Бейсенбі, 16 шiлде 2020 ЖЫЛЫ
1430 29-01-2019, 10:05

Ұлттық бірегейлікті іздеу Қазақстанды қайда апарады?


Ресейлік сарапшылардың пікірінше, таяу бес жылда Қазақстан Орталық Азия аймағының басқа елдерімен қатар ұлттық бірегейлікті іздеумен айналысады. Ресей, олардың ойынша, «Орталық Азияның (ОА) жаңа болашағын құру үдерісіне» қосылуға дайын…

Мұндай қорытынды Халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесі дайындаған «2019-2024 жылдарға арналған Жаһандық рейтингінде» жасалды. Ғасырдың соңғы ширегіндегі үдерістерді талдай отырып, сарапшылар «соңғы жылдары сыртқы ойыншылар тарапынан аймаққа деген қызығушылықтың айтарлықтай төмендеуі Орталық Азия елдерін өзара ынтымақтастықты дамытуға, ішкі экономикалық байланыстарды нығайтуға және өзінің жеке аймақтық бірегейлікті іздеуге итермелейді» – деген пікірде. «Бүгінгі таңдағы ең басты мәселе – өңірді не біріктіре алады? Тілдік немесе этникалық бірлік пе, дін бе, экономикалық мегажобалар ма, сыртқы күшпе, әлде соғыстық қауіп-қатер ме? Бұл сұраққа анық жауап бере алатын тарап 70 миллионнан астам адам үшін болашағының бейнесін қалыптастырады. Орталық Азияның жаңа болашағын құру процесіне Ресей қосыла алады және қосылуға тиіс» – деп қорытынды жасайды олар.

Осы қорытындылар, әрине, бір мағыналы емес. Сондықтан олар тудыратын сұрақтарға енді біз отандық сарапшыларымызға жауап беруді ұсындық:

  1. Қазақстанда ұлттық бірегейлікті іздеу қалай жүріп жатыр және онымен байланысты қазіргі кезде қандай трендтер орын алып отыр?
  2. ҚР президенті алға қойған басым міндеттердің бірі «біртұтас болашақтың ұлты» идеясына негізделген қазақстандық бірегейлікті одан әрі нығайту болып табылады. Ол қаншалықты табысты іске асырылуда? Оның шешімі Қазақстанға Орталық Азияның қалған мемлекеттеріне қарағанда көршілерімізге «аймақтық бірегейліктің» өз нұсқасын жылдамырақ ұсынып, «бір тұтас өңір үшін болашақ бейнесін қалыптастыруға» қабілетті тарап болуға мүмкіндік бере ме?
  3. ОА елдерін шын мәнінде не біріктіре алад – тіл ұқсастығы ма, дін бе, экономикалық мегажобалар ма, сыртқы күшпе, әлде әскери қауіп-қатерлер ме?
  4. Ресейдің «ОА жаңа болашағын» құруға қатысуының қызығушылығы түсінікті және түсіндіруге де лайық. Бірақ Ресей осы процесте қалай іске қосылуы мүмкін? РФ-ның ОА жаңа болашағын құруға араласуы көмектесе ме, әлде зиян келтіреме?

Қанат Нұров, «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының президенті: «Отан да, Ұлт та адамзаттықтан жоғары болуға лайықты емес»

1.Қазақстанның ұлттық бірегейлігін іздеу барысында мен мынадай төрт трендті көріп отырмын: діни (исламистік), проресейлік (империялық), ұлтшылдық (этнократиялық) және азаматтық (патриоттық). Пантюркистік (протурецкий), «ариялық» (проирандық) және басқа да суперэтникалық трендтерді мен көбінесе тәжірибеге жүгінбей шығарылған, яғни нақты болашағы жоқ теория деп қарастырамын.  

Төрт трендтің әрқайсысының өзіндік оң және теріс сәттері бар. Алғашқы екеуінің қуатты тарихи-мәдени алғышарттары бар болғандықтан, оларға ұзаққа тоқталудың қажеті жоқ, сондықтан мен оларды тезисті түрде суреттеп өтемін.

Исламизм қазақтардың Ресей ықпалына дәстүрлі қарсы тұру жағынан жақсы, бірақ теократиялық бейімділік пен қазақ мемлекетінің этникалық өзіндік болмысы мен зайырлылығын жоғалту қаупі бөлігінде жаман екені анық. Қазақстан үш ғасырға жуық Ресейдің бір бөлігі болған, сондықтан сол әскери супердержавамен геосаяси қарым-қатынастағы, сондай-ақ этникалық қатынастарда шиеленістен сақтану ретінде проресейлік бағыттану жақсы десек қателеспейміз, бірақ ол неоколониалды тәуелділігімен қауіпті, соның ішінде экономикалық, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтан оқшаулаумен және жаһандану процесінен ажыратумен байланысты нашар болып табылады.  

Ұлттық бірегейлікті іздеу процесінде ұлтшылдық (этнократиялық) және азаматтық (патриоттық) трендтерге келер болсақ, онда бұл жерде барлығы әлдеқайда күрделі.

Ұлтшылдар қазақтардың этникалық мәдениетін қайта жандандыруға, ең алдымен, қазақ тілінің ұстанымдарын іс жүзінде қалпына келтіруге және оның жағдайын мемлекеттік мәртебеге нақты сәйкестендіруге ұмтылады. Мұндай талпыныстың позитивтілігі күмән тудырмайды, ондай сенбеушілік логикаға қарсы, аморальды болар еді. Бірақ олар сондай-ақ қазақ халқының титулдық ұлты мен қазақстандық азаматтығының ұғымын, титулдан басқа, өзге ұлт өкілдері ресми түрде бұдан былай болмайтындай етуді қалайды. Бұл азаматтық (ұлт) және этникалық шығу тегі (ұлты) ұғымдарының көлемі мен мазмұны бойынша субординация логикасына қайшы келеді. «Қазақстандық» (Қазақ Республикасының азаматы) «қазақ» (титулдық ұлттың өкілі) ұғымының көлемі бойынша кең болғанмен, бірақ ұғымның мазмұны бойынша өте кедей болып табылады. Қазақтардың өздері де «қазақ» ұғымының этникалық мағынасынан бас тартуға келіспейтін болар. Мен тіпті кез келген ұлттардың барлық азаматтарын қамтитын, олардың этникалық шығу тегі мен ұлттық ұқсастығы арасындағы қатаң таңдаудың алдында қоятын басқа қазақстандықтар туралы айтпаймын. Әлемдегі барлық мемлекеттер, тіпті таза ұлттық елдер де, моноэтникалық болып табылмайды. Егер өзге ұлттарды Қазақстанда өз атауымен өмір сүру құқығынан айыратын болса, онда азаматтық (саяси) ұлттың бірлігі, мысалы, Түркияда курдтармен болған сияқты қауіп-қатерге қойылады.

Қазақ ұлтшылдығы Ресейден тәуелсіз болу үшін күресуде өзінің оң сепаратистік рөлін атқарды, ал қазір, қазақтар өз елінде титулдық ұлт болған кезде, осы ұлтшылдық өзге де этностарға қатысты шовинизмге ұласып кетуі мүмкін. Қазақтарға өзінің дәстүрлі интернационализмінен бас тартпау керек, өйткені ол оларға мемлекеттік тәуелсіздікті сақтап қалуға және өз аумағындағы орыс тілді (өзінің көпшілігінде) азшылықтан қазақтілді көпшілікке айналуға көмектесті. Қазақстан ұлттық мемлекет ретінде 25 жылға тәуелсіздіктің кейін қалыптасты. Бірақ мемлекеттілікті жоғалту қаупі әлі толығымен артта қалған жоқ.  

Егер біз мемлекеттік іс жүргізуден басқа өзге салаларда орыс тілін басуды әкімшілік тұрғыда белсендететін болсақ, онда посткеңестік халықтан жаңа Қазақстан ұлтын қалыптастыру процесі іш жағынан бүлінетін болады. Қазақстандық орыстар өздерін негізінен қазақтарға жақынбыз деп сезінеді, өйткені ресейлік орыстардың өзгеше мәдени-тұрмыстық стереотиптері қалыптасқан, сондай-ақ олардың өмір салты да басқа (олар тіпті жылқының етін де жемейді!). Егер біз мұны жоғалтып алсақ, онда мемлекеттік тілді жаңғырту кезінде біз мәдени тұрғыдан ілгерілеудің орынына, архаизацияланатын боламыз.

Қазақ тілі мәжбүрлеу арқылы емес, еркіндік пен сүйіспеншілік жағдайында шын мәнінде мемлекеттік болуы тиіс. Қазақстандықтар өздерін қазақ деп атауға өздері ұмтылуы тиіс. Ал бұған уақыт керек болады. Тек өз ұлтына ғана емес, басқа ұлттарға да сүйіспеншілік таныту үшін интернационализм қажет. Бір ғана шыдамдылық (төзімділік пен төзімшілдік) аз болады. Ұлтшылдар қаншалықты қорықса да, қазақтардың интернационализмі көптеген ұлт өкілдерінің ортақтығы ретінде біртұтас қазақ ұлтының құрылысына зиян келтіруі мүмкін емес.

Бүгін тіпті азаматтық конструктивист-ұлтшылдар да этностық қақтығыстар негізінде оның барлық стихиялық іс-әрекеттерін қолдай отырып, этностық-ұлтшылдықпен үнемі жақсы қарым-қатынаста болып отыр. Олардың қарама-қайшы идеологиясы, ол қаншалықты әртүрлі болса да, басқаша әрекет етуге мүмкіндік бермейді. Қазір ұлтшылдықты бірмәнді дұрыс құбылыс деп санау әдетке айналып кеткен, бұл, әрине, логикалық және саяси тұрғыда қате болып табылады. Оған демократизм, либерализм, патриотизм және оның маңызды атрибуттары ретінде басқа да қасиеттерді жатқызуға болмайды. Айтпақшы, осы тұрғыда әсіресе шала-қазақтар өздерін өте белсенді көрсете бастады. Олар өздерінің ана тілін нашар білуін тек өзінің ұлтшылдығы арқылы ғана өтеуге болады деп ойлайтын болар.

Кез-келген ұлтшылдықтың негізінде, ол тіпті азаматтық болсада, өзінің ұлтының оқшаулану құндылықтары және тіпті оны айрықша деп есептеуі (нацизм жағдайында) жатыр. Мұндай адамдар үшін ұлт – аса бағаланатын құндылық, қоғамның өмір сүруінің жалғыз мүмкін болатын ең жоғары нысаны. Алайда бұл олай емес. Жалпыадамзаттық құндылықтар жалпыазаматтық ұлттық құндылықтардан жоғары, ал этникалық құндылықтардан тіпті асып түседі. Адамның жалпыға бірдей құқықтарынсыз жеке тұлғаның құқығы жоқ, және мораль да түгелдей жоққа шығарылады. Иә, адамдар, ұлт пен ұлыстар ерекше болып туылады және олардың бастапқы оқшаулығын мойындап, құрметтеуіміз керек, бірақ олардың барлығы бірігуге ұмтылу керек, өйткені кез келген жеке және қоғамдық дамудың мәні тек сананың кеңеюінде жатыр. Әйтпесе, қазақтың ұлтшылдығына жауап ретінде өзге ұлттардың ұлтшылдығы да өсе бастайды. Титул ұлтының шовинизміне әрқашан шағын этникалық азшылықтардың сепаратизмі қарсы тұра алады. Егер «ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығы» деп аталатын нәрсеге үнемі және қатаң түрде жабыса беретін болсақ, онда біз барлығын жоғалтып аламыз, тіпті арымыздан да айырылып қаламыз…  

Азаматтық патриотизм де өте кұрделі нәрсе. Бір жағынан, біздің Отанға деген сүйіспеншілігіміз интернационалдық, сондықтан ол азаматтарды ұлт пен халық арасындағы таңдаудың алдында қоймайды. Иә, шынымен бізде ұлттар көп. Қазақстанның негізінде қазақ ұлтының этникалық өзегі бар болғанмен, бірақ ол көпэтникалық ел. Бұл ретте орыс тілді шала-қазақтар бүгінгі таңда қазақстандық ұлттың түрлі элитасының негізін құрайды.

Азаматтық патриоттар ұлттық мемлекетте екі және одан да көп мемлекеттік тіл болуы мүмкін деп есептейді, бұл әлемдік практикаға толық сәйкес келеді (бір тілде сөйлейтін ұлттар аз емес, әртүрлі тілде сөйлейтін мемлекеттер да аз емес). Бірақ олардың екінші мемлекеттік тіл ретінде орыс тілін нақты сақтауға бейімділігі қазақстандық ұлт белгісіз ұзақ мерзімге, шын мәнінде орыс тілді болып қалады деген қауіптер бар. Қазақтар заңдарды орыс тілінде жазып, содан кейін ғана өздерінің, қазақтың тіліне аударған болса, сондай-ақ оны әрі қарай жалғастыра беретін болады деп айтуға болады. Яғни, Қазақстан «орыс әлемі» болмаса да, өз негізінде орыс тілді болып қалады. Бұны бізге тарих кешірмейді, ата-бабалардың рухы ондайға жол бермейді.

Қазақ тілі дамуы тиіс, оның қолданылу саласы кеңейе түсуі қажет, ал қазақстандықтар қазақ тілінде орыс тілінде сөйлеген сияқты, жақсы сөйлеуге тиіс, тіпті орыс тіліндегіден де жақсы сөйлеулері тиіс. Бұл қарапайым қазақтілді адамдар орыстілді элитадан бөлінбеуі үшін және өздерін өз елінде әлеуметтік жағынан осал сезінбеуі үшін қажет. Құқық, ғылым, білім, өнер, дін, идеология қазақ тілді болуы тиіс – сонда ғана олар шын мәнінде интернационалдық болады.

Ұлттық болмай, интернационалдық болу да мүмкін емес. Сүйіспеншілік жалпыға ортақ табиғатқа ие, сондықтан сүйетін әлемнен өзін алып тастау деген ақылсыздық болар. Тек қана өзін-өзі қамтамасыз ететін тұлға басқа адамдарды оларға тәуелді болусыз да жақсы көруге қабілетті. Осы мағынада азаматтық патриотизм мен ұлтшылдықты бір моральдық мәселе біріктіреді. Отаншылдар Отан мүдделерін біртұтас ел және азаматтық қоғамдастық ретінде адам құқықтарынан жоғары қояды және оны жоғары құндылық деп санайды. Сондықтан да патриотизм адамдардан өз заңды мүдделерін құрбандыққа шалуды талап ететін «арсыздардың соңғы баспанасы» болып табылады. Бірақ «Отан мүддесі» ұшін тұлғаның еркіндігін, ең алдымен адамның жалпыға ортақ құқығын бұзуға болмайды. Отан да, Ұлт та адам болудан бас тартуға тұрарлық емес. Тек қоғамдағы жеке бәсекелестік ғана адамдардың өзара іс-қимылының кеңейтілген тәртібі болуы мүмкін. Кез келген топтық бәсекелестік тар бағытталған, өз құндылықтары бойынша шектелген және құқықтық емес, барлық жанжалдарды күшпен шешуге, яғни адам қоғамының ыдырауына алып келеді.

Егер ұлтшылдық пен патриотизм өзінің идеологиялық мәселелерін шешіп, ұлттық патриотизмге бірігетін болса, онда қазақстандықтардың жаңа ұлттық бірегейлігін, зайырлы және посткеңестік емес қалыптастырудағы исламдық және империялық трендтерге қазақстандықтар қарсы тұра алатын болады. Мен өзім оған өте қуанышты болар едім.

Осыған байланысты ең маңызды сұрақ туындайды: бұл екі күш біріге ала ма?  Егер бірігетін болса, онда мұндай консенсус не нәрсенің негізінде орын алуы мүмкін?  

Менің ойымша, бұл ұлтшылдық пен патриотизмнің бір мәнді позитивтілігі туралы айқайлауды тоқтатып, олардың оң ұмтылыстарын іске асыру бойынша жұмыс істеуді бастаса, осындай нәрсе орын алуы мүмкін. Мысалы, ұлтшылдар ұлтшылдықтың исламшыл бағытынан алшақтап, этностардың генетикалық, антропологиялық, географиялық және өзге де табиғаты негізінде «жаңа қазақ ұлтының» құрылысына этнонационалшылардың «примордиалдық» көзқарасының шарттылығын мойындауға тиіс. Өз кезегінде азаматтық патриоттарымыз коминтерннің кеңестік құндылықтары негізінде посткеңестік «қазақстан ұлтын» құрастыруда тұғырыққа әкелетін пророссиялық бағыттан алшақтап, қазақ тілінің мемлекеттік іс жүргізуде орыс тілінен принципті үстемдігін мойындауы тиіс. Бұл біріккен ұлттық патриотизм ұлтшылдықтың өзін-өзі бағалауынан бас тартып, оны қазақ мәдениетін қайта жаңғырту негізінде қазақстандықтардың жалпы азаматтық ұлтын құрастырудың құралы ретінде ғана мойындауға тиіс. Мұндай ұлттық патриотизмнің басты мақсаты өркениетті, жалпыадамзаттық болуы тиіс. Тек осылай ғана, бірге, біз «болашақтың біртұтас ұлтының» құрылысын барлық рифтері мен таяз жерлерінен өте аламыз.

2. Қазақстан қазақтардың ұлттық мемлекеті ретінде өте сәтті, оның үстіне ешқандай жағымсыз сәттерсіз қалыптасты. Титулдық ұлт барлық жерде көпшілік болды. Дегенмен, бұл процесті өте тамаша деп атауға болмайды –бұл жерде орыстілді халық үшін перспективаларды көрмей, өзге ұлт өкілдері баяу болсада, бірақ белсенді түрде елімізден кетіп жатыр. Алайда, бізде өзіндік бірегейлігімізбен қандай да болмасын тұрақты проблемалар жоқ. Кез-келген қазақ, тіпті орыстілді қазақ өзінің қазақ болғанын мақтан тұтады, және кез-келген қазақстандық өзін ресейліктерден және өзге де ұлт-мемлекеттердің өкілдерінен мәдени-тұрмыстық мағынада ерекшелендіреді.

Ал аймақтық бірегейлікке келсек, бұл, менің ойымша, егер әңгіме кейбір суперэтникалық Орталық Азия ұқсастығы жөнінде болса, ойдан шығарылған проблема. Сонымен қатар, мен Орталық Азия мен Орта Азияны біршама ажыратамын. Қазақстан ешқашан, тіпті КСРО-да Орта Азияның мәдени-тарихи ұғымына толық енбеген. Ал Орталық Азия Алтай тауларының қасындағы Тывада орналасқан Азияның географиялық орталығынан басталады. Көшпелі түркілер дәл сол жерден шыққан болатын. Олардың ең таза өкілдері Орта Азияның (шығыс және Батыс Түркістанның) отырықшы егіншілеріне қарағанда, мәдени және өмір салты бойынша моңғолдарға жақын келетін көшпелі қазақтар болған. Жалғыз біз нәрсе – тек экономикалық тұрғыдан қазақтар әрқашан өзбек қалаларына байланған болатын. Ресей құрамына кіргенге дейін қазақ даласы ортаазиялық экономиканың ажырамас бөлігі болды.  

Әрине, аймақтағы көшбасшылық үшін күрес болуы ықтимал, бірақ бірыңғай өңірлік бірегейлікке емес, өйткені ол тек исламның діни негізінде болуы мүмкін.

3. Орталық Азия елдері, әрине, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» үлгісіндегі мегажобалармен біріктірілуі мүмкін, алайда соған қатысты Ресейдің еркісіз ол іске асырылуы да екіталай. Экономикалық мүдделер Қазақстан мен Өзбекстанның интеграциясы үшін берік негіз бола алады, өйткені біздің экономикаларымыз айтарлықтай дәрежеде өзара толықтырылатын болып табылады. Біз өнім өндірудегі бәсекелестер емеспіз, сәйкесінше қайшылықтар үшін бізде маңызды негіздер жоқ. Бірақ барлық Орталық Азияны тек сыртқы күш ғана біріктіре алады, ең алдымен, соғыстық қауіп-қатер. Ресей талдаушылары ұсынғандарының қалғаны зиян келтіруі мүмкін.  Өйткені мұнда, егер ұлттық бірегейлік туралы айтатын болсақ, экономикадан ерекшелігі, айырмашылықтар мен қайшылықтар өте көп – әсіресе Өзбекстан мен Қазақстан арасында. Атап айтқанда, олар өңірдегі көшбасшылық үшін бәсекелеседі және оның әрқайсысын өз әсерінің басым болу мақсатымен біріктіруге тырысады.

4. Ресей жақын орналасқан, ОА-ның барлық елдерін өзіне өмірлік маңызды мүдделердің біртұтас өңірі ретінде көретін сол сыртқы күш болып табылады. Ол олардың қандай да бір бейтараптығын жоғалтуына немесе Қытаймен, АҚШ-пен немесе басқа да әскери-саяси одақты құруына жол бермеуге тырысады. Өз уақытында ОА сол кездегі отарлық империялар арасындағы шынайы «үлкен ойын» болмағандықтан өз дербестігін жоғалтты. Енді, «көпполярлы Еуразия» жағдайында ОА өзінің ортақ мүдделерін қорғау бойынша өзінің шоғырландырылған және дербес ойынын сәтті жүргізе алады.

Ресей ОА барлық елдерін біріктіретін өңірлік бірегейлікті іздейтін болады, бірақ таппайды. Әрине, егер өзінің ыңғайлылығы үшін оны өзі құрастырып алмаса. Ресейдің Халықаралық істер кеңесінің тұжырымдамалары дәл осы мақсатқа бағытталған.

САМ редакциясынан. Бұл тақырып өте маңызды және өзекті деп есептейміз. Сондықтан жақын арада басқа танымал қазақстандық сарапшы-саясаттанушылар Сұлтанбек Сұлтанғалиев пен Толғанай Үмбетәлиеваға сөз береміз.  

 

Комментарии