Бейсенбі, 19 қыркүйек 2019 ЖЫЛЫ
614 10-12-2018, 10:23

Қазақстанды қоршаған «айдаһарлар»: олардың қайсысынтамақтандырамыз?


Қазақстандық көпвекторлысаясатытағы бір беріктігін дәлелдеуемтиханынан өту керек сияқты. Осындай болжамға негіз болып табылатын жағдай – біздің үлкен көршілерімізРесей мен Қытайдың стратегиялық жақындасуы тек саясижәнеэкономикалық салада ғана емес, сонымен қатар әскери салада да жақындасуы. Ал бұл жәйт Қазақстанныңсоңғы уақытта серіктестік қарым-қатынасты жолға қоюға белсенді түрде тырысатын Батыста қауіптерді тудырмай қоймайды... Қалайша «геосаяси үшбұрышта» өмір сүріп, оның үстінеөзімізге тән бет-әлпетіміздіжоғалтпауымыз туралы біз саяси ғылымдарының кандидаты Досым Сәтпаевпен әңгімелесеміз.

– Логика бойынша, егер Қытай мен Ресей одақтастық болуға бел буса, біз екіуінің арасында орналасқандықтан, олардың саясатының фарватерінде қозғалуымыз керек. Бұл жағдай Қазақстанның көршілерден тәуелділігін күшейте түспейме?

– Реалист болуымызкерек және Қазақстанның теңдік пен прагматизм принциптеріне негізделген көпвекторлы саясаты ерте ме, кеш пе қазіргі уақытта немесе орта мерзімді перспективада өзініңойын ережелерін мүлдем басқа сыртқы саяси модельдерге сүйене отырып белгілеуге тырысатын мемлекеттердің сыртқы саясатына қайшы келетіндігін түсіну керек. Өйткені посткеңестік кеңістікке әсер ету мүмкіндігіне ие болу барған сайынбелсенді фазаға өтуде. Қазір мұндай қайта бөліп алу Ресей мен Қытайдың қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.Осы мемлекеттердің әрқайсысы экспансия қағидаттарында(әскери, экономикалық, ақпараттық және т. б.)өзінің сыртқы саясатын қалыптастырады. Бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ, себебі бұл ойыншылардың барлығы Ресей сияқты бұрынғы «державалық» аса мәртебелілігін аңсайды немесе Қытай сияқты жаһандық көлемдегімәртебегеүміткерболады.

Осылайша, Қазақстанның басты проблемасы белгілі бір сәтте біздің көпвекторлы идеология осы бәсекелес үлгілермен конфронтацияға түседі, олардың әрқайсысы әлемді «өзіміздікі» және «бөтен» деп бөле отырып, барынша пайда табудың амалын ізтестіретін болады. Бұл трендтер Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынаста байқалады.Дипломатиялық деңгейде әлі де status quo сақталатыны анық, бірақ болашақта барлығы да күрделі шиеленістермен аяқталуы ықтимал.

Әнгімекандай «күрделі үйкелістер» жөніндеболып отыр?

–Бүкіл проблемамынада:Владимир Путиннің басқаруындағы Ресей кеңестік символика мен кеңес кезеңіндегіқұндылықтардың қызықты қоспасына негізделген ретроспективті патриотизмге баса назар аударды. Тәжірибе көрсеткендей, ресейлік қоғамды жұмылдырудың бұл құралы, дегенмен де патриоттық көңіл-күйді туындатады, бірақ ондай тәсіл тек сыртқы және ішкі жауларды іздеу жағдайында ғана жұмыс істейді. «Айдаһар» сізді қорғауға дайын, бірақ оны үнемі «етпен» тамақтандыру қажет.

Айтпақшы, жақында «Эхо Москвы» радиостанциясында ресейлік саясаттанушылардың біріне: «РФ президенті Владимир Путин өзінің рейтингін көтеру үшін Қазақстан мен Белоруссияны басып алуға бара ма?» - деген сұрақ қойылған. Яғни, 2014 жылдың оқиғаларынан кейін Ресейде жергілікті сарапшылар осындай сұрақтар қоя бастағаны ерсі болып көрінбейді.

– Жалпы сіз «Ресей-Қытай альянсын» қалай бағалайсыз? Оның болашағы бар ма?

– Ресей мен Қытайдың ынтымақтастығы Сириядағы Ресей мен Иранның одағы сияқты нақты конъюнктуралық прагматикалық сипатқа ие. Бұл жәйт мұндай альянстар хронологиялық тұрғыда мәңгі өмір сүре алмайды дегенді білдіреді. Мен ұзақ мерзімді «Қытай-Ресей» геосаяси блогының пайда болуы туралы айта алмаймын, себебі бұл мемлекеттер ортақ құндылықтар негізінде дос болмайды,негізінен олар қосылып біреулерге қарсытұру мақсатында ғана достасады. 

Қазіргі уақытта Мәскеу мен Пекин Орталық Азияда екі ортақ мүддеге иеболып отыр. Біріншіден, аймақта өзінің әскери-саяси қатысуын нығайтуға АҚШ-тың кез келген әрекеттерін бейтараптандыру (Дональд Трамптың Ақ үйге келуімен АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты қызығушылығы айтарлықтайтөмендеді). Екіншіден, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес.

Айтпақшы, ұзақ мерзімді трендтер тұрғысынан Ресей мен Қытай үшін жаңа Орталық Азиядағы діни бірегейліктің өсуііс жүзінде барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, байқалып отыр. Бүгін олмемлекеттер зайырлыболып табылады, бірақ осы елдерде мұсылмандар санының өсуі алыс перспективада аймақтыкөбінесе ислам әлеміне қарайбағыттаумүмкін.

Алайда, ОА мемлекеттері мұсылман әлеміндегі үш тарту орталығының, яғниИранның, Сауд Арабиясыныңжәне Түркияныңгеосаяси бәсекелестік саласына еңіп кетті. Болашақта бұл басқа да геосаяси ойыншыларға жаңа сын-қатерлер тудыратын болады. Мысалы, СУАР-дағымұсылмандарынақысым жасауына қарай аймақтағы Қытаймен қарым-қатынас одан да жамандауы мүмкін. Осыған ұқсас жағдай Ресейге немесе АҚШ-қа қатысты болуы да ықтимал.

– Ресей мен Қытай аймақта өз ықпалын қалай ұстап қалмақ?

– Егер посткеңестік кеңістік туралы айтатын болсақ, бүгінде Ресей өзінің ықпалын екі майданда: Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) арқылы әскери-саяси жағынан және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) арқылы экономикалық жағынан нығайтуды қалайды. Орталық Азияның бес елінен ҰҚШҰ-ға үш мемлекет (Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан), ал ЕАЭО-ға екімемлекет (Қазақстан және Қырғызстан) кіреді. Өзбекстан бірнеше жыл бұрын ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатып, ЕАЭО-ға кіруден де бас тартты. Түркіменстан бастапқыда осы құрылымдардың ешқайсысына кірген емес.

Ал егер Қытайға келетін болсақ, Орталық Азияда ол да екі бағыт бойынша – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) арқылы және өзінің «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы арқылы жұмыс жүргізіп отыр. Бір қызығы, ҰҚШҰ-ға қарағанда, ШЫҰ Орталық Азияелдерінен сәл көбірек, яғни төртмемлекет(Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) кіреді. Түркіменстан осы ұйымның мүшесі болып табылмайды, бірақ ШЫҰ мемлекеттері басшыларының саммиттеріне тұрақты түрде шақыру алып турады.

– Сіздің ойыңызша, кімнің жағдайы ұтыстыболып табылады?

– Әрине, ҰҚШҰ мен ШЫҰ арасындағы тығыз ынтымақтастық туралы немесе екі жобаның – ЕАЭО мен «Бір белдеу және бір жол» түйісуі туралы ресми деңгейде бірнеше рет айтылған. Бірақ мұнда бәрі де соншалықты оңай емес. Өткен жылы мен 20 жыл бойы Германияда жабық форматта өтетін, бір жағынан, неміс және ресейлік сарапшыларды, екінші жағынан жоғары лауазымды саясаткерлерді жинайтын «Шлангенбад әңгімелеріне» қатыстым. Әрине, осы кездесу барысында ресейлік сарапшылар Батыс ықпалына қарсы іс-қимылда Мәскеу мен Пекин арасындағы экономикалық және саяси альянстың ұзақ мерзімді перспективаларына баса назар аударды.

Осылайша, Е. М. Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар Ұлттық зерттеу институты директорының орынбасары Федор Войтоловский қазіргі таңда жаңа жаһандық ережелер құрылып жатқаныжөніндежәне бұл процесс онжылдықтарғасозылуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Оның пікірінше, әлем қайтаданкүш басты фактор болатын кезеңге кіруде. Егер Ресей мен Қытайдың әскери күштері қосылатын болса, онда бұл жаңа биполярлылықболады, ал егер олай болмаса, полицентристік әлем пайда болады.

Негізінде, кейбір саяси мәселелер бойынша Ресей мен Қытай өкілдері осы кездесуде бірдей позициялардыұстанған еді. Бірақ екі елдің әскери әлеуетін қосу туралы тезис пікірталасқа қатысушылардың скепсисін тудырды.Олар Қытай Ресейді тең құқылы серіктес ретінде қарастырмайтыны туралы айтып кетті, өйткені Қытай посткеңестік кеңістікте да Ресейдің позицияларының әлсіреуін көріп отыр. Тіпті қазіргі таңда да Пекин «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасын белсенді жылжыта отырып экономикалық тұрғыдан осы кеңістіктегі басты ойыншыға айналып барады. Қайталап айтайын, біздің өңірден тек Қазақстан мен Қырғызстан ғана кірген ЕАЭО-дан айырмашылығы, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасына іс-жүзінде Орталық Азияның барлық елдері қосылды.

Ресейге келер болсақ, Батыспен болған қақтығыстан кейін ол эрзацпартнерлерді, оның ішінде Қытайды да (екі елдің стратегиялары біршама әр түрлі екеніне қарамастан) іздейді. Пекин Батысты сынға салғанмен, бірақ «жұмсақ күш» принципін қалай отырып, онымен конфронтацияға түспейді. Сонымен қатар, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасы, әсіресе оның құрғақ жолдағы бөлігі, түпкі мақсаты Батыс нарықтарына инфрақұрылымдық қолжетімділікті алуды көздейді. Ресей қазір керісінше, көптеген жобаларды шығыс бағытта қайта бағдарлауға тырысуда. Және әзірге ресейліктердің Шығысқа қарай бұрылысы мен қытайлықтардың Батысқа қарай бұрылысын қалайша біріктіруге болатыны түсініксіз. Бұл жерде қарама-қайшылықтар үшін негіз бар.

– Кез келген жағдайда біз осы екі елге де барлық параметрлер бойынша ұтыламыз. Дегенмен, олармен жұмыс істей отырып, біз олардың қайсысына қарайкөбірек ұмтылатын боламыз?

– Қазақстанның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығы әзірге халықаралық келісімдерді сақтайтын елдердің ішкі істеріне араласпауымыздың арқасында сақталып отыр. Бірақ мұнда «әзірге» деген сөз ыңғайсыздық тудырады. Ең басынан бастап ҚР басшылығы халықаралық шарттардың кепілдіктеріне және республиканың көптеген өңірлік бірлестіктерге қатысуына мөлшерлемелер жасады. Яғни ұзақ уақыт бойы біздің мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі өзінің қарулы күштеріне ғана байланысты емес, ол көбінесе соңғы жылдары халықаралық құқық жүйесінің дағдарысына және «канонеркалардипломатиясының» жандануына байланысты әлсірей бастаған көптеген халықаралық келісімдерге байланысты болған.

Қазақстан үшін ең нашар нұсқа – мықты ойыншының әскери немесе экономикалық қанатының астына тұру: бұл мемлекеттің дәстүрлі көпвекторлы саясатын түбегейлі бұзады және егемендік құқықтардың жоғалуына алып келеді.

Басқа елдермен стратегиялық әріптестік және тату көршілік қарым-қатынас туралы қандай келісімдерге қол қойылса да, әлемнің барлық мемлекеттерін «қасқырларға», «қойларға» және «иттерге» бөлетін әлемдік саясаттың қатаң ережелері бар. Біріншілер – өзінің ойын ережелерін орындатуға тырысатын гегемондар, «қойлар» – жетекте жүретіндер, ал «иттер» болса өз территориясын да, өзінің «қойларын» да сақтап қалуға тырысады, бірақ сонымен қатар олар бұл ретте жаһандық экспансияға үміткер емес. Соңғысына әдетте өңірлік ауқымдағы державалар жатады.

Қазақстан екі «қасқырдың» қоршауында орналасқан. Әрине, қазіргі кезде ірі геосаяси ойыншылардың көпшілігі, соның ішінде Ресей мен Қытай Қазақстанда саяси тұрақтылықты сақтауға мүдделі болып отыр. Бірақ, егер жергілікті элиталар осы тұрақтылықты қамтамасыз ете алмаса, онда бұл сыртқы ойыншылардың біздің ішкі істерге араласуы (әр түрлі сылтаулармен және әр түрлі формада) әбден нақты сценарий болуы ықтимал.

Кейбір елдердің тәжірибесі көрсеткендей, мемлекет ішіндегі кез келген саяси тұрақсыздандыру сыртқы ойыншыларды өзінің геосаяси мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін қоғамда да, элитаның ішінде де өзінің «бесінші шеңберін» құру бойынша неғұрлым белсенді іс-қимылдарға итермелеуі мүмкін. Яғни, егер біз осы тұрақтылықты тиімді экономикалық және саяси реформалар есебінен қамтамасыз ете алмасақ, онда болашақ күн тәртібін біз үшін басқа мемлекеттер қалыптастыратын болады.

– Осы шахмат тақтасында Қазақстанға қандай рөл бөлінген?

– Біз геосаяси «бөліп алудың» ортасында қалып отырмыз. Бұл жерде американдық социолог және халықаралық қатынастар жөніндегі маман Иммануил Валлерстайнның қызықты теориясы еске түседі, ол әлемдік экономиканың құрылымдық қайта құрылуы және геосаяси өрістің өзгеруі кезінде негізгі өзгерістер «жартылай периферия» есебінен болады деп есептеді. Ол жерден немесе жаңа көшбасшылар шығадынемесе шеткі жағдайға дейін азып-тозатынаутсайдерлер қалыптасады. Қазақстан қазір жартылай перифериялықаймақтаорналасқан.

Айтпақшы, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстан қазірдің өзінде «орташа өсудің тұзағына» түсіп қалды, ол жерден әлемнің ең дамыған 30 елінің тізіміне кіру оңай болмайды деп санайды. Бұл аймақтан шығуға бізге ШЫҰ да, ЕАЭО да көмектеспейді. Ол жерде Қазақстанның экономикалық прагматизмінен гөрі көбінесе Ресейдің геосаяси мүдделері басым. Қытайдың «жұмсақ күші» механизмдерінің бірі ғана болып табылатын «Жібек жолының экономикалық белдеуі» де көмектеспейді. Тіпті «қойларды» қамауда ұстау мақсатында «қасқырлар» құрған ДСҰ да көмектеспейді.

Қазақстанның қандай да бір өңірлік интеграциялық жобаларға қатысу фактісінің өзі біздің бәсекеге қабілеттілігіміздің артуына кепілдік бермейді. Бұл бәсекеге қабілеттілікті біз ең алдымен тиімді экономикалық және саяси реформа есебінен, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейінің өсуі және адам капиталын өсіру есебінен ел ішінде арттыруымыз керек. Осындай іс-әрекеттер Қазақстанда орын алған және сыртқы ойыншылар пайдалана алатын «идеялық сепаратизмді» бейтараптандыруға қабілетті болады.

– Бізде қалыптасқан жағдайда қай елдің тәжірибесі үлгі бола алады?

– Көрнекі мысал ретінде бірнеше рет әлемдік соғыстарды ұйымдастырған «қасқырлардың» қоршауында болғанына қарамастан өзінің егемендігін сақтап, ішкі экономикалық өсуді қамтамасыз еткен Швейцарияны айтуға болады. Бұл жерде осы елдің Қазақстанда жоқ «бейтарап мәртебесі» үлкен рөл атқарғаны түсінікті. Бірақ Швейцария соғысудан гөрі жақсы ынтымақтастық жасау үшін қолайлы болып табылатын айтарлықтай қаржы-экономикалық ойыншыға айналды.

Сонымен қатар, бұл федеративті мемлекет, 26 кантоннан тұрғанына қарамастан, кез келген сыртқы әрекеттерге қатысты қоғамның жұмылдыруының жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл швейцариялық патриотизмнің жоғары деңгейі халықтың өмір сүру деңгейінің және оның өз елі үшін мақтанышының жоғары деңгейінің салдары болып табылатынына байланысты. Яғни, онда әркім айырылып қалатын заттардыңбар екенін және қорғауға тұрарлық нәрселердіңбарекендігін түсінетін жағдайлар жасалған. Айтпақшы, шағын Швейцария әскері Еуропадағы ең жауынгерлік тұрғыда қабілеттілердіңбірі болып саналады. Тіпті «бейтарап мәртебеде» әлемде өмір сүргің келсе, соғысқа дайындалу керек деген түсінік бар.

 

Комментарии