Жексенбі, 21 шiлде 2019 ЖЫЛЫ
1074 7-03-2019, 16:25

Қазақстан билігі діни саламен не істеу керектігін білмейді ме?


Діни қызмет туралы заң жобасының тағдыры қайғылы болып шықты. Алдымен оны ұзақ уақыт бойы сынға салып, содан соң ашық түрде елемей қойған еді, ал енді мүлдем жауып тастады. Жақын айларда оны қайта жандандырамаәлі белгісіз. Бірақ егер осындай іс-шаралар орын алса, онда логика бойынша, бізге оның қазіргі жағдайдан айтарлықтай ерекшеленетін жаңа нұсқасын ұсынады. Оның қандай ерекшеліктері болады? Біз сарапшылардан осы мәселе бойынша ой-пікірлерімен бөлісуді өтіндік.  

Ең алдымен айта кететін бір жәйт «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасы Сағынтаевтың жетекшілігіндегі үкімет қантардың соңында себебін көрсетпестен кері қайтарып алған. Біз ол себептерді Қоғамдық даму министрлігінде анықтауға тырысқан едік, алайда өз сауалымызға сол қалпы жауап алмадық. Сонымен қатар, осы күндері ол министрлік қайта құрылуға ұшырады, жаңа министр тағайындалды... Ведомство қандай салаларға жетекшілік ететіні әзірге түсініксіз, бірақ оның атауына қарағанда, дін мәселесі басымдыққа ие болмайтыны анық.

Осының бәрі билік тағы да дін мәселелерінен қашықтау болуды шешті деген ойға жетелейді. Мүмкін, зайырлы елде осылай болуы да тиіс шығар, оның үстіне мемлекеттің осы нәзік салаға араласуының алдыңғы әрекеттерінің барлығы жұртшылық тарапынан қолдау таппады. Бірақ олардан толығымен шеттетілу (әсіресе барған сайын көптеген жастар дінмен әуестеніп, кейде оның бірқалыпты ағымын ұстамаған жағдайда) қауіпті. Сирияға кеткен қазақстандықтар оның жарқын дәлелі болып табылады.

Әдетте жағдай «жарыла басталғанда» ғана біздің елде бейіндік ведомстволар құрып, арнайы заңдар жаза бастайды. 2011 жылы Дін істері агенттігі де, 2016 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі де Қазақстанның түрлі қалаларында террористік әрекеттерден кейін пайда болды. Және оны Нұрлан Ермекбаев басқарған фактісі мемлекет діни саланы қатаң бақылауға алуды көздеп отырғандығын көрсетті. Бірақ, ширақ стартқа қарамастан, басталған нәрсені логикалық аяқтауға дейін жеткізу қолдан келмеді – сол уақытқа таман барлығы босансып үлгерген…

Қалай болса да, діни саланы құқықтық реттеу бұрынғысынша қажет және өзекті іс болып қала береді. Ең бастысы, сарапшылардың пікірінше, заң жобасының жаңа нұсқасында бұрынғы әзірлеушілер жіберген қателіктерді қайталамау және діни экстремизмге қарсы күресті сенушілерді кемсітуге айналдырмау.

Серік Бейсембаев, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы: «Үкіметте алдыңғы сын ескеріледі деп үміттенемін»

- Заң жобасы «шикі» екендігі ең басынан бастап түсінікті болды. Ұсынылған шаралар мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің және діндарлардың арасындағы онсыз да күрделі қарым-қатынасты одан әрі қиындатар еді. Әрі мақсат қоюдың өзі де оғаш болып көрінді: оны әзірлеушілер діни саласын жетілдіру қажеттігі жөнінде айтқандарымен, бірақ, шын мәнінде, әңгіме тағы бір «антиэкстремистік» бастамасы жөнінде болған.

«Деструктивтік діни ағымдар» ұғымын заңды түрде бекіту туралы ұсыныс және көпшілік бар жерлерде бетін жауып жүруге тыйым салу үлкен резонанс тудырды. Сондай-ақ, құқық саласындағы сарапшылар мен сенушілердің өздері адамдарды діни белгісі бойынша кемсітушілікке, сондай-ақ жекелеген мұсылман қауымдарына қатысты репрессивті шаралар үшін жағдай жасауға наразылық білдірді.

Мәжілістегі заң жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының қатысушысы ретінде, онда басқа да көптеген даулы жағдайлар болды деп айта аламын. Мысалы, 16 жасқа дейінгі балалар діни мекемелерге тек ата-аналарымен немесе олардың жазбаша келісімімен бара алуы ұсынылды. Бірақ жазбаша келісімнің шынайылығын қалай тексеру керек деген сұраққа және мұндай жағдайда нотариалды бекіту қажет пе, сонымен қатар діни қызметшілер келушілердің жасын қалай белгілейді деген сұраққа ешкім жауап бере алмады.

Соның салдарынан депутаттық корпустың өзінде заң жобасының қарсыластары пайда болды. Менің ойымша, ірі діни ұйымдар мен халықаралық серіктестер да шетте қалмай, шешім қабылдайтын тұлғаларға өз наразылығын білдірді. Заң жобасын алға тартқан министрлікте басшылықтың ауысуы да өз рөлін атқарған болар. Жаңа министрдің басымдықтары өзгеше болғаны анық, ол туралы ведомство атауын өзгертуіне қарап айтуға болады. Осылайша, заң жобасын қайтарып алу стейкхолдерлер тарапынан күшті қарсылық, сондай-ақ мүдделік құрылым позицияларының әлсіреуі нәтижесінде орын алды деп ойлаймын.

Заң жобасын пысықтау кезінде үкіметте алдыңғы сын ескеріледі деп үміттенемін. Ең дұрысы, жүргізіліп жатқан саясаттың тұжырымдамалық бөлігін қайта қарау керек, сондай-ақ оны конфронтацияға емес, ымыралы шешімдерге бағдарлау және осыған орай заң жобасын түзету қажет.

Сұлтанбек Сұлтанғалиев, саяси сарапшы: «Адамдардың өмірін шектен тыс регламенттеуден аулақ болу керек»

- Біздің отандық бюрократияымыздың даңқты дәстүрлерінің бірі – ізашылардың барлық жаңашылдықтарынан бас тартып, оның мұрасын түгелдей жоққа шығару. Алайда, бұл жағдайда мен жоқ жерде болмас нәрсені іздемес едім, және Дархан Қалетаевқа конспирологиялық кінә тақпас едім. Діни қызмет туралы заң жобасы кері қайтарылып алынғанның себебі, біріншіден, қазіргі заманғы саяси трендтерге кейбір мөлшерде сәйкес келмегендіктен, екіншіден, ол шын мәнінде қоғамда кеңінен талқылауды тудырып, соның барысында белгілі бір сыни ескертулер айтылғаны деп ойлаймын.

Мысалы, деструктивті діни ағымдардың сыртқы белгілерін көпшілікке көрсету жөніндегі бабы түсінбеушілік пен дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан ұжымдық әзірлеушілерді өздеріне қатысты тіпті ашық сарказм тудырды. Заң жобасының өзінде осы сыртқы белгілердің егжей-тегжейі көрсетілмеген, бірақ әңгіме сақал және қысқа шалбар жөнінде болып отырғанын қоғам өте жақсы түсінді.

Діндарлар мен сенбеушілердің сезімдерін қорлау туралы көптеген сұрақтар да туындады (дегенмен олар азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес әзірленген), сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің діни саладағы мінез-құлқын реттеу.

Ол кезде Нұрлан Ермекбаев басқарған министрлікте дайындалған заң жобасы діни экстремизм мен исламдағы баламалы ағымдарға қатысты өзінің қатаң жеке позициясының айқын ізін алып жүргенін айта кету керек, өйткені олар (дегенмен, халықтың бір бөлігінде сияқты) ешқандай сенім тудырмайды.

Осы Заң жобасының қазақстандықтардың діни сенім бостандығына деген құқықтарын сақтау тұрғысынан да, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да айрықша маңыздылығын ескере отырып, менің ойымша, болашақ заңға түзетулерді кеңінен қоғамдық талқылауға қайта оралу қажет. Сонымен қатар, менің ойымша, адамдардың өмірін шектен тыс регламенттеуден және рухани еркіндік саласындағы шектеулерден аулақ болу керек. Ең қиыны бір жағынан рухани ізденіске талпынатын адам құқығын сақтау қажеттілігі мен екінші жағынан жалған діни ілімдер негізінде діни экстремизм идеяларын таратуға қарсы іс-қимыл бойынша ақылға қонымды шаралар арасындағы үйлесімді теңгерімге қол жеткізу болып табылады.…  

Арман Құдабай, оқытушы, діни тақырыпқа маманданған журналист: «Билікте діни экстремизммен қалай күресуге болатын жөнінде түсінік жоқ»

Жақында мынадай бір жаңалық оқыдым: біздің Мәдениет министрлігі Сириядан қазақстандықтарды эвакуациялау туралы толық фильм түсіруді ойластырған екен. Көз алдымда бірден болашақ «киношедеврдің» кадрлары көріне бастады: күш құрылымдарының айбынды қызметкерлері қолында қазақстандық өндірістің қаруын ұстап алып, сақалды «бейшаралырды», олардың балалары мен бастан аяққа дейін оранып алған көптеген әйелдерін өз денелерімен жаба отырып, кез келген уақытта ұшуға дайын ҚР ӘӘК тану белгілері бар әскери ұшаққа жүгіріп бара жатыр...

Билік қоғамның назарын «террористердің тұтқынында қалған отандастарымызды құтқаруға» аударуға барынша тырысып отыр. Менің ойымша, бұл отандық медиа және блогосферада ашылған «біздікілерді» көмексіз қалдыруға болмайды деген қызу пікірталастарға реакция болып табылады. Ал Қазақстан – «гуманитарлық миссияны» өткізуге шешім қабылдаған жалғыз ғана ел. Мысалы, ЕО мемлекеттері әлі күнге дейін Сириядағы соғысқа кеткен отандастарымен не істеу керектігін ойлап, оларға азаматтықты қайтару іске тұрарлық нәрсе ме деп бастарын қатыруда...

Мәселе біз бұл сақалды жігіттер мен олардың әйелдері кім екенін ұмытып отырғанымызда. Бұл қайғы-қасіреттен және қысымға тап болғандықтан «рухани ағартылуды» іздеу мақсатында жердің алыс жеріне кеткен адамдар емес. Оларды діни экстремизмнің идеологиясы қозғайды және олар саналы түрде, нақты мақсатпен кетті – соғысуға! Олар Сирияда болған кезде «имансыз» бейбітшіл азаматтардың қаншасын жойып үлгерген.… Осыған қарамастан, біздің арнайы қызметтер оларды сириялық билік пен әскери адамдардан (ал олардың жақындары мен туыстары сол соғыста қаза болған) «құтқаруға» тырысады...

Мен Ермекбаевтың министрлігінде де, Қалетаевтың министрлігінде де, жалпы алғанда биліктің өзінде де діни экстремизммен қалай күресу керектігі туралы түсініктің болмағанын көрсету үшін осы мысалды келтірдім. Бізде әлі күнге дейін нақты жұмыс жоспары жоқ, кім шын мәнінде «өзіміздікілер», ал кім біздің қоғамға жат идеяларды таратуға тырысады деген айқын түсінік жоқ. Барлығын бір үймеге араластырып тастаған. Енді біз Сириядан оралған жалдамалыларды батыр деп есептей бастасақ, мен таң қалмаймын...

Шын мәнінде, діни қызмет туралы заң жобасының қабылданбауы да осыдан туындады. Оның соңғы нұсқасында мен ол кері қайтарылуына себеп болатын елеулі кемшіліктерді көрмедім. Құжат шет елдердің заңнамаларынан көшірілгендіктен, онда кемшіліктер жоқ. Тағы бір мәселе, оны жедел түрде дайындаған. Ермекбаев жұртшылық назарын экстремизм проблемалардың бар екендігіне аудыруға үлгергісі келген. Ал келесі министр онымен не істеу керектігін білмеді, сондықтан мәселенін шешуін созды.

Қоғамды тілдік және ұлтаралық шиеленістер сілкіндіріп жатқан кезде министрлердің «қолайсыз» заң жобаларын алшақ тастау, ал одан да жақсырағы – оларды өз мұрагерлеріне қалдыру ниеттері түсінікті... Алайда мұндай тәсіл, әрине, мәселені шешпейді, ол тек проблеманы ушықтырады. Мен бірнеше рет айтып өткенімдей (оның ішінде сіздің басылымға берген сұхбатымда да) уақыт жіберіліп қалды. Шетелдік лицейлер Қазақстанда хиджабтарды романтизациялауға, ал жаңа миссионерлер никабты енгізуге қол жеткізді. Мәселе, әрине, діни киімде емес – оның астында жасырынып тұрған нәрседе...

Жақында діни киім киген студенттермен болған кезекті дау кезінде: «Заң бойынша альма-матерге хиджабпен тіпті паранжамен (никабпен) кіруге тыйым салынған емес!» –  деген пікір естідім. Олар дұрыс айтады. Қазақстанда бұл мәселені қаншама жыл мұжып жатыр, ал оны заңнамамен реттеуге батылдары жетпейді... Шу көп болғанмен, бірақ, нәтижесі жоқ.

 

Комментарии