Дүйсенбі, 19 тамыз 2019 ЖЫЛЫ
1055 13-03-2019, 13:15

Қазақстан арамтамақтар мен популистер еліне айналып барады ма?


Астанада Ситер отбасының бес апалы-сіңілінің өлімі билік пен қоғам арасындағы «әлеуметтік шартты» қайта қарау үшін бастау болды. Халық мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясатқа көңілі толмайтындығын білдіруде, ал мемлекет оған жаңа әлеуметтік бастамалармен (соның ішінде «Нұр Отан» съезінде аталып кеткендерімен де) жауап беруге тырысып жатыр. Бірақ бұл қайта қарау процесі абсурд театрына ұқсап, әдеттегі хайпқа, яғни жарнамалық хабарламаға айналады.

Мысалы, жақында бірқатар қоғам қайраткерлері 10 миллион теңгеден аспайтын сомаға несие алған барлық қазақстандықтарға несиелік рақымшылық жасау жөніндегі бастамасымен шыққан болатын. «Қарапайым халық банк алдында несиені өтеу үшін күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр болғандықтан, адамдар отбасыларына, балаларды тәрбиелеуге, дұрыс, салауатты өмір салтын сақтауға жеткілікті көңіл бөлмейді, ал рухани құндылықтар туралы тіпті әңгіме де болып отырған жоқ. Нәтижесінде елімізде қылмыс, суицид және тәртіпсіздік өсуде... Банктер алдындағы несиелер халықты құлдық жағдайына апарып жеткізгенін айтуға болады. Халық мұндай тонауға лайықты ма? Біз өзіміздің Тәуелсіздігімізден күткеніміз осы ма», – дейді бастаманың авторлары.

Олар Тәуелсіздіктен не күткені жөнінде, әрине, айту қиын. Әлбетте, қойнауында Менделеевтің барлық кестесі бар жер оларды өздігінен азықтандырады деп есептей отырып, күні бойы ешбір мағынасыз және ешқандай мақсатсыз уақыт өткізуді армандаған болар. Алайда, мәселенің мәні мұнда емес. Осындай үндеулер, әлеуметтік желілердегі реакция көрсетіп отырғандай, мыңдаған лайк пен мақұлдау білдірген жүздеген пікірлер жинайды. Бірақ мұндай бастамаларды қолдау үшін көп дауыстар берілген сайын, Қазақстанды арамтамақтар мен популистер еліне айналдыру қаупі бар қалыптасып жатқан тренд соғұрлым жарқын көрініс табады: кейбіреулері несие алып, қарызды қайтармауды қалайды (шын мәнінде өз проблемаларын басқалардың есебінен шеше отырып), ал басқалары – осындай көңіл-күйлерді пайдаланып, өздеріне қандай да бір саяси капитал табуды қалайды.

Осы үрдісті өзімен бірге алып келетін тәуекелдерді есептеп шығару үшін біз сарапшыларға жүгініп, келесі сұрақтарға жауап беруді өтіндік: олар осыны қауіпті деп санайды ма, бұл адамдарды өздері үшін жеңілдіктер мен артықшылықтарды талап ете бастауына алып келмейді ме, әлеуметтік популизммен күресу керек пе, және қалай күресу керек?

Мұрат Телібеков, мұсылман қоғам қайраткері: «Екі тізені жоғары көтеріп бір орында жүгіру»

- Әрине, мұндай үрдіс бүгінгі күні байқалады. Дағдарыс кезінде әрқашан жағдайды жеке мақсатта пайдаланатын авантюристер мен алыпсатарлар пайда болады. Өкінішке орай, біз жапондықтар емеспіз! Біздегі мәдени орта басқаша. Басты қауіп – жалпыға ортақ масылдық пен популизм қаупі емес, ал барлығынан айырылған, ашуланған адамдардың үлкен әскері. Әлбетте оларды ешкім ойдан шығарып отырған жоқ. Олар шын мәнінде бар, біз олардың беттерін көріп, олардың дауыстарын естиміз. Жағдай күрделі. Билік түбегейлі реформалардан аулақ болып, қарапайым шешім тапқысы келеді. Бірақ прогресс пен әл-ауқаттың өсуінің, үкімет пен саясаттың ауысуын және патриотизм мен халықаралық жетістіктерін шексіз имитациялауға болмайды. Бұл ақылсыз жеңіл атлетті еске түсіреді. Старттық тапаншаның атысынан кейін барлығы алға қарай ұмтылды. Біздікілердің біреуін қоспағанда. Оның құмарлығы – екі тізені жоғары көтеріп бір орында жүгіру. Оған нәтиже маңызды емес. Ол үшін ең бастысы тері бұршақтап жауып, аяғының астында жердің шайқалуы.

Өз сұрағыңызда сіз «билік пен қоғам арасындағы әлеуметтік шарт» деген сөзді пайдаландыңыз. Бұл қалыптасқан жағдайдың нақты көрінісі. Билік пен қоғам – екі оқшауланған әлем. Адамдардың санасында бұл статус-кво берік орнаған және сұрақтар тудырмайды. Екі әлем бір-бірімен араласады, есеп беру жиналыстарын өткізеді, салық, әскери міндет пен тату көршілік қарым-қатынас туралы шарттар жасасады. Егер біз бұдан әрі де осындай бұрмаланған қарым-қатынастарды сақтайтын болсақ, онда шынымен де жақында арамтамақтар мен популистер еліне айналамыз.

Несиелерге рақымшылық жасау туралы айтатын болсақ, бұл идея жаңа емес, ол көптеген елдерде жүзеге асырылуда. Мысалы, Грузияда 2018 жылы 700 мың азаматтың банк қарызын есептен шығарды. Осы жылдың ақпан айында Араб Әмірліктері халыққа 100 миллион доллар «кешірді». Жақында Қазақстан салықтық рақымшылық жасады. Айта кетерлігі, оның себебінен халявщиктердің саны өскен жоқ. Дегенмен, кредиттерді есептен шығару жөнінде өте сақ болу керек. Өйткені олар әртүрлі болады. Біреулер оларды жаңа айфон сатып алса, ал біреулер ауыр науқас баланы емдетуге алады. Қорқыныш пен күмән орынсыз емес. Жалпы сыбайлас жемқорлық жағдайында ақша кетіп қалуы мүмкін. Егер осындай көмек көрсетілетін болса, онда тек халықтың кедей топтарына ғана беру керек.

Бүгін адамдар несиені қандай нәрселерге алатынын қарап көрейік. Негізінен тұрғын үй, тамақ, киім сатып алуға... Бірақ көмекті басқаша, атаулы түрде көрсетуге болады. Мысалы, тегін мектептік түскі ас, оқулықтар, мектеп формасы, қысқы киім, дәрі-дәрмек, тегін медициналық қызмет көрсету және қоғамдық көлікте жүру, арзан жалдамалы тұрғын үй түрінде жасауға болады – мұның бәрі қарыздарды есептен шығарудың жақсы баламасы бола алар еді.

Айтпақшы, тұрғын үйге келетін болсақ. Миллиондаған қазақстандықтар үшін бұл ең өткір мәселе. Жақында түрік құрылысшы-бизнесмендерінің бірі маған Алматыда көптеген жаңа пәтерлер бос тұрғаны туралы айтты. «Біз көптеген тұрғын үйлер салдық, бірақ оларды сата алмаймыз. Адамдардың ақшасы жоқ», – деп өкініш білдірді ол. Міне, осындай ақылға қонымсыз жағдай. Мыңдаған бос тұрған пәтерлер мен сол уақытта көптеген үйсіздер бар. Не істеу керек? Пәтерлерді күштеп тартып алып оларға баспанасы жоқ адамдарды қоныстандыру керек пе?

Қорытындылай келе: адамдар сұраушылар рөлінде жүргені табиғаттан осындай болғандықтан емес деп айтқым келеді. Олар кемсіту жағдайына дейін төмендетілген, өйткені өзіне лайықты өмір сүру деңгейін өз бетінше қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылған. «Егер халықты тамақтандыра алмасаңдар, оған еркіндік беріңіздер» деген қарапайым ойды қайталаймын. Өкінішке орай ол да жоқ! Сондықтан бүгінгі күні біз біртүрлі, тіпті шизофрениялық бейнеге ие болдық – жасампаздықпен айналысудың орнына 18 миллион қазақстандықтар екі тізені жоғары көтеріп бір орында жүгіруді еліктейді.

Максим Андрюшин, ЖҚБ төралқасының мүшесі: «Бұл қауіпті және мүлдем болашағы жоқ жағдай»

- Ең алдымен, бұл мәселеде бастапқыда барлығын биліктің өзі шатастырғанын мойындайық, ол өз мақсаттарында кеңес дәуіріндегі тамырынан кетіп бара жатқан халқымыздың патерналистік көңіл-күйін қолдаған және пайдаланған. Бұған біздің барлық мемлекеттік капитализміміз сүйеніп отыр, онда рынок көбіне тек қана бір жапырақ болып табылады, ал шын мәнінде шенеуніктер өздеріне ең көп жағдайды жасайды және билікпен қосыла отырып, банк-шикізат олигархиясының билік протекциясының есебінен дамиды.

Басқаша айтқанда, ресми капиталистік елдегі жеке табыс көзі әлі күнге дейін мемлекет болып табылады, ал биліктің өзі әрқашан, әсіресе сайлау қарсаңында, әлеуметтік және бюджеттік демагогияны пайдаланады. (Тіпті егер жалақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны көтеру үшін қаражат Ұлттық қорынан алынса да, мәні сол). Осыдан кейін биліктегі адамдарға еліктеп, дәл сол табыс көздері мен пайдаға үміттенген қарапайым азаматтарға қандай наразылықтар болуы мүмкін?

Әрине, бұл қауіпті және мүлдем болашағы жоқ жағдай. Менің ойымша, одан біртіндеп, көптеген бағыттар бойынша қозғалыс жолымен шығуға болады. Біріншіден, «билік» және «меншіктік» ұғымдарын бөліп, процестің барлық қатысушылары үшін тең бәсекелестік жағдай жасайтын саяси жүйені қалыптастыру қажет. Екіншіден, қоғамның қажеттілігін неғұрлым толық қанағаттандыратын қазіргі заманғы, әртараптандырылған, ашық экономиканы дамытумен қатар, халықтың осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мемлекеттің айқын, жоспарлы доминантын жасау қажет, бұл жоғарыдан популистік, негізсіз уәделерді және олардың көрінісі ретінде төменнен талаптарды азайтуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, азаматтардың экономикалық, азаматтық мәдениетін қалыптастырумен айналысу өте маңызды.

Ерлан Сейтімов, бизнес-кеңесші: «Жақсылық жасауға ұмтылыс әрдайым жақсы аяқталмайды»

- Иә, Астанада балалардың қаза болуы жағдайы мемлекеттің көп балалы отбасыларға деген қарым-қатынасының айқын мысалы болды. Трагедиядан кейін бәрі кенеттен (!): олар қалай өмір сүреді, олардың алатын жәрдемақының көлемі қандай? – деп ойлана бастады. Және кенеттен (!) мұндай отбасылар өте кішкентай жәрдемақы алатыны, оларды шын мәнінде салыстырғанда символдық деп атауға болатыны анықталды. Қазір жәрдемақы мөлшерін (бір балаға 21 мың теңге) арттыру, сондай-ақ бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін төлемдердің ұзақтығын арттыру мәселесі қарастырылуда. Әрине, мұндай көмек әсіресе ауылдық жерлерде елеулі болады. Мүмкін, ол көп балалы аналарға балаларды тәрбиелеуге көп көңіл бөлуге, жұмыста емес, отбасында көбірек болуға мүмкіндік береді.

Бірақ біздің бейінді министрлер мен парламент комитеттеріне қатысты мәселелер туындайды. Олар сонда көп балалы аналарға берілетін жәрдемақының көлемі отбасының бюджетінде мүлдем сезінбейтіні туралы білмеген бе? Ал, көп балалы аналар балаларды тамақтандыру үшін жұмысқа баруға мәжбүр, сондықтан міне осындай трагедиялар орын алып жатқаны жөнінде де беймәлім болғандары ма? Алайда, бұл риторикалық сұрақтар, оларға жалғыз дұрыс жауап бар: «Жүйені өзгерту керек». Ең болмағанда министрлерді тағайындау және депутаттарды «сайлау» жүйесін өзгерту қажет.

Трагедиядан кейін көтерілген популизм толқынына келетін болсақ, мұнда қарапайым шешімдер жоқ. Иә, мемлекет бірнеше девальвация жүргізіп, адамдардың несиелерін өтеу бойынша мүмкіндіктеріне қол жеткізді, өйткені қазақстандық бизнесте валюта құрауышы елеулі үлеске ие. Бұл жерде ақылға қонымдылық пен әділдік билік тарапынан девальвациялық соққыны жұмсартуды, кредиттерді өтеу мерзімін ұзартуды, төлем мөлшерін азайтуды, «ескі» бағам бойынша қайта санауды және т. б. талап етеді.

Егер шағын (10 миллион теңгеге дейін) кредиттерге рақымшылық жасау туралы айтатын болсақ, онда толық немесе ішінара девальвация айналым қаражаты бойынша күрт соққы алған бизнес-кредиттердің қарызын жоюдың жолын қарастыру, мүмкіндігінше қарызды өтеу және бизнесті сақтап қалу керек. Бірақ мұндай шағын кредиттердің арасында «тәтті өмірге лайық» кредиттер де бар: үйлену тойына және басқа да тойларға, автомобильдер, асыл заттар, телефондарды сатып алуға, туризмдік сапарларға және т. б. Олардың күшін жою көптеген адал адамдар үшін жаман үлгі болады, олар өз мүмкіндіктеріне сенуге үйренген және өз ниеттерін шектеген. Бұл кейіннен рақымшылық жасау талабы бойынша «басқаларға болады, ал біздің қай жеріміз олардан кем?» - деп осындай несиелер алуға ниет білдірушілер санының күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін. «Жақсылық жасауға ұмтылу әрдайым жақсы аяқталмайды» - деп бекер айтылмаған.

Басқаша айтқанда, нақты мұқтаж адамдарға көмек көрсету керек, ал популистер мен халявщиктерді орнына қою керек. Бірақ қалай дұрыс пен бұрысты айыруға болады, қандай нақты шаралар жасау қажет? Бұл, мүмкін, көпшілік алдында талқылауды, ең бастысы – адамдардың өмірін жақсарту, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесу үшін саяси ерік-жігерді мұқият қарауды талап етеді. Біз осының барлығын үкіметтен күтеміз.

Егер барлық жағымды және жағымсыз шаралар халыққа түсіндірілсе, өте жақсы болар еді. Және ол «патамушта патамушта» деңгейінде емес, ал «Неміс экономикалық ғажабының» авторы Людвиг Эрхард айтқандай: «Мен ауызша және жазбаша түрде әрбір неміске жүгініп, өзімнің іс-әрекетімнің дұрыстығына көз жеткіздім, сондықтан ғана табысқа қол жеткіздім».

Марат Толыбаев, блогер: «Халықтың наразылығын білдіруге сылтау болмауы керек»

- Иә, мұндай құбылыстар орын алады. Егер тарихқа жүгінсек, онда іс жүзінде барлық революционерлер популистер болғанын көруге болады. Ленин революция алдында қандай уәде берді және біз шын мәнінде не алғанымызды еске түсіріңіздерші. Бұл, айталықтай, екі үлкен айырмашылық. Саяси режимдердің ауысуының барлық бастамашылары халық массаларының көңіл-күйін (наразылығын) байқауға және оларға популистік ұрандар ұсынуға ұмтылады. Оларды бұл үшін кіналаудің пайдасы жоқ, соған таңданудың да мәні жоқ. Оған кез-келген елде және кез-келген режимде тек бір ғана қарсы тұра алатын дәрі бар, – халыққа күйзеліске себеп бермеу, сол кезде ол осындай шақыру бойынша «сатылып кетуге» бармайды.

Адамдар көбінесе елдің барлық байлықтарын оның барлық тұрғындары арасында тең бөлу идеясы өзінің мәні бойынша утопиялық екенін түсінеді.  Бірақ біздің қайсымыз осылай алдануға қуанышты емеспіз? Міне, сондықтан көптеген популистік ұрандар алғыс білдірушілерді жинап алады. Бұл жерде билік «ойынға» енуі тиіс: біріншіден, популистік идеялардың дәрменсіздігін сауатты және дәлелді түрде түсіндіре отырып, екіншіден, әлеуметтік саясатты халықтың алаңдаушылыққа, қауіптерге және наразылықтарды тудырмайтындай етіп жүзеге асыруы қажет.

 

Комментарии