Сейсенбі, 15 қазан 2019 ЖЫЛЫ
1678 1-02-2019, 15:28

Қазақстандағы соловьевтар мен өзгелердің ерсі сөздеріне кім және қалай жауап беруге тиіс?


Біздің жоғарғы мемлекеттік органдар кез келген, тіпті жекеменшік тұлғаның, Қазақстан жөніндегі сын-қатерлеріне жауап бергені тек іштегі көзқарасқа қалыпты жағдайға ұқсайды, бірақ сырттан мұндай реакция көбінесе күлкілі болып көрінеді. Дипломатиялық ұстанымның ережесі бойынша ұсақ-түйектердің кеселімен шашырап кетуге болмайды.

Бұл сұхбаттың себебі ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьевтің біздің ел туралы айтылған тағы бір арандатушылық сөздерінде болды. Бағдарламаның тікелей эфирінде, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сирия мәселесі бойынша ресейлік резолюциясын қарарда дауыс бермегені туралы ескертіп, былай деді: «Біз Қазақстанмен қарым-қатынасымыз туралы бір нәрсе білмеймей жүрмізбе? Арамызда бір түсінбеушілік пайда болғаны ма? Немесе келесі Майданды Қазақстанға жөнелтуді күтуіміз қажетпе?

Былай қарағанда ол сөздер Қазақстанның беделіне, әсіресе екі көрші мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа қатты әсер ете алмайтын жеке тұлғаның жеке пікірі. Бірақ, келесі күні ол сөздер барлық қазақстандық БАҚ-тарға көшіріліп, саяси талдаушыларға, блогерлерге және барлық жолақтардың қоғам қайраткерлеріне таратылған. Содан кейін, бұрыннан қолданатын сценарий бойынша: журналистке қарсы іс-қимыл жасауды талап етеді, тіпті оны persona non grata (қабылдаушы елдің беделін түсірген, жағымсыз) деп жариялау ұсынылды. Ал бүкіл әлемдік қауымдастық осы кезде керісінше шетелдік азаматтардың саяси себептермен кез келген елге кіру құқығын жоққа шығару әрекеттерін белсенді түрде айыптап және одан да көп жағдайда бір немесе басқа көзқарастың ашық түрде айтылуына тыйым салынуды жан-жақты талқылап жатыр.

Бір күн өткеннен кейін, мемлекеттік органдардың да кезегі келді. Шыны керек, бұл жолы шенеуніктер тек журналистерге түсініктеме берумен шектелді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев былай деп жауап берді:  «кей кезде, өкінішке орай, біздің көрші, бауырлас, достас елімізде осындай сөздер болып турады. Ең алдымен, біз Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының ресми мәлімдемесіне назар аударамыз... Сонымен қатар, өткен жылдардағыдай, әрине, бірқатар сарапшылар, саяси немесе қоғам қайраткерлері айтқан мұндай көзқарастар біздің мемлекеттер арасындағы стратегиялық одақтастық, бауырлас достық қарым-қатынастарына ешқандай зиян келтірмеуі үшін белгілі бір шараларды қабылдаймыз».

Ия, ол сабырлы турде, сыпайы, ең бастысы қоғамдық құмарлықтың қысымымен берілген түсініктемелер. Қалай да болмасын, ол іс жүзінде болған нәрсе! Дегенмен, бұл жағдайда түсініктеме беруден бас тарту көптеген бос сөз айтуға қарағанда әлдеқайда күшті болар еді... Осындай жағдайда ресми органдардың түсінік беруі Ресейлік сыртқы саясат ведомствосы БАҚ пен әлеуметтік желілердегі қазақстандық қоғам қайраткерлері мен ұлттық-патриоттық журналистердің жиі өте қатал, кейде тіпті ашық русофобты репликаларына түсінік бере бастағанына тән. Ал егер Ресей Федерациясының ресми басшылығы біздің ұлттық қадір-қасиетімізге тілін тигізіп, бізді ренжіткен болса, онда ресми органдардың үнсіздігі кем дегенде түсініксіз болар еді...

Бұл жерде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК өкілдерінің американдық журналист Джеймс Палмердің сөзіне деген қызығушылығын еске түсіру керек, ол өз мақаласында көрмені ұйымдастыру туралы көңілге жағымсыз түрде жазыпты. Не керегі бар, олардың хат-хабарларын бүкіл ел талқылай жөнелген! Аяғында Ақпарат және байланыс министрлігі шара ұйымдастырушыларды қорғауға мәжбүр болды...

Неліктен біз соншалықты сезімталмыз? Неліктен біреулердің Қазақстан жөніндегі сөздерін, тіпті жекеменшік бағалауларын көңілге алып, өте ауыр қабылдаймыз? Мүмкін, ұлттық мүдделерді қорғап қалудың себебі - өзімізді психологиялық негізде төмен бағалауымыздың белгісі болар?

 

Халықаралық құқық магистрі Адиль Каукенов, қытайтану орталығының директоры: «Әрбір шаншуға жауап беру – іске татымайды»

- Бұл мәселе қарапайым болып көрінгенмен, ол негізінде екі жақты қарастырылуы керек. Бір жағынан, жеке тұлғалардың кез-келген мәлімдемесіне өте белсенді әрекет ету зиянды болып табылады - осылайша, біз өзіміздің әлсіздігімізді мойындаймыз және сонымен бірге біз үшін осындай жағымсыз бағалауды көбейтеміз. Яғни, ақпарат толқынын жіберу мақсатында немесе бізді біреулермен қақтығыстыру үшін тек Қазақстан туралы айтылған (оның қалаларының, тұрғындарының, өндірілген өнімдердің және т.б. туралы) кейбір жеке тұлғалардың атынан кез келген жағымсыз сөздері жеткілікті болуы мүмкін.

Ал содан кейін қазақстандықтардың өздері оны барлық әлеуметтік желілерде таратып жібереді. Ресми тұлғалар министрлік немесе үкімет деңгейінде талқылауға қосылғаннан кейін ол іс мемлекеттік деңгейге жетеді және сәйкесінше жеке тұлғалардың сөздері барлық телеарналарда және ресми БАҚ-да таратылады. Яғни, басында тек сыбыс болған сөздер енді нақты мәселе болып шыға келеді. Борат туралы фильмнің оқиғасы көрсеткендей, өзі жайлы жағымсыз ақпараттың таратылуына тыйым салу әрекеті одан да үлкен қасірет пен күлкі тудырады.

Интернет-пікірталастарда бұл реакция жиі «Барбара Стрейзанның әсері» деп аталады. Актриса, еске салайын, сот арқылы өзінің жеке фотосуреттерін интернетте таратуға тыйым салуға тырысқанымен, керісінше, олардың қызығушылығын одан әрі арттырды. Демек, қорытынды осындай: мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын және жауапты лауазымдарды атқармаған адамдардың әрқайсысына шабуылдау жақсылыққа әкелмейді.

Екінші жағынан, сынға ұшыраған осындай ауыр реакция біздің жалпы әлсіздігімізге байланысты. Мысалы, Вашингтонда АҚШ, Ресей, Солтүстік Корея немесе басқа шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары теріс шабуылдарға назар аудармайды. Оларда өте қуатты БАҚ және «жұмсақ күші» бар. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының құндылығы өте маңызды.

Айтпақшы, бұқаралық ақпарат құралдарында әртүрлі салмақ санаттары бар, сондықтан Вашингтон немесе Мәскеу жеке тұлғалардың анти-американдық және анти-ресейлік шабуылдарына өте сирек жауап береді. Сондай-ақ, әлсіз медиа ресурстары мен сирек еске түсірілімі бар елдер жеке мәлімдемелерден қорқып, осындай адамдардың өз аумағына кіруіне тыйым салады. Айтпақшы, ондай әрекет өте ерсі жауап ретінде көрінгенмен қатар, ол теріс әсерді одан әрі күшейтеді.

Егер Қазақстанға қатысты айтатын болсақ, онда Владимир Соловьев сияқты БАҚ өкілдерінде өте үлкен аудиториясы бар, сондықтан оны мүлдем елеусіз қалдыру – оның біздің елге қарсы саяси шабуылдары орынды және дұрыс деген пікір тудыруы мүмкін. Яғни, реакцияның болмауы жалпылама жалғандыққа жол ашуы мүмкін.

ҚР СІМ айтсақ... қазақстандық аудитория ресейлік журналистертердің сөзін жүрекке соншалықты жақын қабылдайтын болғандықтан, сыртқы істер министрлігі ұлттық мүдденің қорғаушысы екенін растау үшін, жұртшылықтың сұрауларына жауап беруге мәжбүр. Бірақ осы жолы, Борат жөніндегі әңгіме немесе ЭКСПО туралы жазылған Палмердің мақаласына қарағанда, Қазақстанның жалпы реакциясы сабырлы болды. Яғни, біз тәжірибе алу арқасында тек дау-дамай арқылы өз көзқарастарымызды жеткізуге болатынын түсіне бастадық.

 

Қазбек Бейсебаев, экс-дипломат: «Егер өзімізде болмаса, басқаларды тыңдауға мәжбүрміз»

- Тележүргізушілер аудиторияны «ұстап қалу» үшін әртүрлі сөз айта береді, өйткені олар тележүргізушілер. Ең бастысы, олар редакциялық саясаттан ауытқымау керек. Ресейлік саяси шоуға қатысты мәлімдемеге келетін болсақ, онда екі сәт бар. Біріншісі. Әрине, көрші мемлекеттің телеарналарында әртүрлі жеке мәлімдемелерге түсінік беру – шенеуніктерге лайық іс-әрекет емес. Дегенмен, Сыртқы істер министрінің орынбасары ресейлік тележүргізушінің сөзіне түсініктеме беруі біздер Ресей ақпараттық кеңістігінде екендігімізді көрсетеді. Екінші мәселе – бізде Соловьевтің саяси сұхбаты сияқты бағдарлама жоқ. Ал онда журналистер, саяси қайраткерлер және басқа да шақырылған адамдар осы немесе басқа мәселе бойынша жеке пікірлерін білдіре алады. Яғни, өзімізде болмағандықтан, біз басқаларды қарап, солардың сөздерін тыңдауға мәжбүрміз, кейде тіпті ресми деңгейде сөз қайтаруға тура келеді.

 

Марат Толибаев, блогер: «Белгілі бір паритет болуы керек»

- Негізінде, мемлекеттік органдар басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын адамдардың сөздеріне жауап бермеуі керек деп ойлаймын. Белгілі бір тепе-теңдікті сақталу керек. Қоғамдық қайраткерлердің мәлімдемесіне Қазақстанның сыртқы істер министрлігі емес, Қазақстанның тура сондай қоғамдық қайраткерлері жауап бергені дұрыс. Дегенмен, танымал және белгілі саясаткерлердің мәлімдемесінде қылмыс белгілері байқалатын жағдайлар болады. Мысалы (тек гипотетикалық түрде) Ресей Думасының депутаты Қазақстан территориясын тұтқындауға шақырады. Бұл Ресей Федерациясының заңдарын бұзады. Ондай жағдайда ҚР СІМ оны Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылуы туралы өтініш жолдауына болады. Ал егер сыртқы саясаткерлер Қазақстан артта қалған ел, өзіндік мемлекеттігі мен өз тілі жоқ, сатқын немесе тағы да сол сияқты сөздер айтса – ол басқа. Бұл жай ғана ойлар мен пікірлер. Оларға ресми деңгейде жауап беру қажет емес.

 

Руслан Түсіпбеков, саясаттанушы, халықаралық құқық маманы: «Соловьев ештеңені текке айтпайды»

- Меніңше, бұл жағдайда ҚР СІМ-нің реакциясы орынды болды. Біз бәріміз, оның ішінде біздің шенеуніктеріміз де, Соловьев ештеңені текке айтпайтынын түсінеміз. Оның сөздері, керек десеңіз, «тексеру» деп аталады. Бұл «доп» біздің мекен-жайымызда ең жоғары деңгейде - Кремль деңгейінде іске қосылды. Үнсіздікті сақтасақ - қысым күшейе түседі және әлдеқайда қатаң мәлімдемелер жіберіледі. Соловьев тек өзінің «пікірін» білдірді деп ойламайтын боларсыз?

Ол Ресейдің қазіргі саяси элитасының және оның саяси бағытының жаңғыртушысы. Оның үстіне, өзі айтқан тақырып біз үшін өте сезімтал - бұл халықаралық істерге тәуелсіз ойыншы ретінде қатысуымызға байланысты. Және, қөңіл аударыңыз, біз тек халықаралық құқық субъектісі емеспіз, біз қатарынан екі жыл бойы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесіміз. Шын мәнісінде, біз үшін ол өте қымбатты. Ал наразылық тудырған жәй – ол Сирия қарарына қатысты дауыс беру мәселесі, біз Ресейдің позициясын қолдамадық, дауыс бермедік.

Сондықтан, біздің Сыртқы істер министрлігіміздің Соловьевтің мәлімдемесіне реакция (өте уақытында, атап өту керек) мені өте сүйсіндірді. Бұл жерде неге біз дауыс бермегенімізді түсіну маңызды. Шын мәнісінде, Қазақстан Сириядағы бейбітшілік үдерісіне қатысушы тараптардың бірі болғандықтан, қақтығыстың қатысушыларына келіссөздер алаңын ұсынды. Сондықтан Қазақстанның өзіне шынымен де бейтарап позицияны қабылдауы тура келді. Тағы бір маңызды мәселе. Қазақстан бірнеше жыл бұрын Жириновский, Лимонов және т.б. сөздеріне назар аудармауды таңдады. Бірақ қазіргі кез мүлдем басқа - Украинадағы іс-шаралар оған «дейін» және одан «кейін» болған нәрселерді екіге бөлді. Енді біздің егемендікке, тілге және т.б. қарсы жасалған кез келген мәлімдемелер дереу біздің мемлекетіміздің бағасын алу керек. Тек осы бағалау өте сабырлы, теңдестірілген және объективті болуы тиіс. Бұл жағдайда ол дәл сондай болды.

 

Комментарии