Жұма, 23 тамыз 2019 ЖЫЛЫ
904 29-11-2018, 13:13

Қазақ менталитеті: оның қандай ерекшеліктерін және қалай жою керек?


Газетіміздің алдыңғы екі нөмірінде өзіміздің, қазақтардың, менталдық кемшіліктерімізге және әлемдік тарихтағы рөлімізге қатысты иллюзия жасауға бейімділігімізге деген сындарлы қарым-қатынасымыз туралы мақалалар жарияланған еді. Жарияланымдар кең резонанс алды, әсіресе әлеуметтік желілерде, және олардың айналасында қызу пікірталас басталды. Мұндай жағдайларда жиі кездесетін жәйтпікірлер диаметральды түрде екіге бөлінді. Бір аңықталғаныкөтерілген тақырып қазақстандық қоғамды айтарлықтай толғандырады. Сондықтан біз оны жалғастыруды шештік. Осы жолы біздің танымал отандастарымызға хабарласып, оларға келесі сұрақтарды жолдадық:

  1. Ұлттық сипаттағы жағымсыз қасиеттерді (жағымпаздық, парақорлық, көз бояушылыққа ұмтылу, мақтаншақтық, бөтен адамның пікіріне жалтақтау) жою үшін қандай шаралар қабылдау керек, немесе ең болмағанда неден бастау керек?
  2. Қазақ қоғамында парақорлық сияқты құбылыстарға неліктен төзімділікпен қарайды? Сонымен қатар, сыбайлас жемқоршыларды біздің қоғамда көбінесе айыпталмайды – керісінше, оларға таңданады. Өз мансабына жеке қасиеттер есебінен емес, протекциялау арқылы қол жеткізген адамдарға қатысты да осындай төзімділікпен қарайды. Мұндай ақылға қонбайтын феноменді немен түсіндіруге болады?
  3. Біз – кішкентай этноспыз, сондықтан әлемдік экономикада да, халықаралық қатынастар жүйесінде де жетекші позицияларға үміткер бола алмаймыз. Дегенмен, әлемдік қоғамдастықтың қандай да бір құрметтелуіне лайықты болу үшін қандай да бір нәрселерде (қандай бағыттарға) күш-жігерімізді шоғырландырғанымыз дұрыс болар еді?

Жәнібек Сүлеев, веб-баспагер: «Бізді қазаққа тән жерлестіқ құртады»

1. Тіпті не айтарымды білмеймін. Ал, егер ойланып көрсек, онда ол айтарлықтайәдемі және сонымен қатарқарама-қайшы көрініс болып шығады. Қазақтар жазылған заңдарды қолдаушылар болып табылмайды, өйткені біз бұрынғыдажазылған мәтінбойынша емес, нарративтербойынша өмір сүргенбіз, яғни өз бетінше құрылған ережелердіұстанған халық, этнос болғанбыз. Ал қазіргі таңдабұрынғы кездегі жазылмаған заңдар сақталмайды, өйткені билер мен қадилердің сотыт. б дәстүрлі құқық аясында өткен өмірдің өзі де жоқ. Бұл бүгін, жалпақ тілмен айтқанда, ешбір жарамсыз болып қалды.

Қазір мынадай формула күшейе түсуде: біз, қазақтар, социализмнен кетіп қалдық, бірақ капитализмге келмедік. Қазақтар үшін «социализм» өлім-жітім тәрізді болды деп ерекше атап өтіледі, Ал енді қазір, нарықтың билігі кезінде біз өмірдің керемет гүлденуін бастан кешіп отырмыз демекпіз ғой. Бірақ бұл нағыз «көз бояушылық» емегенде не?

Одан да жаһанды етіп айтуға болады, оның үстіне бұл әлдеқайда үлкен шындық. Біз дәстүрлі, іс жүзінде феодалдық өмірден шыққанбыз, тарихи тұрғыдан алғанда ол бізде тек жүз жылдан астам бұрын болған. Бірақ сонымен қатар біз қазіргі заманғы қоғамға, мысалы, алдыңғы қатарлы, капиталистік, батысқа еліктеген, ең маңыздысы зайырлы, нарықтық экономика, сөз бостандығы және басқа да тиісті атрибуттары бар қоғамға біз сол қалпы еңбедік. Жалпы алғанда, оның құрылысымына байланысты бізде үлкен проблемалар бар: біздің құрған қоғам, кем дегенде, біздің ұмтылатын Батыстағы үлгіден және стандарттардан айтарлықтай ерекшеленеді. Егер соңына дейін адал болсақ, онда біз оған тіпті азғантай да жақындамадық.

2. Бірінші сұраққа берілген жауапта келесі тезис болды: бізде әлде де жойылмаған көптеген бұрынғы архаизмдер қайтадан көтерілді. Біз «әділдік» және «заңдылық» деген ұғымдарды түсінгендей боламыз, бірақ сол архаизмдердің белгілі бір жиынтығының болуы салдарынан (кейбіреулері жасырын, кейбіреулері анық, айқын) олар жұмсақ айтқанда деформацияланады.

Идеалды азаматтық қоғамда төмен де, жоғары да (әсіресе жоғары) дәрежелі шенеунік халықтың негізгі бөлігі үшін құдай немесе идол тәрізді емес. Бізде керісінше. Биліктегі адам автоматты түрдетек қанаәкімшілік ресурсты емес, ол үлкен ақша ресурсын, яғни бүгінгі күні барлығы үшін идеалды да білдіреді. Және ол халықүшін қандайқызмететеді деген ескі идеологиялық заттар баяғыдан ескерілмейді. Мақтанатын себеп осындай: біздің елдің (жалпыға ортақ қазақ немесе қазақстандық емес,тек қана біздің!) тулгасы(көрнекті адам, күшті тұлға). ЖергіліктіНельсон Мандела немесе, кем дегенде,Пабло Эскобарболып табылады.

Соңғы онжылдықтарда біреуді «өзінікі» болғандықтан ғана мақтау, ал басқасын тек қана өзге тайпаның, жүздің, кланның өкілі болғандықтан ғана жамандау ерекше байқалады. Қысқасы, біреу, мүмкін, иттің баласы, бірақ ол иттің баласы біздікі. Сонымен қатар, жеке басын байыту мүмкіндігі болмаған коммунистік идеологиясы жойылғаннан кейін бізде жаңа қоғамдық идеялар пайда болып, енгізілді: сен табысты және бай болуың керек.

Бірақ адамдардың барлығында бірдей бастапқы мүмкіндіктері болмағандықтан (яғни, осындай ұстаманы іске асыру үшін мүмкіндіктердің ерекшелігіне байланысты), онда біреулер алға шыққаны түсінікті. Ең алдымен, бұрынғы басқару тарапына қатысы бар отбасылар мен кландар, өз мамандығы мен элиталық корпорацияда салмағы болған адамдар. Жалпы ережелері бар (айталық, непотизм құпталмады) мемлекеттік патернализмнің орнына басқа нәрсе келді. Мысалы, кеңес кезінде бас көтермейтін нәрселер. Нәтижесінде непотизм гүлдене түсті.

Біздің ерекшелігіміз осындай бөліну қазақтарда абсолюттік құндылыққа ие бола бастайды. Ия, мысалы Ресейде де ондай бар, бірақ онда Солтүстік Кавказ сияқты ерекше аймақтар ғана осыған ұқсас. Бұл не, біздің идеал ма? Басқаша айтқанда, бізде баяғыда непотизм мен трайбализм басқаруда, сондықтан мұндай жағдайда басты мақсаттың – жалпы мемлекеттік ұмтылу, жалпы мемлекеттік ережелер мен мүмкіндіктер ортақ болуының жоғалуы таңқаларлық емес. Мемлекет (билік) жалпы мемлекеттік, жалпыұлттық идеологияда бірдеңе жаратуға тырысады. Бірақ бұл барлық іс-әрекеттер бұқаралық сананың қандай да бір терең негіздерін қозғамайды. Қоғам бізде жалпыколлективті ракурстан қарағанда бірінғай емес. Барлығы әлдекім болғысы келеді, барлығы қандай да бір тиімді жерде отырып, оңайлықпен ақша тапқысы келеді

3. Қандай да бір маңызды идеологиялық жұмысты бастау керек. Бұл жұмыстың мақсаты (ол сөзсіз, материалдық-техникалық, зияткерлік, әлеуметтік және өзге де базалық заттармен толықтырылуы тиіс) мемлекеттік міндеттерге қайшы келетін, теріс құндылықтарды көтеретін немесе декларациялайтын осы архаизмдердің барлығын түбегейлі жою болуы тиіс. Яғни біз алдымызға қандай да бір прагматикалық және сонымен бірге ақылға қонымды мақсаттар қоюға тиіспіз.

Жасарал Қуанышалин, қоғам қайраткері: «Қазақтардың «менталдық кемшіліктерінің» басты себебі - ашаршылық»

Ең алдымен, қазақтардың «менталдық кемшіліктері» қандай екенін және олардың «әлемдік тарихтағы өз рөліне қатысты иллюзияға берілуге бейімділігі» не арқылы білінеді?

Бәлкім, біріншісі («менталдық кемшіліктер») жалған ұлтшыл Серік Аббасшахтың біздің халқымызды қорлайтын қазақ туралы мәлімдемесінің ықпалы. Оны белгілі манкурт Жеңіс Байқожа қолдап, «Бізге, қазақтарға, өзгеру қажет, әйтпесе «ел болмаймыз»» деп аталатын дилетанттық-менторлық  түрғыдағы мақала жазған.  

Ал екіншісінде тағы сол Байқожаның «Бізге, қазақтарға, өзімізді азырақ мақтап, бір-бірімізге жиірек шындықты айту керек» мақаласындағы сентентициялар. Сентенция былайша айтқанда, басқа халықтар әлемге әйгілі тұлғаларды мақтан тұта алады, ал қазақтар бір мағыналы – жоқ, сондықтан да, «кумир дәрежесіне қояды» және бір жағынан қазақтарға ешқандай қатысы жоқ адамдарды мақтан тұтады (яғни. қазақтар «оларға жабысып алады» деген сияқты), екінші жағынан «елдерді қанға батырған жаулап алушылар» (Аттила, Шыңғысхан), сондай-ақ ұлттық-азаттық қозғалыстың батырлары (оларды осындай деп мойындағанына «рахмет»!) бірақ көп мағыналы ескертпелермен – «тіпті қазақтардың өздері де бір мағыналы бағаламайтын кейіпкерлер», атап айтқанда – Кенесары мен Мұстафа Шоқай. Мәселен, егер дәл осыны ескерсек, онда қажетті анықтылықты енгізуге және кейбір тұжырымдама жасауға міндеттімін деп есептеймін.

Байқожаның нигилистикалық «ой-пікірлеріне» қарамастан, барлық аталған тарихи тұлғалар ешқандай және ешкімнің «иллюзиясысыз» қазақтарға тікелей қатысы бар және өзіне деген терең және сөзсіз құрметке лайық! Өйткені Аттила жетекшілігіндегі ғұндар және ең жарқын бейнесі Шыңғысхан бололып табылған түркілер – қазақтардың тікелей ата-бабалары. Бұны тек әлі күнге дейін отарлық кезеңінде қондырылған жалған тарих тұтқынында қалып отырған адамдар ғана, сондай-ақ ұлттық маргиналдар, нигилистер мен манкурттар мойындамайды.

Ал туған халқын ресейлік отарлауынан босатуға бағытталған күреске толығымен беріліп, өз өмірлерін қиған Кенесары мен Шокайға қатысты айтсақ – олар әрқашан да Алаштың ұлттық батырлары болатын және болып қала береді.

Бір сөзбен айтқанда, қазақтарда әлемдік, сондай-ақ ұлттық тұрғыда маңызды  ұлы тұлғалар бар, олар ешкімнен рұқсат сұрамастан оларды мақтан тұтатын болады. Әсіресе бүкіл әлемге әйгілі билеушілері мен қолбасшыларын мақтан тұтатын ағылшын, француз, испан, орыс, түрік және басқа да халықтардың қасында. Ал олардың ешқайсысы жауынгерлік ерліктерді жасауға қантөгіссіз қол жеткізбеген. Гректер мен итальяндықтарға біріншілеріндегі қазіргі күндердегі «қатты қаржылық дефолт» және екіншілеріндегі «жаппай мафия мен жиі үкіметтік дағдарыстар» өткенді құрметтеуге кедергі жоқ. Біздің өткенімізді құрметтеуге де ешнәрсе кедергі бола алмайды.

Мүмкін, мынадай сөз айтсам ешкімді таң қалдырмаймын: кемшіліктерсіз адам болмайды, тиісінше кемшіліктерсіз халықтар да жоқ. Сонымен қатар, әрбір адам мен халықтың өз қадір-қасиеті де бар. Сондықтан да қажеттілігі болған кезде кез келген адамның немесе халықтың кемшіліктері туралы да, артықшылықтары туралы да айтуға ешкімге тыйым салынбайды.

Бірақ ол бір жағынан Байқожа немесе Аббасшах сияқты манкурттар, жалған ұлтшылдар, аппеляциясыз, біржақты, қорлаушылықпен, қандай да бір ақауларды үлкейтіп көрсетіп («өте жалтақ, өте парақор, өте мақтаншақ, өте дарақы, өте жағымпаз, өте сатқын ХАЛЫҚПЫЗ!» – Серік Аббасшах) этностың «рулық белгісі» ретінде, яғни оны жамандап, ал екінші жағынан жалған патриоттар, өзінің халқының ешқандай кемшіліктерін көрместен, оны тек қана мақтап. Бұл шектен шығу болып табылады, одан ешкімге пайда жоқ. ал зияны – айтарлықтай көп.

Сондықтан мұнда ең оңтайлы «алтын ортасы» болып табылады, онда өкінішке орай, олардың алдына қойған мақсаттарына қарай – жамандап немесе орынсыз мақтап – жамандау-сыншылар қатарына, сондай-ақ мақтаушылар қатарына да өте оңай кіріп кетеді.

Бұл жағдайда әңгіме жамандаушылар туралы болғандықтан, мынаны айтқым келеді: «жаппай ақауға түскен» және «еш нәрседе жетілмеген» қандастарды орынсыз сынауға кіріспес бұрын олар өздеріне қарапайым сұрақ қою артық болмас еді: ал қазақтар, олардың ойынша, «ешнәрсеге жарамсыз халық» болуының себебі неде? Өйткені, біздің замандастарымыз Аббасшах айтқан немесе Байқожа мазақ еткен сияқты «артықша» дәрежеде емес (өте, өте, өте...), бірақ шындығында түбегейлі жойылатын кемшіліктер бар. Және қандай нақты түрде қазақтарға осындай «операцияны» жүзеге асыруға болар еді? Немесе аббасшах пен байқожаның ашулы мәлімдемелерімен біздің халықты «ұятқа қалдыру» арқылы «стационарлық емдеу» жеткілікті болады ма?

Сонымен, заманауи қазақтардың «менталдық кемшіліктердің» себебі (немесе себептері) неде?

Менің бұл сұраққа жауабым мынау: басты себеп – Ашаршылық. Иә-иә, Кремль жасанды түрде ұйымдастырған және жалпы алғанда 4 миллионға жуық қазақты (1921-23 жж.1,5 миллион және 1931-33 жж. 2,3 миллион), немесе сол кездегі ұлт санының 70%-ын өлтірген сол екі Ашаршылық. Оны тек қана әлі күнге дейін біздің Қазақстан халқына отарлық заманда қондырылған жалған тарихтың тұтқынында қалған қырсықтар, сондай-ақ ұлттық маргиналдар, нигилисттер және манкурттар мойындамайды.  

Атап айтқанда, сол Байқожа. Алайда, Ресей Қазақстанның үш ғасырлық отарлауының ауыр салдарын мойындамайды – жалпы алғанда, шовинистермен үнемі ынтымақтаса отырып (бұл туралы маған бірнеше рет жазуға тура келді).

Украина ғалымдарының, жазушыларының, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің зерттеулерінің көрсеткені.

«Ашаршылық украиндықтар үшін үлкен әлеуметтік-демографиялық апатпен ғана емес, сонымен қатар олардың мінез-құлқының жолын түбегейлі өзгерткен рухани-мәдени және моральдық-психологиялық ауыр жарақатпен де бетпе-бет келді. Қазіргі уақытқа дейін орын алып отырған генетикалық деңгейде билік алдындағы қорқыныш, апатия сезімі, өзіне сенімсіздік және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кез келген әрекеттердің пайдасыздығы сияқты дәрежеге дейін ұлттық сипатты өзгертті. Қайталаймын, билік алдындағы қорқыныш – ол мұрагерлік ауру, оны украиндар геноцидті бастан кешіргені ата-бабаларымыздан алған» (Леся Гасиджак – тарих ғылымдарының кандидаты).

Сондай-ақ, бірқатар украин сарапшылары да осындай баға береді: Тәжікстандағы Украина елшісі Виктор Никитюк, жазушы Ирина Рева, қоғамдық зерттеулер институтының директоры Владимир Панченко...

Ал егер қазақ Ашаршылығының украиндықтарға қарағанда одан да апатты болғанын ескерсек (оны қазір украиндықтардың өздері де мойындайды), бұл тұжырымның барлығы ашаршалақтан кейінгі кезең қазақтарға толық қатысы бар екенін түсіну қиын емес. Міне, қазіргі қазақ этносының «менталдық кемшіліктері» неге байланысты деген сұраққа жауап осы.

Қазіргі саяси режиммен күресте ешқашан байқалмаған «ойшылдар» Аббасшах пен Байқожадан айырмашылығым, Қазақстанда саяси режим пайда болған кезден бастап, мен онымен күрес жүргізудемін. Маған және менің серіктестеріме қандай да болмасын қоғамдық-саяси акциялар кезінде халықтан қалаулы қолдауын таппағанына байланысты табиғи реніш сезінуге тура келді. Алайда, біздің халқымыздың мұндай енжарлығының терең себебін біліп түсінгендіктен, оларды жамандау тұрмақ, тіпті оны айыптауға да тілім бармайды.

Бұл тұйыққа тірелу тәрізді жағдайдан шығу үшін қандай жолдар бар деп сұрайсыз ғой.

Жауабым мынау: жалғыз бір амал – біздің еліміздің парламенттік республика рельстеріне өтуі және халықаралық нормаларға сәйкес деколонизация бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл шара іске асырылған кезде біз қазақ халқыныңтолық әрекетке қабілетті ұлт ретінде нағыз қайта жандануына куә болатынымызға күмән келтірмеуге болады...

Тағы бір сарапшымыз тек анонимдік жағдайда ғана өз көзқарасын айтуға келісті: «Зұлымдық түбірі – трайбализмде»

1. Мен бұл сұрақты алғаш рет естігенде, беретін жауап жоқ деп ойладым. Мұндай қасиеттер біздің этносымыздың генетикалық, өркениеттік кодын құрайды. Бірақ терең ойлаудан кейін, бастапқыдан-ақ «жаман» халықтар болмайды деп шештім. Бастапқыдан сәтсіздіктің, қызғаныштың, санасыз кісілердің және т. б. белгілі бір дақтары қалыптасқан адамдар болмайды.

Менің ойымша, сіз атап көрсеткен барлық жағымсыз қасиеттер қазақ социумының қазіргі өркениетті, «қалыпты» өмірге деген өшпенділігінің көрінісі болып табылады. Бір жағынан, бұл қорғаныс механизмі, біздің отандастарымызға нақты іс-әрекеттер жасаудың орнына жабайы адамдар тәрізді көз бояушылыққа мүмкіндік беретін нәрсе болып табылады.

Ұзақ және тұрақты құрылыс салудың орнына, біз парақорлық жолымен жүрудеміз. Мақтану – ішкі кешеннің толық жетілмеушіліктің көрінісі. Біз өзімізге және айналадағы адамдарға өзіміздің ауқаттылығымызды дәлелдеуге ұмтыламыз, және мұны әрдайым жасауға тырысамыз. Бұл өзін-өзі алдау. Балалар ойыны. Бірақ оны менің қандастарымның басым көпшілігі ойнайды.

Дегенмен, нақты өмір бұнымен шектелмейді. Елімізді бақылаушы қонақтары біздің тұрмыста да «алдау мәдениеті» орнағанын атап өтеді. Айта кетерлігі, жергілікті таксист ресейлік әжені бейітке бес есе тарифпен апарады, ал саудагер базарда жұмыс істемейтін сантехниканы сатқанда бұл эксклюзивті тауар деп айтады. Ал жоғары трибунадан біреу біз алдыңғы қатарлы елдердің ішіндеміз және біздің тауарлар (олар қайда?) – дүние бойынша ең үздікпіз деп хабарлайды. Біз барлығымыз да бір алдау өрісінің жидектерміз.

Мұның бәрі соншалықты қайғылы болмаса, өте қызық болар еді.

Оны қалай жоюға болады? Жауап айқын. Біз өркениетті ортада неғұрлым ұзағырақ болсақ (60 жыл бұрын, 50 жыл бұрынғы сияқты, сол кезде біздің адамдық энергетикамен байланысты болмаса да, біз бәрібір әлеуметтік-экономикалық үдеріске кірдік), неғұрлым қазіргі дамудың барлық процестеріне қатысатын болсақ, соғұрлым тезірек өзгере аламыз. Немесе керісінше. Мен жақсысына үміттенемін.

2. Менің ойымша, бұл қазақтардың қалыптасқан, тамыр рулық-тектік психологиясына байланысты. Ол ескі киім сияқты нәрсе емес, оны жай ғана шешіп, тастай салуға болмайды. Өкінішке орай, бұл қазақ қоғамын басқаратын негізгі ішкі суперқұрылым. Осы рулық-тайпалық психология шеңберінде, әрине, олардың, мысалы, осы рулық-тайпалық тізімге енгізілмеген басқалардың (сол қазақтардың) есебінен «өздерінікін» алға итермелеп және көтергені үшін ешқандай остракизмге ұшырамайды.

Мұндай жүйеде, осы патриархалдық архаикада табыс, мансап – бұл көбінесе жеке қасиеттердің жиынтығы емес немесе адам өзін өзі қалыптастырған жағдай емес, «үлкен» адамдардың мақұлдау жүйесі. Сондай-ақ, бұл рәсімді және рәсімді емес ережелерді сақтау жүйесі, құрметтеу және бөлу жүйесі, өз ортасындағы туыстары мен түрлі рәсімді емес көшбасшылардың мәнін есепке алу жүйесі. Ал сондықтан қалалық, капиталистік дамудың барлық бағыттарда шығармашылық пен өзін-өзі көрсетуге арналған кеңістік ретінде елестететін нұсқасы бізде жұмыс істемейді. Бізде міндетті түрде осы жазылмаған ережелерді сақтау қажет. Және ең парадоксалдысы – шын мәнінде біздің мансаптарымыз оларға қарамастан емес, керісінше осы барлық нәрселерді ескерумен ғана алынады. Ал егер дәлірек айтсақ, олардың негізінде алынады.

Өкінішке орай, бұл шындық та, қайғы да, біздің қоғамның ерекшелігі де. Пайдакүнемдіктің арқасында жасалған қылмыстардың өзін (егер ол адам байып, өз адамдарына да дәл солай істеуге мүмкіндік берсе) төзімділікпен қабылданған феноменді тек осылайша түсіндіре аламын.

Бұған «мемлекеттілік» және «ойлаудың мемлекеттік деңгейі» санаттарын түсінудің болмауын қосуға болады. Ал егер тайпалық тәсіл үстемдік болса, олар қайдан пайда болуы мүмкін?..

3. Жауап өте қарапайым және айқын. Біз өз күш-жігерімізді өзімізді өзгертуге, бізді қоршаған әлемдегі ең жақсысын ұйреніп, қабылдау қажеттігіне шоғырландыруымыз керек. Өзімізді өзгерту бойынша қажырлы еңбек етуіміз басқа этностарда – үлкен және кіші этностар тарапынан құрметке ие болады. Әйтпесе... Неғурлым біз ерекшеміз, тарихи тұрғыда ежелгіміз, құдайдың таңдаулысымыз (демек, бізге бүгін ештеңе істеудің қажеті жоқ, және бізге бәрі тек қана таңданады) деп қайталап айта беретін болсақ, соғұрлым көбірек бізді мазақтайды, тіпті менсінбейтін болады. Бізді, шын мәнінде, өзінің казіргі өмірі мен болашағына көнген, икемсіз, көп сөйлейтін халық ретінде қабылдайтын болады. 

Мұнда салыстыруға лайықты мысал. Кішкентай Эстония бір уақытта сандық экономикада көшбасшы болды. Және біз қолданатын түрлі мессенджерлер осы елде әзірленуде. Мұндай озық технологиялар тек қана үздіксіз оқып жүргендерде пайда болуы мүмкін. Бұл ретте экономикалық және әлеуметтік шиеленіс жағдайында, өте бір мәнді саяси жүйе жағдайында 70-60 жыл бұрын тірі қалу амалын іздестіре отырып, аталарымыз бен әкелеріміз басты жолды айқындай алды  –  оқу, оқу және оқу. Алайда ол қандай да бір жақсы мансап және басқа да статусты заттар үшін емес, тек басқалардан нашар болмау үшін. Өйткені олар үшін жабайы болу масқара.

Міне осындай сезім біздің қоғамға да, әрқайсымыздың санамызға да сінген кезде  біз де өзімізді құрметтей бастаймыз, басқалар да бізді құметттейтін болады…

Комментарии