Сенбі, 4 сәуiр 2020 ЖЫЛЫ
821 18-01-2019, 16:12

Катын-долларлар. Отандас әйелдер экспорттық тауар ретінде


Қазіргі кезде айналамыздағы ақылсыздықдың күн сайын нығая түсетініне біртіндеп үйреніп келе жатырмыз. Бұл жәйт өміріміздің көп салаларына қатысты, бірақ олар әсіресе моральдық сипат мәселелері туралы сөз болғанда көзге түседі. Бұл көріністердің ең шеткі формалары әйелдің қоғам өміріндегі орны мен рөлі туралы мәселелерге қатысты. Әңгіме, ең алдымен, қазақ әйелдері жөнінде болып тұр.

Бұл бағытта тіпті «ұятмен» деп аталатын өзіндік феномен де пайда болды. Осылай аталатын қазақ социумының еркек өкілдері күндіз-түні тыным таппай қазақ қоғамындағы әйелдер мен қыздарының мораль нормаларына сәйкес болуын аңдып отырады. Дәлірек айтқанда, сол еркектердің осындай нормалар туралы түсініктеріне сәйкес болуын қадағалайды.

Естеріңізде болар, осындай бір қызу қанды ұятмен өзінің көзқарасы бойынша Астанадағы артықша көзге түсетін ескерткіш-қыздың пішінін орамалмен жабуға тырысқан. Біраз уақыт өткен соң, ол жеке ашық суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған Әсел Баяндарованы ұятсыздығы үшін кіналай бастады. Шынын айтсақ, оңтүстік астананың диалогтық алаңдарының бірінде көпшілік алдында оларға кездесу ұйымдастырған кезде, ол күрт басылып қалды. Кеңестік кезеңіндегі үгіттеу тілімен айтқанда, кездесу өте мейірімді және конструктивті атмосферада өтті. Онда жас өспірімнің қызуы басылып қалған ба, әлде А. Баяндарованың сүйкімділігі өз әсерін тигізді ме екен…

Бірақ одан ерекшеленетін мысалдар да бар. Көптеген адамдар қазақ жігіттердің агрессивті түрде бір жас жұпқа – қазақтың қызы мен түрік ұлтты жігітке шабуыл жасаған роликті Youtube-те көрген болар. Соңғылары оңайлықпен болмаса да, бірақ өз құрдастарының шабуылынан сәтті құтылып кетті. Сол шабуыл: «Қазақтың қызы бола тұра, қалайша шетелдікпен қыдыруға дәтің барады?!» – дегенді білдіреді.

Бұл әрекеттер джингоизм сияқты, Англиядағы шовинистік ұлтшылдық тәрізді көрініп, өте көңілсіз әсер қалдырды. Қанша дегенмен, қазір ХХІ ғасыр емеспе. Ал биік трибунадан біздің ниетіміз әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіру деп бірнеше рет мәлімделгенін еске түсірсек, осындай жағдайлар тіпті тітіркендіре түседі. Өйткені әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіру дегеніміз, басқа да нәрселермен қатар, қоғамның ішкі өмірін ұйымдастырудың өркениетті нысандары мен нормаларына сәйкестігін көздейді. Ал бұл бейне-роликті көргеннен кейін бұл тұрғыда көптеген күмән пайда болды.

Әрине, мұнда күлсек те болады, бірақ жақында ғана «ұлттың тазалығы» үшін кұресетін өркениеттілеу азаматтар табылды. Белгілі адвокат ретінде танылған Абзал Құспан біздің қыздарға үйленгісі келген шетел азаматтарына салық енгізуді ұсынды. Бұл идеяның авторы айтқандай, мұнда бірден екі түрлі пайда табұға болады. Біріншіден, ұлттық сәйкестік сақталып қалады. Екіншіден, мемлекеттің экономикалық қуаты нығаяды. Екі дәлелдің де зор логикасы бар деп келісетін боларсыздар.

Әділдік үшін, идеяның өзі су жаңа емес екенін айту жөн болар. Сол жарияланымда айтылғандай, бізге көршілес Түркіменстанда осыған ұқсас салық 10 жыл бұрын енгізілген. Ал солай болса ше? Түркіменстанда логика бойынша ақылға қонымсыз нәрсе көп. Енді оның бәрін өзімізге көшіріп алуымыз керек пе?

Ал Қырғызстанда осындай ұсынысты «Эл жаңа мыйзам» қоғамдық ұйымының төрағасы Тәкен Молдақұлов жасаған. Расын айтсақ, оның «тәбеті» Құспан мырзаға қарағанда мықтырақ – 100 мың доллар. Мүмкін, қырғыз ағайындарымыз бізге салыстырғанда, жалпы кедейлеу өмір сүретіндіктен болар. Бірақ, екінші жағынан, оның аргументациясы біраз өркениеттілеу болып көрінеді. Молдақұловтың пікірінше, қырғызстандықтар шетелде тиісті қорғаусыз болады, ал ажырасқаннан кейін өмір сүру үшін қаражаты болмағандықтан, көшеде қалады. Дәйексөз келтіреміз: «Біздің азаматтардың құқықтары барынша бұзылғандықтан, осындай жаңашылдық еңгізу арқылы біз шетел азаматтары үшін жауапкершілікті қатаңдатуды талап етеміз. Ажырасқаннан кейін оларды құр алақан қалдырады, ал мұндай шаралар жасалса, ондайдан сақтануға болады».

Қырғыз активистінің позициясы біздің моралистеріміз ұстанатын философиядан біршама өзгеше екенімен келісетін боларсыздар. Қазақстандық «уятмендердің» көзқарасы айқын түрде ұтылымды болып көрінеді. Алайда мұндағы сұрақ басқа: осыдан кімге оңайырақ болады?

Бірақ мәселенің мәніне ораламыз. Шын мәнінде бізге не ұсынылып отыр. Біздің қыздар мен әйелдерді сатуымыз керек пе? Бірақ бұл ортағасырлық заман болмаса да, оған өте жақын нәрсе ғой. Сонымен қатар бұл Қазақстан азаматтарының жеке өміріне тыйым салу және конституциялық құқықтарына қысым жасау. Айтпақшы, ол нацизм сияқты нәрсе болып табылады. Жоғары заңгерлік білімі бар адам оны қалайша түсінбейді. Немесе ол осыны саналы түрде жасап отыр. Осындай заңгерлер тәжірибе жасайтын елімізге бітүрлі жаным ашиды. Әсіресе болашақ тұрғысынан.

Мұндай жеке адамдардың бастамаларды біздің қоғамымызда түсінбеушіліктен басқа нәрсе емес деп қабылданғанын қалайтын едім.  Дегенмен, мұндай ауытқушылықтар күн сайын көбейіп жатқаны алаңдатты.

Алайда, бұл басқа әңгіменің тақырыбы…  

Осы тақырыпқа деген әйелдік көзқарас

«Қоғам қайраткері» ұғымын қоғам қайраткерлерінің өздері барған сайын құнсыздандырады. Жоғары білімі бар бастың ішінде адамдарды сату туралы идеялар қайдан пайда болады? Неліктен адвокат тек қана әйелдерді экспорттағысы келеді?

Біз гендерлік теңдікті жариялаймыз және тиісінше, шетелге отандық еркектерді де сатуға ұсыныс жасауға құқылымыз. Әрине, бағаны арттыру керек, себебі біздің қоғамымыздағы кейбір мораль жақтаушылардың пікірі бойынша, ер адам дамудың анағұрлым жоғары сатысында тұр, сондықтан баға белгілеу ережелеріне сәйкес, әлдеқайда қымбат тұруы керек.

Мысалы, бойы 165 см-ге дейін ер адам үшін 65 мың доллар, ал бойы биік, 190 сантиметрлі еркек үшін 90 мың доллар (оны жақсы тамақтандырған, сонымен қатар 190 см «таза етті» ысырап қылу – бұл да «біздің ұлттың болашағына» деген немқұрайлы көзқарас). Айтпақшы, құнның градациясы тек қана бойымен ғана емес, сондай-ақ басқа да физиологиялық қасиеттегі параметрлермен байланысты болуы мүмкін…

Екінші «қолайсыз» сұрақ – әйел денесінің бір данасы үшін келетін 50 мың доллар түсімді адвокат қандай мақсаттарға бағыттағысы келеді? Ұмытып кете жаздадым – әйелдің жанының сапасы немен бағаланатын болады? Қанша дегенмен, ол ерекше субстанция ғой.

Комментарии