ВОСКРЕСЕНЬЕ, 18 НОЯБРЯ 2018 ГОДА
1118 1-10-2018, 17:57

Глава МИД рассказал в ООН о 6-м Съезде лидеров мировых и традиционных религий

СІМ басшысы БҰҰ-да Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі туралы хабарлады


Основные задачи и значение предстоящего 10-11 октября в Астане 6-го Съезда лидеров мировых и традиционных религий представил Министр иностранных дел Кайрат Абдрахманов на министерской встрече «Группы друзей» Альянса цивилизаций ООН в рамках проходящей в Нью-Йорке 73-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН.

«Предстоящий съезд будет посвящен роли религиозных лидеров в поддержании безопасного мира. Мы рассчитываем на достижение духовными лидерами содержательных результатов во благо укрепления доверия и взаимного уважения, борьбы с религиозным экстремизмом и построения безопасного мира», - отметил К. Абдрахманов на заседании. Он проинформировал об участии в форуме религиозных и политических лидеров, руководителей международных организаций и представителей гражданского общества.

Глава Альянса цивилизаций, высокий представитель Насир Абдулазиз аль-Насер сообщил во время заседания о том, что примет участие в 6-м Съезде лидеров мировых и традиционных религий в Астане в качестве Спецпосланника Генерального секретаря ООН Антониу Гутерриша.

Касаясь главной темы министерской встречи «Группы друзей» Альянса цивилизаций ООН «Построение мостов: Использование «мягкой силы» для продвижения культуры мира», К. Абдрахманов отметил, что инструменты «жесткой силы» исчерпали свои первоначальные ограниченные цели, жизнь показала, что их успех временный, а использование военной силы порождает новое насилие. Наиболее эффективными основными средствами «мягкой силы» с долгосрочным воздействием являются те, что способствуют продвижению толерантности, образования, распространению позитивных человеческих ценностей – главные элементы предотвращения конфликтов и поддерания социального единства.

В этом контексте К. Абдрахманов рассказал о казахстанской программе модернизации общественного сознания «Рухани жаңғыру», направленной на сохранение национальной идентичности и дальнейшую интеграцию Казахстана в общемировую культурную среду. Он также обратил внимание на предпринимаемые Казахстаном меры по продвижению мира и стабильности в регионе Центральной Азии, в том числе путем выделения средств на обучение в нашей стране студентов из Афганистана и участия в совместном с Узбекистаном и Европейским союзом проекте по обучению афганских девушек в ВУЗах Казахстана и Узбекистана.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йоркте өткізілген 73-ші сессиясының аясында БҰҰ Өркениеттер Альянсының «Достар тобының» министрлер кездесуінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 10-11 қазанда Астанада өтетін алдағы VI съезінің негізгі міндеттері мен маңызы туралы баяндады.

«Алдағы съезд қауіпсіз әлемді сақтауда діни лидерлердің рөліне арналған. Рухани көшбасшылардың сенім мен өзара құрметтеуді нығайтуға, діни экстремизмге қарсы күрес және қауіпсіз әлемді құруға қол жеткізетіндігіне сенім артамыз», - деді Қ.Әбдірахманов кездесу барысында. Қ.Әбдірахманов діни және саяси көшбасшылар, халықаралық ұйымдардың басшылары және азаматтық қоғам өкілдерінің форумға қатысқандығын атап өтті.

Өркениеттер Альянсының басшысы, жоғары өкіл Насир Абдулазиз әл-Насер кездесу барысында Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне БҰҰ Бас хатшысы Антонио Антониу Гутерриштің арнайы өкілі ретінде қатысатынын айтты.

Қ. Әбдірахманов «Байланыстарды орнату: бейбітшілік мәдениетін ілгерілету үшін жұмсақ күшті пайдалану» атты БҰҰ Өркениеттер Альянсының «Достар тобының» министрлік кездесуінің негізгі тақырыбына байланысты «қатты күш» құралдарының бастапқы шектеулі мақсаты аяқталғандығын, олардың табысы уақытша екендігін тәжірибе көрсеткендігін және әскери күш қолдану жаңа зомбылық тудыратындығын атап өтті. Жанжалдарды болдырмаудың және әлеуметтік бірлікті нығайтудың негізгі элементтері болып саналатын толеранттылық, білім беру, позитивті адами құндылықтарын ілгерілетуге ықпал ететін құралдар ұзақ мерзімді әсері бар «жұмсақ күштің» ең тиімді құралдары болып табылады.

Осы тұрғыда, Қ. Әбдірахманов ұлттық бірегейлікті сақтауға және Қазақстанның жаһандық мәдени ортаға одан әрі ықпалдасуына бағытталған қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы айтып берді. Сонымен қатар, Министр Ауғанстан студенттерінің елімізде оқуына қаражат бөлу және ауған қыздарын Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында оқытуға бағытталған Өзбекстан мен Еуропалық Одақпен бірлескен жобаға қатысуды қоса алғанда Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты дамытуға бағытталған шараларына назар аударды.

Комментарии