалары келеді. Бірақ тағы да мұсылмандар қаңтар айының суық түндерінде мұздағы ойыққа сүнгіп, ал православиелік қазақ мерекелеріне шелпектер пісіріп, достарымен бірге компания үшін ораза ұстап жүрген кезде, мұның барлығы мағынасыз.

Дегенмен, бәлкім мұндай инсинуация авторлары қандай мақсаттарды көздейтінін болжау жасауды тоқтатып, оларға назар аудармау керек шығар? Өйткені беделді сарапшылар алаңдаушылық үшін себептерді көрмейді.

Шіркеу тарихи Отан бұрышы ретінде

Қазақстандағы православие ахуалын, сенушілердің көңіл-күйін, олардың алдында тұрған тәуекелдер мен қауіптердің дәрежесін, бұл діни заңнаманы қатаңдату болсын немесе сырттан ықпал ету болсын, біз «Лад» республикалық славян қозғалысы» ҚБ төрағасы Максим Крамаренконы бағалауды өтіндік. Мінеки, оның айтқаны:

- Қазақстандағы православиеліктер саны бойынша мұсылманнан кейінгі екінші діни топ болып саналады, сондықтан да, мемлекет басшысы болған кезінде Нұрсұлтан Назарбаев ислам мен православие – еліміздің руханилығы негізделген екі баған деп айтқан. Діни еркіндік тұрғысынан православиеліктер ешқандай қысымға ұшырамайды. Сондай-ақ, мұсылман қауымының өкілдері тарапынан ғибадатханаға жиі келіп, өздерінің діни дәстүрлерін құрметтейтін православиелік азаматтардың атына құрмет көрсетілетінін атап өткен жөн.

Жақында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға енгізу ұсынылған заңнамалық жаңалықтарды православиелік қауым өкілдері алдымен күдікпен қабылдаған болатын – әңгіме дінге жататынын сыртқы атрибуттарды кию тәртібін реттейтін ережелер жөнінде болып отыр. «Ұзын құлақ» осы заңнамалық түзетудің бұрмаланған мағынасын таратып жіберген, оған сәйкес (жеке сенушілер бастапқыда қабылдағандай,) тіпті крестиктерді киюге де тыйым салуы мүмкін. Ал заң жобасында бұл сөз тек деструктивті діни табынушылықтардың сыртқы атрибуттары туралы ғана айтылған болатын. Бұл жағдайда осы түзетулердің қажеттілігі мен мағынасына қатысты Қазақстанның діндар азаматтары арасында уақытында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген уәкілетті мемлекеттік органдардың пысықталмауы орын алды.

Қазіргі кезде Қазақстанда православие храмдары еркін жұмыс істейді, жаңалары да салынып жатыр. Діни рәсімдерді жасауға ешқандай тыйым салу жоқ (ерекшелік тек мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты, әрине, мемлекеттің зайырлы сипатын ескере отырып, ол дұрыс). Соңғы 10-15 жыл бойы шіркеулерге жиі бара бастаған адамдардың санының өсуі байқалады. Бұл, ең алдымен, ҚР-дағы православиелік қауым 1991 жылы бір ғана сәтте өз мемлекетінен тыс қалған орыстардан тұрады. Сондықтан қазір олар үшін православиелік ғибадатханалар діни салт-дәстүрлер жасалатын діни ғимарат ғана емес, тарихи Отан бұрышына айналып отыр. Қазақстан аумағында әрекет ететін Митрополиттік округ Мәскеу Патриархатының Орыс Православие шіркеуінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, сондықтан діни қауымның қызметіне қатысу шын мәнінде өзінің «этномәдени кодын» сақтауға ықпал етеді.

Бұл факт Ресейдің геосаяси оппоненттерінің гранттық қолдауын пайдаланатын ұлтшылдар тарапынан агрессивті қабылдануы мүмкін. Өйткені, діни сәйкестік – ассимиляция үшін тағы бір кедергі. Ал Украинадағы ұжымдық Батыстың іс-қимылына қарағанда, оның посткеңестік кеңістіктегі негізгі мақсаты – жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі орыс халқын кетіру немесе ассимилизациялау. Сондықтан Украинаға Мәскеу патриархатына қарсы салмақ ретінде Константинопольдікін «еңгізді». Қазір сыртқы күштер, ішкіконфессиялық қақтығысты бағдарламалап отырып, Қазақстанда да осындай сценарийлерді қайталауға тырысуы мүмкін деген белгілі бір қауіптер бар…

 

Комментарии